Ландшафттану



Pdf көрінісі
бет16/49
Дата07.01.2022
өлшемі2,39 Mb.
#17213
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49
Элювиальды 

фациялар 

-  


көтеріңкі 

су 


айырықтық 

мекенжайларда (плакорларда) орналасады. Жер асты сулары өте терең 

орналасқандықтан,  өсімдік  жамылгысы  мен  топырак  кабатына  әсерін

тигізбейді.  Мұнда  заттар  қабаты  арқылы  жеткізіледі,  ал  шыгын  су 

ағындары арқылы жүзеге асырылады.

Супераквальды фациялар -  жер асты сулары жер бетіне жакын 

орналаскан  жерлерде  қалыптасады.  Буланудың  нәтижесінде  бірталай 

еріген  қоспалар  жер  бетіне  көтеріледі.  Осыған  байланысты  топырақ 

жамылғысының 

жогары 

қабаты 


химиялық 

элементтермен

толықтырылады.

Субаквальды 

фациялар  —  сулы  жерлерде  калыптасады, 

сондықтан  түпкі  батпақтарда  қозгалмалы  химиялық  элементтер 

жинақталады. Мұнда гумустың орнында сапропельдер пайда болады.

18



чч

1  -  эллювальды; 2 -  супераквальды; 3 -  субаквальды

2-сурет -  Қарапайым фация л ар түрлері

Қоныс  деп  -   біртекті  субстраттағы  белгілі  бір  жер  бедерінің

мезоформасында  орналасқан,  физикалық-географиялық  процестердің

ортақ  бағытымен  біріктірілген  фациялардың  ұйымдасқан  жүйесін

атаймыз.  Мұндагы  мезорельеф  түрлеріне  төбелі,  ойпатты  жерлердің

кезектесіп 

келуін 


қарастырамыз. 

Мысалы: 


жыра, 

сай, 


өзен 

жайылмасы, т.б.

Жергілікті  жердегі  ағыс  пен  атмосфера циркуляциясы,  химиялық 

элементтер  миграциясы  жер  бедерінің  оң  және  теріс  формаларын 

біріктіргенмен,  бәрібір  жогарғы  жэне  төменгі  рельеф  формаларында 

айырмашылыкгар болады.

Тау беткейлеріне тән үрдістер:

1) белсенді түрде жүретін дренаж;

2) заттардың төмен ығысуы;

3) суық ауаның төмен бағытталуы;

4) фациялардың элювиальдық типтерінің басым болуы.

Ал ойпаң жерлерде:

1) артық ылғалдану;

2) заттардың аккумуляциясы;

3) суық ауаның шөгуі;

4) гидроморфтық фациялардың басым болуы байқалады.

Ал,  мезорельефтің  қарама-қарсылықты  формасы  жоқ  жерлерде,

коныстарды  негізгі  тау  жыныстарының  айырмашылықтары  арқылы 

анықталады.

Қоныс 


-  

геожүйелік 

иерархияда 

фация 


мен 

ландшафт 

аралыгында орналасатын  маңызды  аралық саты.  Ол  негізінен далалық 

ландшафттык  түсірудің  объектісі  болып  табылады,  сонымен  қатар 

аэросуреттерді талдауда негіз болып саналады.

Ландшафт  морфологиясындағы  маңызы  бойынша  қоныстар 

мынандай түрлерге бөлінеді:

19



1) фондық (доминанттық);

2) субдоминанттық.

Қоныстар ішкі құрылымы бойынша әртүрлі болып келеді:

- қарапайым;

- күрделі.

Қарапайым  қоныстар  -   белгілі  бір  мезорельеф  аумағында, 

біркелкі субстратта қалыптасады.

Күрделі  қоныстар -   ірі  мезорельеф  формасында  екінші  дәрежелі 

мезоформамен 

күрделенген 

(жыралы 

төбе, 


көлді, 

батпакты 

қазаншұңқыр) болып келеді.

Қоныстарды классификациялау белгілі бір аймақтык материалдар

непзінде, ірі жэне орта масштаоты картаға түсіруде қолданылады.

Жер  бедерінің  жеке  дара  бітімінде  қалыптасқан  коныстар 

тізбегінің  құрылымдық,  динамикалық  бірлігін  жергілікті  жер  деп 

атайды.


Ландшафтының  геологиялық  кұрылысы  мен  жер  бедерінің 

ерекшеліктеріне  қарай  іргелес  жатқан  қоныстар  тіркесіп  жергілікті 

жер  деп 

аталатын  территориялық  табиғат  кешенін 

кұрайды. 

Жергілікті  жер  ландшафтының  құрамында  кейде  болмай  да  қалады. 

Тұтас  бітімді  қоныстан  тұратын  ландшафттылар  жергілікті  жерге 

бөлінбейді.  Мұндай  ландшафтылар  жер  бедері  тегіс,  морфологиялық 

кұрылымы  бөлінбейтін  дала,  шөлейт,  шөл  жиі  кездеседі.  Ал  ойлы 

қырлы  жерлерде  коныстар  тізбегі  типтес  бірлігі  әртүрлі  болатын 

жергілікті  жер тобын  құрайды да,  типтік, тектестік, түрлестік бірлікке 

жіктеледі. Жергілікті, региондық, планеталық геожүйелер кездеседі.

20



A  1   геологиялык  қима,  Б  -   маңайындағы  жергілікті  жерімен  өзен 

аңгарының  жер  жоспары;  I  -   ылғалды  жыралары  бар  қоныстарымен 

«жергілікті  жер»;  II  -   құрғак  жыралыры  бар  қоныстарымен,  әктасты 

жарықшақтары  бар  «жергілікті  жер»;  I  —  карбон  әктастары;  2  —

 

юралық  балшықтар;  3  -   морена  астының  флювиогляциальды 



кұмдары;  4  -   жоспардағы  морена;  5  -   сырғыма;  6  -   сырғымалармен 

ылғалды  жыралар;  7  -   құрғақ  жыралар;  8  -   жағалық  кертпеш;  9  -  

«жергілікті жердің» шекаралары

3-сурет — Ландшафттың морфологиялык бөлігі  ретінде жергілікті 

жердің жекелену жагдайын аныктайтын сызба нұсқа

21



3 Л ан дш аф тгарды ң  аудандасты ры луы

Ландшафтының  таксономиялық  бірлігі 

жер  бетіндегі 

ттк 


физикалық-  геогафиялык  топтастыру  немес  бөлшектеу  нәтижесінде 

жүйеленеді.  Әр  өңірдің  өзіндік  табиғат  жағдайының  ерекшеліктерін 

ескере  отырып,  жер  бетін  жеке  аймактарға  жэне  олардың  бөліктеріне 

бөлуді 


ф и зи кал ы қ-гео гр аф и ял ы қ  аудандасты ру  деп 

атайды. 


Физикалық-географиялық  аудандастыру  нәтижесі  елдің  табигат 

жағдайы  мен  байлыгын  кешенді  түрде  жан-  жақты  анықтап,  табигат 

байлыгының 

халық 


шаруашылығында 

игерілуін 

карастырады. 

Физикалық- 

географиялық  аудандастыру 

процесінде 

эр  түрлі 

сатыдағы  ландшафт  бірлігі  жогарыдан  төмен  қарай  да,  төменнен 

жогары  қарай  да  жүйеленеді.  Баскаша  айтканда ландшафтының  әрбір 

ірі  бөлігіне  зоналық  және  азоналық  факторлар  эсер  етеді,  сондыктан 

бұлардың  әрекетіне  байланысты  дамитын  физикалық-  географиялык 

аудандастырудың  теориялық  негізі  болып  саналады.  Бұлармен  бірге 

географиялық  қабық  та  жер  бетінің  эр  түрлі  бөліктерін,  күрделі  бір 

территоиялық 

жүйеге 

біріктіретін 

процестерде 

әрекет 


етеді. 

Бөлшектеу  мен топтастырушы  процестер төменгі  сатыдағы  ландшафт 

бірлігінде  қаркынды  дамиды  да,  іріленген  сайын  баялай  түседі. 

Сондықтан  физикалык-географиялық аудандардың көп сатылы жүйесі 

колданылады,  ягни  физикалық-  географиялык  аймақтар  жеке  шагын 

бөлшектерге бөлінеді.

Физикалық-географиялық  таралудың  дифференциацияның  жер 

бетінде екі деңгейі бар:

- аймақтық;

- жергілікті (локальді) таралу.

Аймақтық дифференциация мынандай факторларга байланысты

- күн энергиясы;

- жердің ішкі энергиясы.

Екі  фактор да кеңістік  пен уакытта бірдей байкалмайды.  Олар екі 

географиялык 

заңдылықты 

-  

азоналылык 



пен 

зоналылықты 

анықтайды.

22



л

4-сурет -  Физикалық-географиялық аудандастыру  сызба  нұсқасы 

(Исаченко бойынша,  1998)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет