Е0(Сu2+/Cu)=+ 0,34B,Е0(2H+/H2) =0B: Cu(қ) +2H+ (сулы)↔ Cu2+ (сулы)+ H2(г) а) өздігінен жүреді;
б) өздігінен жүрмейді; в) қайтымды;
г) біртекті.
Температурасы 250С- та қайтымды жағдайда жұмыс істейтін гальваникалық элементтің ЭҚҚ-сі 00С температураға қарағанда жоғары. Бұл элемент жұмыс істеу барысында жылу бөледі ме, сіңіреді ме?
а) шығарумен; б) сіңірумен;
в) шығару да, сіңіру де болмайды;
г) дұрыс жауап үшін қосымша берілгендер керек.
7 ТАРАУ. ХИМИЯЛЫҚ КИНЕТИКА
§7.1Химиялықреакциялардыңжылдамдығы
Химиялық термодинамика заңдары берілген жағыдайда мүмкін болатын химиялық процестердің жүру бағыты мен шегін, сонымен қатар оның энергетикалық тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ термодинамика берілген процесс қалай жүзеге асатыны және қандай жылдамдықпен болатындығы сұрақтарына жауап бере алмайды. Бұл сұрақтар – химиялық реакцияның механизмі мен жылдамдығы – химиялық кинетиканың сонымен қатар жылдамдықтың әр түрлі факторлардан тәуелділігінің мәні болып табылады.
Химиялықреакциялардыңжылдамдығыкөлембірлігіндегі(гомогендіреакцияларүшін)жәнебеттіңбірлігіндегі(гетерогендіреакцияларүшін)уақытбірлігіндеөтетінхимиялықреакциялардыңэлементарлыактісініңсаныболыптабылады. Химиялық реакциялардың жылдамдығы уақыт бірлігінде әрекеттесетінзаттардыңконцентрацияларыныңөзгеруі болыптабылады. Бірінші анықтама қатаң болып табылады; мұнда химиялық реакцияларды көлем немесе беттің бірлігіне қатысты – электрөткізгіштіктің, оптикалық тығыздықтың, диэлектрлік өткізгіштіктің және т.б. және т.с.с. қайсы бір әрекеттесетін заттың бөлшек санына тәуелді жүйе күйінің кез-келген параметрін уақыт бойынша өзгеріс ретінде бейнелеуге болады.
Бірақ, химияда көбінесе реагенттердің концентрациясының уақытқа тәуелділігі жиі қарастырылады. Бір бағыттағы (қайтымсыз) химиялық реакциялар жағыдайында (мұнда және ары қарай тек бір бағыттағы қарастырылады) әлбетте, бастапқы заттардың концентрациясы уақыт бойынша әрқашан азаяды (ΔСбаст. < 0), ал реакция өнімінің концентрациясы көбейеді (ΔСөнім > 0).
Белгілі бір уақыт аралығында химиялық реакцияның орташа жылдамдығы (V) мына формуламен есептеледі:
Vc2 c1 2 1 с1, с2 – 1 және 2 уақыт кезіндегі заттардың концентрациялары
Берілген уақыт кезіндегі шын жылдамдық (Vшын) келесі теңдеумен анықталады: