далалық сортаңдары бар ашық қызыл қоңыр қалыпты және жартылай дамыған топырақты, денудациялық төбелі жазық;
ашық қызыл қоңыр жартылай дамыған топырақты, аз бөлшектенген жазық;
Ұсақ шоқылы ландшафттардың 3 түрі бар:
ашық қызыл қоңыр қалыпты және жартылай дамыған топырақты, қырқалы-күмбезді ландшафт;
далалық сортаңдары бар ашық қызыл қоңыр топырақты, жонды, күмбезді ландшафт;
далалық сортаңдары бар ашық қызыл қоңыр жартылай дамыған топырақты, жонды, төбелі ландшафт.
Орман ландшафттары
Аласа таулы ландшафттардың 2 түрі бар:
таулы қара топырағында қарағайлы, қарағайлы-қайыңды, қыналы және шөпті ормандары бар, граниттен құралған күрт бөлшектенген аласа таулар;
таулы қара топырағында қарағайлы, қарағайлы-қайыңды ормандары бар, граниттен құралған оқшау аласа таулар.
Дала ландшафттары
Аласа таулы ландшафттардың 8 түрі бар:
таулық қою қызыл қоңыр топырақты, жонды, төбелі, оқшау аласа таулар;
таулық қою қызыл қоңыр топырақты, граниттерден құралған жонды, оқшау аласа таулар;
таулық қызыл қоңыр топырақты, оқшау аласа таулар;
таулық қызыл қоңыр топырағында дәнді дақылдар, селеу өскен оқшау аласа таулар;
таулық қызыл қоңыр топырағында австриялық жусан, садақ боз өскен оқшау аласа таулар;
таулық қызыл қоңыр топырағында жартастық (петрофиттер) сұлыбасты өсімдіктері бар, оқшау аласа таулар;
таулық қызыл қоңыр топырақты, бөлшектенген аласа таулар;
таулық қызыл қоңыр топырағында тобылғы, дәнді дақылдар, жусан өскен қырқалы аласа таулар.
Аңғарлық ландшафттардың 2 түрі бар:
аллювиалды топырағында әртүрлі шөпті, дәнді дақылды шалғындары, талды тоғайлары бар, саздардан, саздақтардан, құмдардан құралған өзен жайылмалары;
аллювиалды және сортаңдау сорлы шалғындық-далалық топырағында әртүрлі шөпті, дәнді дақылды шалғындары, тұзға төзімді (псаммофиттер) әртүрлі шөпті-дақылды өсімдіктері бар, саздардан, саздақтардан, құмдақтардан құралған өзен жайылмалары.