Зертханалықжұмыс№2. Үш компонентті жүйеде сұйықтардың өзара ерігіштігін зерттеу
Жұмыстыңмақсаты:Берілген үш сұйықтың өзара ерігіштігін анықтап ерігіштік диаграммасын тұрғызу.
Аспаптарменыдыстар: тығынды пробирка — 8; бюретка - 3,50 мл бөлу құйғыштары, 30-50 мл тығыңды колба — 2 дана.
Реактивтер:А - ацетон, метил спирті, этил спирті, сірке қышқылы, диоксан; В – бензол, толуол, ксилол, хлороформ, төртхлорлы көміртек; С - су.
Егер үш сұйықты шартты түрде А, В, С арқылы белгілеп, олардың бәрін бір ыдысқа құйсақ, онда олар өзара ерігішгіктік негізгі үш түрін беруі мүмкін:
А, В және С заттары ішінара араласатын жұптарды құрайды, яғни ешқайсысы да басқаларда толық еріп араласпайды.
Берілген А, В және С үш заттарының арасында тек екі жұптары ғана бірі- бірінде ішінара ериді, мысалы, А заты В затында және А тағы да С да, ал келесі бір жұп айталық, В заты С да толық ериді, мысалы, А заты В затында және А тағы да С да, ал келесі бір жұп айталық, В заты С да толық ериді.
А, В және С үш заты бір- біріңде шектеулі араласатын сұйықтық бір жұбын, мысалы В заты С да, ал қалған екі жұбы, айталық, А-В да және А- С да толық және кез - келген катынаста араласады.
Енді шартты ұғымға нақтылы мән беріп көрейік. Ол үшін ацетоңды -А, бензолды - В, суды - С әріптері арқылы белгілейік. Бензол мен ацетон өзара шексіз араласса, бензол сумен өте шектеулі араласады, көбінесе олар араласпайтын қабат түзеді. Мұның есесіне ацетон сумен де, бензолмен де шексіз араласады.
Сонымен бензол мен суды қоссақ, екі қабатты сұйық пайда болады. Оның астыңғы бөлігі бензолдың судағы қаныққан, ал үстіңгісі бензолдағы судың қаныкқан ерітіндісінен тұрады. Бұған үшінші құрылым - А- ацетонды ептеп қоса бостаса, ол осы екі қабатта да бірдей араласып, ери бастайды және оның мөлшерін көбейткен сайын, белгілі бір қатынастар тұсында қабат шегі жойылып, үшеуі де біртекті ерітіндіге айналады.