ҚҰлажанов қ. С., Таусарова б. Р


Жай реакциялар үшін активтену энергиясы бойынша ең тез жылдамдықты анықтау (ең жоғары жылдамдықты)?



бет94/118
Дата07.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#72359
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   118
Жай реакциялар үшін активтену энергиясы бойынша ең тез жылдамдықты анықтау (ең жоғары жылдамдықты)?

а) Ea – 100 кДж/моль б) Ea – 50 кДж/моль
в) Ea –152 кДж/моль

г) Ea – 120 кДж/моль



  1. Сәулелену әерінен жүретін толқын ұзындығы көрінетін сәулеге жақын реакциялар:

а) тізбектік;
б) фотохимиялық; в) қосарланған;
г) гетерогенді.



  1. А В С реакциясы жатады:

а) тізбектік:
б) кезекті,
в) параллелді;
г) фотохимиялық.



  1. Келтірілген реакциялардың қайсысы кезекті реакцияға жатады?

а) С18H32O14C6H12O6+C12H22O11 3C6H12O6 б) KСlO3 2KCl + 3O2
в) 2NO + H2 N2O + H2O
г) CH3OCH3CH4 + H2 + CO2



  1. Тізбекті химиялық реакциялар дегеніміз не?

а) радикалдар қатысуымен үнемі қайталанатын элементар реакциялар қатары арқылы;
б) бір уақытта бірнеше стадияларда; в) ферменттер әсерінен;
г) электромагнитті тербелістер әсерінен.

  1. Радикалдар қатысуымен реакциялардың тізбекті ауысу есебінен бастапқы заттар өнімге айналу процесі:

а) тізбекті;
б) қосарланған; в) бір ізді;
г) параллельді.

  1. Егер жүйеде бір уақытта бірнеше реакциялар жүрсе, басқа реакциялардың жүруі жағыдайында мүмкін болатын реакциялар:

а) фотохимиялық;
б) қосарланған; в) тізбекті;
г) гетерогенді;



  1. Өздігінен өтетін жүйе жүретін химиялық реакциялардан тұратын, біріншісі жоқ кезде іске асатын сол жүйеде басқа химиялық реакциялардың жүруін тудыратын құбылыс:

а) катализ;
б) ингибирлеу;
в) химиялық индукция; г) иницирлеу;



  1. Үлкен кванттық шығым ... реакцияларға тән:

а) гомогенді:
б) гетерогенді; в) тізбекті;
г) қосарланған.



  1. Фотохимиялық реакцияның жүруінің негізгі шарттарын көрсетіңіз.

а) көрінетін жарыққа жақын толқын ұзындығымен сәулеленуі; б) жүйенің қызуы;
в) жоғары қысым;
г) катализатордың болуы;



  1. Бос радикалдардың әсерінен жүзеге асатын фотохимиялық реакциялар:

а) жоғары энергияның сәулеленуі; б) сәуленің;
в) белсенді бөлшектердің;
г) әрекеттесетін заттардың химиялық өзгерістері.
8 ТАРАУ. КАТАЛИТИКАЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР
§ 8.1 Катализ туралы негізгі түсініктер

Берілген температурада химиялық реакцияның жылдамдығы белсендірілген кешеннің түзілу жылдамдығына тәуелді, ол өз кезегінде активтену энергиясының шамасына тәуелді. Белсендірілген кешеннің көптеген химиялық реакцияларының құрылымына стехиометриялық реагент болып саналмайтын заттар кіруі мүмкін; бұл жағыдайда процестің активтену энергиясының шамасы да өзгереді. Реакция бірнеше ауыспалы жағыдайы бар кезде негізінен аз белсенділік кедергісі жолымен жүреді.


Катализ жағыдайы мен саны реакциядан кейін өзгеріссіз қалатын заттар қатысында химиялық реакциялар жылдамдығының өзгеру құбылысы.
Оң және теріс катализді ажыратады (сәйкес реакция жылдамдығының көбеюі мен азаюы), дегенмен "катализ" терминін тек оң катализ; теріс катализді ингибирлеу деп атайды. Белсенді кешеннің құрылымына кіретін, бірақ реагент болып табылмайтын заттарды катализатор деп атайды. Барлық катализаторлар үшін арнайылылық пен таңдамалылық сияқты жалпы қасиеттер тән.
Катализатордың арнайылылығы тек бір ғана реакцияны немесе бір типті реакциялардың топтарын жеделдету қабілетімен тұжырымдалады. Мысалы, көптеген ауыспалы металлдар (платина, мыс, никель, темір және т.б.) гидрлену реакциясы үшін катализаторлар болып табылады, алюминий оксиді гидратациялану реакциясын катализдейдіжәне т.б.
Катализатордың таңдамалылығы – берілген жағыдайдағы параллель реакцияларда мүмкін болатын біреуін жылдамдату қабілеттілігі. Осыған байланысты, әртүрлі катализаторлар пайдалан отырып, сол бастапқы заттан әр түрлі өнімдер алуға болады:

[Cu]: СО + Н2 → Н3ОН [Al2О3]: С2Н5ОН → С2Н4 + Н2О [Cu]: С2Н5ОН → СН3СНО + Н2


[Ni]: СО + Н2 → СН4 + Н2О
Оң катализ кезінде реакция жылдамдығының артуының себебі катализатор қатысында белсенді кешен арқылы реакция жүру кезінде белсенділік энергиясының азаюы болып табылады.
Аррениус теңдеуіне сай химиялық реакция жылдамдығының константасы белсенділік энергиясы шамасынан экспоненциалды тәуелділікте тұрғандықтан, соңғысының азаюы жылдамдық константасының көбеюін тудырады. Шындығында, егер каталиттік және каталиттік емес реакциялардағы Аррениус теңдеуіндегі (7.8) экспоненциал алды көбейткіштер жақын болса, жылдамдық костантасының қатынасы үшін келесіні жазуға болады:

(8.1)
Егер ΔEA = –50 кДж/моль болса, онда жылдамдықтар константасының қатынасы 2,7·106есені құрайды (шындығында, тәжірибеде EAбұлай азаюы реакция жыдлдамдығын шамамен 105есеге көбейтеді).


Катализатордың болуы, процесс нәтижесінде термодинамикалық потенциалдың өзгерісінің шамасына әсер етпейтіндігін атап көрсетуге болады, соған сай, ешқандай катализатор термодинамикалық мүмкін болмайтын процестің өздігінен жүруін болдыра алмайды (ΔG (ΔF) нөлден жоғары процесстің). Катализатор қайтымды реакция үшін тепе-теңдік константасының шамасын өзгерте алмайды; катализатордың әсері мұндай жағыдайда тек тепе-теңдік жағыдайға жетуді тездету болып саналады.
Реагенттер мен катализатордың фазалық жағыдайына байланысты гомогенді және гетерогенді катализ деп ажыратады.

Сур.8.1 Химиялық реакцияның катализаторсыз (1) және катализатор қатысындағы (2) энергетикалық диаграммасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет