Қайтымды химиялық реакциялар - тіке (өнім алу) жүретін және кері (бастапқы заттардың түзілуі) жүретін реакциялар арасында тепе-теңдік орнайды, яғни тіке және кері бағытта жүретін реакциялар.
Осмос – еріткіштің жартылай өткізгіш (мембрана) арқылы еріткіштен ерітіндіге немесе аз концентрлі ерітіндіден көп концентрлі ерітіндіге өздігінен өту процесі.
Осмостыққысым - жартылай мембрана арқылы еріткіштің молекулаларының өтуін мәжбүрлейтін аудан бірлігіндегі күш.
Параллель жүретін химиялық реакциялар– бастапқы заттар біруақытта әр түрлі жолдармен өнімге айналатын реакциялар.
Күйпараметрлері – термодинамикалық тепе-теңдік жағыдайындағы термодинамикалық жүйе күйін сипаттайтын физикалық шамалар (қысым, температура, көлем, жылу сыйымдылық және т.б.).
Парциал қысым –компоненттің парциал қысымы берілген температурада газ қоспасы алатын көлемді бір компонент алатын қысымы.
Иондардың қозғалмалылығынемесеиондықэлектрөткізгіштік – иондардың электрөткізгіштігі (катиондардың және аниондардың).
Полярлану – молекуладағы электрондардың және (немесе) атомдардың ығысуы, сонымен қатар сыртқы электр өрісі әсерінен молекулалардың бағытталуы.
Жанужылуы – берілген қосылыстың оттекпен осы қосылыстың элементтерінің жоғары оксидтер түзе отырып жүретін тотығу реакциясының жылу эффектісі.
Термиялық талдау – заттың температурасының өзгеруін бағдарламалау жағыдайындағы химиялық өзгерістер, физико-химиялық процесстерді, соның ішінде фазалық ауысулар зерттеу (балқыманы суытқанда немесе қатты затты қыздырғанда).
Термодинамика– макроскопиялық жүйеде энергияның барлық формаларының айналуын қарастыратын ғылым.
Термодинамикалықықтималдық – берілген макрокүй көмегімен жүзеге асатын микрокүйлердің саны.
Термодинамикалық жүйе- термодинамикада қарастырылатын зат ретінде сыртқы ортадан шын немесе жорамалданған шекарасы арқылы бөлінген, жекешеленген макроскопиялық денелердің бірлестігі.