Жұмыстың орындалу тәртібі:
Үш құрылымдық жүйенің ерігіштігін, әр түрлі құрамдағы екі сұйықтың гомогенді қоспасын, үшінші затпен титрлеу арқылы анықтайды. Титрлеу лайланғанша не ерімейтін қабаттың алғашқы тамшысы пайда болғанша жүргізеді; лайдың көрінуі екінші фазаның түзілуін, гомогенді жүйенің гетерогендіге түрленгенін нұсқайды. Мұны асқан сезімталдықпен байқап, мұқиат қадағалау нәтижесінде анықтайды. Ол үшін екі қатардағы тәжірибені жүргізеді. А мен В қоспаларын С затымен және А мен С қоспаларын В- мен титрлейді (лаборант не оқытушы нұсқауы бойынша). Бөліну аймағын көрсететін қисық айқын болуы үшін, мына құрамдағы екі сұйық қоспасын әзірлеген жөн:
А В
|
2
8
|
4
6
|
5
5
|
6
4
|
7
3
|
8
2
|
8
1,5
|
9
1
|
9,5
0,5
|
А В
|
2
8
|
4
6
|
5
5
|
6
4
|
7
3
|
8
2
|
8
1,5
|
9
1
|
9,5
0,5
|
Әрбір сұйықты жеке-жеке бюреткаға құяды. Әуелі А мен 1 сұйықтарын кестедегі рет бойынша бірнеше колбаға қоспалар жұбын бюреткадан құйьп, әрқайсысын С заты бар бюдреткамен титрлеп, оған кеткен мөлшерін анықтайды. Сонан соң екінші А мен С қоспаларын дайындап, оларды да В құйылғған бюреткамен титрлейді. Бұлардың нәтижесін кестеге жинақтайды:
№
|
Көлем, мл
|
Көлем
қосындысы
|
Көлемдік, %
|
VA
|
VB
|
VC
|
V
|
VA 100
V
|
V
A B 100
V
|
V
A C 100
V
|
1
2
…
|
|
|
|
|
|
|
|
Тест тапсырмалары
Фаза дегеніміз не? Фаза – бірдей сипатталатын жүйенің гомогенді бөлігі:
а) барлық нүктедегі химиялық потенциалдармен;
б)барлық нүкте параметрлеріндегі химиялық, физикалық және термодинамикалық қасиеттерімен сипатталады;
в) барлық нүктедегі қасиеттермен; г) барлық нүктедегі.
Фазалық диаграмма нені сипаттайды?
а) жүйе күйін;
б) фазалық тепе – теңдікті;
в) фазалық құрамының сыртқы ортаға тәуелділігін; г) аймағы мен тепе – теңдік фазаны.
Фигуративті нүктелер–бұл:
а) нодалар аяғында жататын және біртекті фазалардың құрамын бейнелейтін нүктелер;
б) жалпы құрамын, жүйенің болу жағыдайы мен шарттарын бейнелейтін диаграммадағы кез-келген нүктелер;
в) фазалық ауысу қисығында жатқан нүктелердің жиынтығы;
г) екі компонентті жүйедегі балқу диаграммасының гетерогенді облысында жатқан нүктелер.
Жүйенің диаграмма күйінде қанша фигуративті нүктелер болуы мүмкін?
а) 1; б) 5; в) 3; г) шексіз көп сандар.
Компонент дегеніміз не? Жеке химиялық заттар:
а) жүйеде бар;
б) химиялық қосылыс құрамына кіретін;
в) жүйенің құрам бөлігі болып табылатын, жүйеден бөлінетін және өздігінен бола алатын;
г) өздігінен бола алмайтын.
Берілген жүйеде қанша компонент бар екенін көрсетіңіз: СаО, СО2,
СаСО3
а) 0; б) 1; в) 2; г) 3.
Берілген жүйеде қанша компонент бар екенін көрсетіңіз: мұз кесегі салынған суы бар стакан
а) 2; б) 0; в) 1; г) 3.
Достарыңызбен бөлісу: |