Азеотропты ерітінділер берілген концентрацияда құрамы тепе-теңдікте болатын сұйық және газ фазаларының теңдігімен сипатталатын ерітінділер.
Активтілік(белсенділік) – шын ерітінділердің концентрациясы идеал ерітінділердің термодинамикалық қасиеттерін иеленеді; шын ерітіндінің химиялық потенциалы үшін мәніне қоятын шама.
Активті (белсенді) бөлшектер молекулалар, атомдар, радикалдар, иондар энергиясы тең немесе активтілік энергиясынан жоғары, яғни химиялық әрекеттесуге қабілетті бөлшектер.
Ішкі энергия – жүйенің энергиясының жалпы қосынды қорын анықтайтын термодинамикалық функциялардың бірі.
Жартылайайналууақыты(периоды) – әрекеттесетін заттардың концентрациясы жартылай азаятын уақыт ағыны.
Гальваникалық элемент – электр тогын алу үшін химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын құрылғы.
Гельмгольц энергиясы(изохоралы-изотермиялық потенциал) - изохоралы- изотермиялық жағыдайдағы өздігінен жүретін және тепе-теңдіктегі процестің шартын анықтайтын жүйе жағыдайының термодинамикалық функциясы.
Гиббсэнергиясы (изобаралы-изотермиялық потенциал) - изобаралы- изотермиялық жағыдайдағы өздігінен жүретін және тепе-теңдіктегі процестің шартын анықтайтын жүйе жағыдайының термодинамикалық функциясы.
Диполь моменті (екі атомды молекулалардың химиялық байланысы) – зарядтардың орталықтары арасындағы осы зарядтардың туындысы; векторлық шама болып табылады; атом саны екіден көп молекулалар үшін байланыстардың диполь моменттерінің векторлық қосындысына тең.
Диссоциациялану– аз массасы бар молекулалардың, радикалдардың немесе иондардың бірнеше бөлшекке ыдырауы.
Дистильдену (айдау) – бу пайда болатын құрамнан сұйық құрамының өзгешелігіне негізделген сұйық қоспалардың компоненттерге бөлінуі.
Заңдар: Бугер-Ламберт-Бер–заттың сіңірген электромагниттік сәуле шығаруының инетенсивтілігін анықтау.