46 . Криоскопия әдісі негізінде анықтауға болады: а) еркіндік дәрежесі санын; б) біртекті фазалар санын;
в) химиялық өзара әрекеттесу өнімініңбалқу температурасын;
г) еріген заттың молекулалық массасын және молекулалық жағыдайын.
Ерітіндіге жартылай өткізгіш жарғақ арқылы өтетін еріткіштің бір бағыттағы диффузия процесі:
а) диализ;
б) ультрафильтрация; в) осмос;
г) электродиализ.
Т = const кезіндегі сұйылтылған ерітінділердің осмостық қысымы: а) еріген заттың концентрациясына кері пропорционал;
б) еріткіштің табиғатына тәуелді;
в) еріген заттың концентрациясына тура пропорционал; г) еріген заттың табиғатына сызықты тәуелді.
Келтірілген 0,005М глюкоза ерітіндісі немесе натрий сульфаттың осмостық қысымы үлкен (Т = const)?
а) глюкозаның; б) тең;
в) натрий сульфатының;
г) қорытынды жасауға болмайды.
§6.1Электролитерітінділерініңэлектрөткізгіштігі Электртогыдегеніміз зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы. Электролит ерітінділерінде иондық өткізгіштік болады (екінші текті өткізгіштер болып табылады), яғни электролит ерітінділерінің электрөткізгіштігі электр өрісінде иондардың қозғалысына шартталған (бірінші текті өткізгіштердің электрондық өткізгіштігімен салыстырғанда). Меншікті және эквивалентті электрөткізгіштік болып ажыратылады.
Меншіктіэлектрөткізгіштік( ) дегеніміз 1 м қашықтықта орналасқан, 1 м2 ауданы бар параллель электродтар арасында орналасқан 1 м3 ерітіндінің электрөткізгіштігі.
1lОм –1 м –1 (6.1)
R S
мұнда R – ерітіндінің кедергісі, Ом; l – өткізгіш ұзындығы, м; S – көлденең қиылысу ауданы, м2.
Электролиттің меншікті электрөткізгіштігінің шамасы бірнеше факторларға тәуелді: электролит табиғатына, температураға, ерітінді концентрациясына. Электролит ерітінділерінің меншікті электрөткізгіштігі (бірінші текті өткізгіштердің электрөткізгіштігіне қарағанда)иондардың қозғалысы жылдамдығының жоғарылауы мен иондардың сольваттануының азаюы тудырған ерітінді тұтқырлығының төмендеуі есебінен,температура көтерілгенде жоғарылайды. Меншікті электрөткізгіштіктің ерітінді концентрациясынан тәуелділігі6.1 суретте көрсетілген.
Сур.6.1 Электролиттердің меншікті электр өткізгіштігінің концентрациядан тәуелділігі (1 – H2SO4, 2 – KOH, 3 – CH3COOH)
Концентрация жоғарылаған сайын, ерітінділердің меншікті электрөткізгіштігі алдымен максимал мәнге жеткенше жоғарылайды да, сосын азаяды. Бұл тәуелділік күшті электролиттер үшін анық және әлсіз электролиттер үшін нашар білінеді. Қисықтардағы максимумның болуы күшті электролиттердің сұйылтылған ерітінділерде иондардың қозғалу жылдамдығы концентрацияға аз тәуелділігіментүсіндіріледі, және меншікті электрөткізгіштік алдымен иондардың санына тура пропорционал өседі; концентрация өскен сайын иондардың өзара әрекеттесуі күшейеді де, олардың қозғалыс жылдамдығын азайтады. Әлсіз электролиттер үшін қисықтағы максимумның болуы, концентрация өскен сайын диссоциациялану дәрежесі азаятындығымен шартталған, белгілі бір концентрацияға жеткен соң ерітіндідегі иондардың саны концентрациямен салыстырғанда, аздап көбейеді. Электролит ерітінділерінің электр өткізгіштіктеріне олардың концентрацияларының әсері және иондар арасындағы өзара әрекеттесуді есепке алу үшін ерітіндінің молярлық электрөткізгіштігі түсінігі енгізілген.