Ландшафттану



Pdf көрінісі
бет10/49
Дата07.01.2022
өлшемі2,39 Mb.
#17213
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
Таулы 

аймақтардың 

тектоникалық-эрозиялық 

және

эрозиялық  жолдармен  тілімденулері  де  ландшафтының  бөлінуіне

эсер  ететін  фактор.  Тау  эрозиялық  процестер  нэтижесіндс  тауаралық

жазықтарға,  тауіші  аңғарларына  бөлінеді.  Таулардың  бастапқы

беткейлерінен  қосалкы  беткейлер  туындайды.  Оларға  байланысты

тауаралық  жэне  таулы  аңғарлы  ауа  айналымы  күшейеді,  климат

инверсиясы  жиіленеді.  Осылайша  қосалқы  беткейлердің  өзіне  тән

климаты  калыптасады.  Олар  территориялық  табигат  кешендерін 

түрлендіріп отырады.

Ландшафтының  территориялық  бөлшектенуіндегі  жер  беті 

биіктерінің 

атқаратын 

рөлін 


өткен 

ғасырдың 

өзінде-ақ 

П. П. Семенов-Тян-Шанский мен В.  В. Докучаев түжырымдап, биіктік 

зоналылық  деген  атпен  ғылымга  енгізген.  Ол  кездегі  биіктік 

зоналылық  туралы  түсінік  жалпы  ұгым  шегінен  шыгып  кете  алмады. 

Кейіннен  жер  беті  биіктігінің  әсері  жан-жақты  зерттелді  де,  биіктік 

белдеуі  деген  атпен  жалпы  географиялық зандылық дәрежесіне  дейін 

көтерілді. Соңғы жылдардағы биіктік белдеуі туралы тұжырым айтқан 

галымдардан А. Г. Исаченко мен Н. А. Гвоздецкийді атауға болады.

Ландшафтының  биіктік  белдеуі  аэротермикалық  градиенттің

11



әсеріне және атмосфералық жауын-шашын  мөлшерінің биіктік арткан 

сайынгы  өзгерісіне  байланысты  болып  келеді.  Тауда  әрбір  1000  м 

биіктеген  сайын  күн  радиациясының  карқындылыгы  10 

%

  артады, 

бірақ  жердің  ұзын  толкынды  радиациясының  жылдам  артуына 

байланысты  ауа температурасы  әрбір  100  м  биіктеген  сайын  0,5-0,6°- 

ка кемиді. Тау беткейлерінде ауаның козгалыс багыттары  күрделенеді, 

шық  нүктесі  төмендейді,  ауадагы  су  буы  тез  арада  сұйык  түрге 

айналып, 

тау 


беткейлеріне 

түсетін 


жауын-шашын 

мөлшерін 

арттырады.  Тау  беткейлерінің  биіктігі  арткан  сайын  беткейлі 

гравитациялык  процестердің  (опырылып  күлау,  сел,  кар  көшкіні,  т.б.) 

карқыны 

артады. 


Осылайша 

ландшафтының 

баска 

кұрамдас 



бөліктерінің  өзгерістері  де  өзіндік  сипатка  ие  болады.  Жазык 

жерлердің  биіктік  белдеуі  ландшафтысының  зоналык  ыргағына 

күрделі өзгеріс енгізбейді.

Айтылғандарга талдау жасаганымызда таудагы  биіктік  белдеудің 

жазықтағы  зоналықтан  ерекше  болініп  тұратындығын  түсіну  киын 

емес.  Таудың  биіктік  белдеуі  мен  жазықтың  зоналылығының 

айырмасын С.  В. Калесник төмендегіше жүйелейді:

- жазықтардағыдай субтропиктік атмосфералык максимумдар мен 

ауаның  динамикалық  жағдайларына  байланысты  пайда  болатын 

зоналар тауда кездеспейді;

-  жоғары  ендіктердегі  сиякты,  ұзақ  полярлык  күнді  және 

полярлык, түнді ортаға бейімделген ландшафттар тауда кездеспейді;

-  таудагы  ландшафт  белдеулері  гидротермикалык  градиенттің 

өлшеміне байланысты енсіз болып келеді;

-  таудагы  жер  бедерінің  әр  түрлі  болатынына  байланысты 

ландшафтының биіктік белдеулігі  күрделі кестелермен түрленеді.

-   таудың  бітіміне,  әсіресе  беткейлердің  көрінісіне  карай  эрбір 

таулы аймактың бөліктері бір-біріне ұқсас бола бермейді;

-  тауда  жазык  жерлерде  байқалмайтын  биіктік  белдеудің 

инверсиясы жиі байқалады.

Соңгы  жылдардағы  географиялық  зерттеулер  биіктік  белдеудің 

мұхит  түбінде  де  байкалатындығын  дәлелдеді  (Д.  Г.  Панов,  1950). 

Әзірше мұхит түбі ландшафттары беттік,  аралык тереңдік жэне түптік 

белдеулерге ғана бөлінеді.

Биіктік  белдеу  туралы 

жиналған 

гылыми  материалдарды 

қорытындылай  келіп,  Ф.  Н.  Мильков  жердің  биіктік  белдеулерін 

төмендегіше бөлді:

-  кар  сызығымен  шектелетін  нивальды  (мэңгі  кар  белдеуі)  және 

мұздықты б е л д е у ;\

- абсолют биіктігі 400 м-ден кем болмайтын таулы белдеу;

12



- муқит деңгейімен шектелетін континентті жазықтар белдеуі;

процесі  дамитын

кабатгһщ төменп шеп) таяз сулы құрлықтық қайырлы белдеу;

“ 3000 м терендікпен шектелетін құрлықтық беткей;



В 

. 400° - 5000 

м 

терендіктермен 



шектелетін’  (карбонатгы

шөпнділер мен кремнийлі тұнбаларды бөлетін) абиссальды белдеу;

_

_

 



^

 

^



 

^

м  тереңдіктен  төмен



жататын белдеу.

Теңіз  агыстары  -   жылу  мен  ылғалдың  зоналығына  өзгеріс 

енпзетін  фактор.  Атап  айтқанда,  Калифорния,  Перуан  сияқты  суық 

агыстар  жылудың  жылдық  мөлшерін  60  ккал  см  2-ге  кемітеді,  ал 

Гольфстрим  жылы  ағысы  80  ккал  см2-ге дейін  арттырады.  Суық ағыс 

әрекетінен  климат коитинеитгі  келеді де, ландшафт аридті  сипатқа ие 

болады.  Осылай Перуан ағысы әрекетіне байланысты теңіз жагасында 

орналасқандыгына  қарамастан,  Атакама  шөлінің  ландшафтысы 

түзшген.  Жылы  агыстар  климатгың  континентгігін  жұмсартады.

Мысалы,  Мурманск  поляр  шеңберінен  жоғары  жатса  да,  мұзы 

катпайтын теңіз портгарының тізіміне кіреді.

Жер  беті  мен  жер  асты  суы  жаратылысына  қарай  зоналы 

фактордыц  -   жауын-шашынның  туындысы  болып  саналады.  Бірақ 

олар  ландшафтының  түзілунде  интразоналы  фактордың  рөлін 

атқарады.  Өзен,  көл  маңы  және  жер  асты  суының  жер бетіне  шыққан 

көздерінде  ылғал  қоры  жеткілікті  болгандыкган,  шөл,  шөлейт,  дала 

орманды  дала  зоналарьшда  оазисті  ландшафтысы  қалыптасады’ 

Оазистер саялы көк-жасыл көркімен ерекшеленіп тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет