ҚҰлажанов қ. С., Таусарова б. Р



бет106/118
Дата07.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#72359
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   118
Байланысты:
??ëàæàíîâ ?. Ñ., Òàóñàðîâà á. Ð

Термохимиялық теңдеулер – реакцияның жылу эффектісін көрсететін, реакцияға қатысатын заттардың формуласымен қатар химиялық реакциялардың теңдеуі.
Теңдеулер
Аррениус – жылдамдық константасына температураға тәуелділігі.
Больцман – энтальпияның термодинамикалық ықтималдықтан тәуелділігін анықтау.
Гиббс-Гельмгольц температураға тәуелділігінен процесстің жүруінің өзгерісі.
Клапейрон-Клаузиус – фазалық ауысу кезіндегі жылу эффектісін анықтау.
Фаза – термодинамикалық тепе-теңдікте тұрған және химиялық құрамы мен термодинамикалық жағыдайына ұқсас, жүйе бөлімінің бірлігі.
Фазалық ауысу - термодинамикалық тепе-теңдікті сипаттайтын параметрлерді өзгерткенде жүйенің бір компонентінің бір фазалық жағыдайдан екінші фазалық жағыдайға ауысуы.
Ферменттер (энзимдер) – тірі организмдердегі процессті жеделдететін ақуыздық табиғаты бар биокатализаторлар.
Фотохимиялық реакциялар – жарық әсерінен иницирленетін реакциялар.
Фотохимия – жарық әсерінен заттардың химиялық айналуы туралы ғылым.
Фугитивтілік (ұшқыштық) – газ идеал күйді көрсететін шын газдардың парциал қысымы.
Күй функциясы – өзгеру тек жүйенің бастапқы және соңғы күйінен тәуелді, бір күйден екінші күйге ауысу жолына тәуелсіз функциясы.
Сипаттамалық функциялар – жүйенің барлық термодинамикалық қасиеттерінің анық түрлерін бейнелеу үшін жеткілікті мәндерінің немесе олардың әр ретті туынды мәндерінің функциялары. Бұл - ішкі энергия, энтальпия, энтропия, Гиббс энергиясы және Гельмгольц энергиясы.
Химиялық кинетика – химиялық процесстердің (химиялық реакциялардың) механизмі мен жылдамдығы туралы бөлім.
Химиялық ауыспалы – химиялық реакцияларда барлық компоненттер үшін бірдей және реакцияның толықтығын сипаттайтын компоненттің моль санының өзгерісінің стехиометриялық коэффициентке қатынасы; нөлден бірге дейін өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет