Генри– сұйық ерітіндідегі газ концентрациясының ерітінді үстіндегі осы газдың парциал қысымынан тәуелділігі.
Гесс–тұрақты қысымда немесе көлемде химиялық реакцияның жылу эффектісі бастапқы заттың және реакция өнімінің тек жағыдайы мен түріне тәуелді, бірақ ауысу жолына тәуелсіз.
Гиббс- Коновалов бірінші–бу неғұрлым ұшқыш компонентпен қанығады.
екінші –азеотропты бөлек емес қайнайтын қоспалардың болуы және жүйе құрамының диаграммасындағы олардың нүктелерінің орналасуы
әрекеттесуші массалар заңы: күрделі химиялық реакциялардың жай немесе элементарлы стадияларының жылдамдығы реакция теңдеуіндегі сәйкес заттардың стехиометриялық коэффициенттерінің дәрежесімен алынған әрекеттесуші заттардың концентрацияларының туындысына тура пропорционал.
иондардың қозғалысының тәуелсіздігі(Кольрауш заңы): шексіз сұйылтқанда мольдік электрөткізгіштік иондық элктрөткізгіштіктердің қосындысына тең.
Кирхгофф – химиялық процестердің жылу эффектілерінің температурадан тәуелділігі.
Оствальд(сұйылту заңы) – әлсіз электролиттердің диссоциациялану константасын электрөткізгіштік арқылы анықтау.
Рауль – ерітінді үсіндегі қысымның салыстырмалы төмендеуі еріген заттың мольдік үлесіне тең.
Химиялық реакциялардың изобарасы– изобаралы жағыдайда (қысым тұрақты болғанда) тепе-теңдік константасының температураға тәуелділігі.
Химиялықреакциялардыңизотермасы теңсіздік жағыдайда химиялық реакциялардың бағытын сипаттайды.
Химиялық реакциялардың изохорасы – изохоралы жағыдайда тепе-теңдік константасының температураға тәуелділігі (көлем тұрақты болғанда).
Изотопиялық коэффициент – электролиттер ерітіндісіндегі еріген заттардың бөлшектерінің (иондар мен молекулалар) жалпы санының еріген молекулалар санына қатынасы, әрқашан бірден жоғары.