ҚҰлажанов қ. С., Таусарова б. Р


Катализатор белсенділігін көбейтетін зат



бет100/118
Дата07.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#72359
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   118
Катализатор белсенділігін көбейтетін зат:

а) ингибитор; б) промотор; в) акцептор; г) индуктор.

  1. Толықтай немесе жартылай қосылуы катализатор белсенділігін жоятын зат:

а) каталитикалық улы зат; б) промотор;
в) акцептор; г) актор.



  1. Қатты фаза бетінде өздігінен концентрленетін зат:

а) ингибирлеу; б) активтену;
в) адсорбциялану; г) десорбциялану.



  1. Катализатор-ферменттер қандай реакциялар үшін пайдаланылады?

а) жай;
б) күрделі;
в) биохимиялық; г) қосарланған.



  1. Ферменттер дегеніміз не? Ферменттер - бұл катализаторлар:

а) табиғи (белоктар); б) металлокомплексті;
в) полисахаридтер топтары;
г) карбон қышқылдардың күрделі эфирлері.



  1. Ингибиторлар бұл:

а) химиялық реакциялардың жылдамдығын тездететін заттар;
б) химиялық реакциялардың таңдамалылығын жоғарылататын заттар; в) химиялық реакциялардың жылдамдығын төмендететін заттар;
г) процестің таңдамалылығын төмендететін заттар.



  1. Промоторлар - бұл:

а) катализаторлар;
б) каталитикалық белсенділікті төмендететін заттар;
в) каталитикалық белсенділікті жоғарылататын қоспалар; г) катализатор бетінің құрылымына әсер етпейтін қоспалар.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ



    1. аралық бақылау




  1. Молекуланың полярлығы. Полярлы және полярсыз молекулаларға мысал келтіріңіздер.

  2. Диполь моменті. Жалпы алғанда молекуланың полярлығын қандай факторлар анықтайды?

  3. Полярланудың түрлері. Олар температурадан және электр өрісінің жиілігінен қалай тәуелді болады? Деформациялық полярлану.

  4. Молярлық және меншіктік рефракцияны есептеу. Аддитивтілік ережесі. Рефракцияның аддитивтілігі.

  5. Термодинамикалық жүйелер (ашық, тұйық және оқшауланған).

  6. Термодинамиканың бірінші заңының анықтамалары.

  7. Қайтымды және қайтымсыз процесстер.

  8. Термодинамикалық күй және процесстің функциялары.

  9. Стандартты түзілу және жану жылуы.

  10. Реакцияның жылу эффектісі. Гесс заңы мен салдары.

  11. Стандартты түзілу және жану жылуы арқылы қалай есептеледі?

  12. Жүйенің энтальпиясы мен ішкі энергиясы арасындағы байланыс.

  13. Меншікті, молярлы және шын жылу сыйымдылық қалай аталады?

  14. Идеал газ үшін молярлы жылу сыйымдылық Сv және СР қатынастар.

  15. Жылу эффектісінің (дифференциалды түрде) температурадан (Кирхгоф заңы) тәуелділігінің теңдеуі.

  16. Жылу эффектісінің температурадан тәуелділігі. Жылу сыйымдылық.

  17. Термодинамиканың екінші заңының анықтамалары.

  18. Қайтымды және қайтымыз процестер үшін термодинамиканың екінші заңының аналитикалық теңдеуін жазыңыз.

  19. Қайтымды және қайтымыз процестер үшін термодинамиканың бірінші және екінші заңдарының біріккен теңдеуін жазыңыз.

  20. Фазалық айналу (булану, балқу, айдау) процесіндегі энтропия өзгерісін қалай анықтайды?

  21. Қайтымсыз процестің жылуы мен энтропиясы арасындағы математикалық қатынасты жазыңыз.

  22. Оқшауланған және оқшауланбаған жүйеде процесстің энтропия өзгерісі мен бағыты.

  23. Энтропия жүйенің термодинамикалық ықтималдығымен қалай байланысқан?

  24. Сипаттамалық және термодинамикалық потенциалдар.

  25. Ішкі энергия, процесстің бағытталуы.

  26. Энтальпия мен процесстің өздігінен жүруі.

  27. Оқшауланбаған жүйеде тұрақты V және Т; Р және Т процесстің бағытын анықтайтын күй функциясы.

  28. Химиялық потенциал және процесстің бағытталуы.

  29. Химиялық тепе-теңдік сипаттамасы. Диссоциация дәрежесі мен қысым арқылы бейнеленген тепе-теңдік константасы.

  30. Әрекеттесуші массалар заңы тепе-теңдік константасы. Тепе-теңдік константасын есептеу әдістері.

  31. Кс және Кр тепе-теңдік константаларына әсер ететін факторлар.

  32. Заттар идеалды газ тәрізді күйде болса, Кс және Кр тепе-теңдік константалары арасындаға қатынас.

  33. Изобара, изохора, изотерма теңдеулері.

  34. Фазалық тепе-теңдіктің жалпы термодинамикалық жағыдайлары.

  35. Фаза, компонент, термодинамикалық еркіндік дәрежесінің саны.

  36. Бір компонентті және көпкомпонентті жүйе күйінің диаграммасында Гиббс фазалар ережесі.

  37. Су күйінің диаграммасы және фазалардың қатар болу облысы. Үштік (универсал) нүкте.

  38. Сыртқы факторлардан тек Р мен Т әсер ететін жүйелер үшін Гиббс фазалар ережесі.

  39. Клапейрон — Клаузиус теңдеуі.

  40. Термиялық талдау. Жай эвтектикамен диаграмма күйі.




    1. аралық бақылау




  1. Идеал және шын ерітінділер үшін Рауль заңының анықтамасы. Рауль заңынан ауытқулардың себебі.

  2. Таза еріткішпен салыстырғанда ерітіндінің қату температурасының төмендеуінің және қайнау температурасының жоғарылауының графикалық тәуелділігін көрсету.

  3. Криоскопиялық және эбуллиоскопиялық тұрақтылар еріткіш пен еріген зат қандай қасиетімен және қандай компонентімен анықталады.

  4. Коноваловтың бірінші заңы мен екінші заңы; оны p=f (құрам) T=const және T=f (құрам) р = const жағыдайдағы диаграммасын көрсетіңіз.

  5. Бинар қоспалар үшін жалпы және парциал қысымның құрамнан тәуелділік графигін сызу және талдау.

  6. 0,005М глюкоза мен натрий сульфаты сулы ерітінділерінің қайсысының осмостық қысымы көп (бірдей температурада) больше?

  7. Р және Т тұрақты болғанда шын ерітінділердің өздігінен түзілуінің термодинамикалық шарттары.

  8. Электролиттің меншікті және эквивалентті өткізгіштігі .Меншікті электр өткізгіштіктің эквиваленттік өткізгіштіктен тәуелділігі.

  9. Кольрауштың тәуелсіз иондар қозғалысы заңы .

  10. Электродтардың түрлері. I және II ретті электродтарға мысалдар келтіріңдер.

  11. Стандартты электродтық потенциал, ЭҚК дегеніміз не?

  12. Якоби – Даниэль элементінің құрылысы. Нернст теңдеуі.

  13. Концентрациалық гальваникалық элементтер, олардың ЭҚК есептеу.

  14. Тотығу-тотықсыздану электродтары , редокс потенциал.

  15. Химиялық кинетиканың негізгі түсініктері. Реакциялардың кинетикалық сипаттамалары.

  16. Химиялық реакцияның молекулалығы. Қандай белгілеріне қарай реакциялар ретке бөлінеді? Реакция молекулалығының реттен айырмасы қандай ?

  17. Химиялық реакция жылдамдығының температурадан тәуелділігін қарастырыңыз.

  18. Активтендіру энергиясы дегеніміз не? Оның физикалық мәнін көрсетіңіз.

  19. Бірінші, екінші, үшінші ретті реакция үшін әрекеттесетін заттардың концентрация өзгерісінің кинетикалық теңдеуін көрсетіңіз және талдаңыз.

  20. Жартылай айналу периоды және бірінші, екінші ретті реакцияларға жылдамдық константасының байланысы.

  21. Химиялық реакция жылдамдығына температура әсерін қарастыру.

  22. Активтену энергиясы, физикалық мәні және оны есептеу.

  23. Активті қоса соғылу теориясының негізгі қағидаларын қарастырыңдар. Белсенді кешен түсінігі.

  24. Параллель және кезекті реакциялар. Мысалдар келтіріңіз.

  25. Тізбекті реакциялардың сипаттамалық белгілері мен ерекшеліктерін атап көрсетіңіздер.

  26. Катализ және катализаторлар. Гомогенді және гетерогенді катализдің негізгі белгілері мен ерекшеліктерін атап көрсетіңіз. Мысалдар келтіріңіз.

  27. Тізбекті және фотохимиялық реакциялар. Мысалдар келтіріңіз.

  28. Автокаталитикалық реакциялар. Ингибиторлар. Ферменттер. Химиялық реакциялардың инициаторлары қандай заттар.

  29. Бос радикалдар, оларды алу.

  30. Радиациялық-химиялық реакциялар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет