ҚҰлажанов қ. С., Таусарова б. Р


Қайтымды химиялық реакциялар



бет105/118
Дата07.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#72359
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   118
Байланысты:
??ëàæàíîâ ?. Ñ., Òàóñàðîâà á. Ð

Қайтымды химиялық реакциялар - тіке (өнім алу) жүретін және кері (бастапқы заттардың түзілуі) жүретін реакциялар арасында тепе-теңдік орнайды, яғни тіке және кері бағытта жүретін реакциялар.
Осмос – еріткіштің жартылай өткізгіш (мембрана) арқылы еріткіштен ерітіндіге немесе аз концентрлі ерітіндіден көп концентрлі ерітіндіге өздігінен өту процесі.
Осмостық қысым - жартылай мембрана арқылы еріткіштің молекулаларының өтуін мәжбүрлейтін аудан бірлігіндегі күш.
Параллель жүретін химиялық реакциялар – бастапқы заттар біруақытта әр түрлі жолдармен өнімге айналатын реакциялар.
Күй параметрлері – термодинамикалық тепе-теңдік жағыдайындағы термодинамикалық жүйе күйін сипаттайтын физикалық шамалар (қысым, температура, көлем, жылу сыйымдылық және т.б.).
Парциал қысым – компоненттің парциал қысымы берілген температурада газ қоспасы алатын көлемді бір компонент алатын қысымы.
Иондардың қозғалмалылығы немесе иондық электрөткізгіштік – иондардың электрөткізгіштігі (катиондардың және аниондардың).
Полярлану – молекуладағы электрондардың және (немесе) атомдардың ығысуы, сонымен қатар сыртқы электр өрісі әсерінен молекулалардың бағытталуы.
Жану жылуы – берілген қосылыстың оттекпен осы қосылыстың элементтерінің жоғары оксидтер түзе отырып жүретін тотығу реакциясының жылу эффектісі.
Термиялық талдау – заттың температурасының өзгеруін бағдарламалау жағыдайындағы химиялық өзгерістер, физико-химиялық процесстерді, соның ішінде фазалық ауысулар зерттеу (балқыманы суытқанда немесе қатты затты қыздырғанда).
Термодинамика – макроскопиялық жүйеде энергияның барлық формаларының айналуын қарастыратын ғылым.
Термодинамикалық ықтималдық – берілген макрокүй көмегімен жүзеге асатын микрокүйлердің саны.
Термодинамикалық жүйе - термодинамикада қарастырылатын зат ретінде сыртқы ортадан шын немесе жорамалданған шекарасы арқылы бөлінген, жекешеленген макроскопиялық денелердің бірлестігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет