ҚҰлажанов қ. С., Таусарова б. Р



бет97/118
Дата07.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#72359
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   118
Байланысты:
??ëàæàíîâ ?. Ñ., Òàóñàðîâà á. Ð

§85 Ферменттік катализ.
Ферменттік катализ – ферменттер – белоктық табиғаттың биологиялық катализаторлары қатысында жүретін каталиттік реакциялар. Ферменттік катализге тән екі ерекшелігі бар:

  1. Жоғары белсенділігі, бейорганикалық катализаторлардың белсенділігін біршама ретке арттырады, бұл ферменттермен активтену энергиясының төмендеуімен түсіндіріледі. Fе2+ иондарымен катализденетін сутегі асқын тотығының ыдырау реакциясының жылдамдық константасы 56 с-1 құрайды; каталаза ферментімен катализденетін осы реакцияның жылдамдық константасы 3,5·107с-1 құрайды, яғни фермент қатысуындағы реакция миллион есе тез жүреді (активтену энергиялары сәйкес 42 және 7.1 кДж/моль құрайды). Қышқыл

және уреаза қатысында жүретін мочевина гидролизінің жылдамдық константасын 7.4·10-7 және 5·106 с-1құрай отырып (активтену энергияларының шамасы сәйкес 103 және 28 кДж/моль құрайды), он үш реттікке бөледі,

  1. Жоғары арнайылығы. Мысалы, бірдей глюкоза тізбегін көрсететін амилаза крахмалдың ыдырау процесін катализдейді, бірақ молекуласы глюкозалық және фруктозалық фрагменттерден тұратын сахарозаның гидролизін катализдемейді.

Ферментативтік катализ механизмі туралы жалпыға ортақ түсінікке сәйкес, бос фермент бөлінуімен Р реакциясының өніміне салыстырмалы жай ыдырайтын, өте тез түзілетін FS фермент-субстратты кешенімен S субстраты және F ферменті тепе-теңдікте болады, яғни, фермент-субстратты кешеннің реакция өнімдеріне ыдырау стадиясы анықталатын жылдамдық (лимиттелетін) болып табылады.
F + S <––> FS ––> F + P


Ферменттің өзгермейтін концентрациясы кезінде ферментативтік реакция жылдамдығының субстрат концентрациясынан тәуелділігін зерттеу субстарт концентрациясының көбеюімен реакция жылдамдығы алдымен жоғарылап, сосын өзгермейтінін (5 сур.) көрсетеді және реакция жылдамдығының концентрациядан тәуелділігі келесі теңдеумен өрнектеледі:

мұнда Кm – Михаэлис константасы, V = ½Vmax кезінде субстрат концентрациясына сан жағынан тең. Михаэлис константасы субстрат пен фермент арасындағы ұқсастық өлшемі қызметін атқарады: Кmаз болса, фермент-субстраттық кешен түзілуіне олардың қабілеттілігі көп болады.


Ферменттердің әсеріне тән ерекшелігі сыртқы жағыдайларға ортаның рН мен температураға ферменттердің белсенділігінің жоғары сезімталдығы болып табылады. Ферменттер рН пен температураның тек жеткілікті тар аралығында белсенді, ферменттер үшін рН пен температураның кейбір тиімді мәнінде осы аралықта белсенділіктің максимумы болады; бұл мәннен екі жақта ферменттердің белсенділігі тез төмендейді.

Сур. 8.5 Ферментативтік реакция жылдамдығының субстрат концентрациясынан тәуелділігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет