Ландшафттары


ТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЛАНДШАФТТАРЫ



бет5/5
Дата24.11.2022
өлшемі85,88 Kb.
#52436
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақстан ландшафттары

ТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЛАНДШАФТТАРЫ


Тау ландшафттары Қазақстан аумағының шамалы ғана бөлігін (17%) алып жатса да, сан-алуандығымен ерекшеленеді. Олардың құрылымы келесі негізгі себепші шарттарға байланысты:



  • таулардың құрлықтың ішкі жағындағы (мұхиттардан алыс) шөлдердің қуаң климатты аймағында орналасуы;

  • тау алқаптарының аса биіктігі (7000 м дейін);

  • таулардың географиялық ендік бойымен орналасуы.

Аталған себепші шарттардың ландшафттардың биіктік белдеулігінің белгілі бір түрлерінің қалыптасуына ықпал етті. Тау ландшафттары класына жоталардың, тау бөктерлерінің, тауішілік және тауаралық ойпатардың ландшафттары жатқызылған. Тау бөктері және тауаралық қазаншұңқырлар ландшафттары екі дербес класқа бөлінген.

Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның эпилплатформалық таулары


Эпилплатформалық таулардың ландшафттық құрылымдарының сан-алуандығы негізгі үш факторға байланысты:

  • тау жүйелерінің әртүрлі ендік аймақтарда: далалық (Кенді және Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы), шөлейттік (Сауыр, Тарбағатай, Зайсан ойпаты), шөлдік (Жоңғар Алатауы, Кетпен, Іле Алатауы, Шу-Іле таулары, Қырғыз Алатауы, Алакөл және Іле тауаралық ойпаттары) аймақтарда орналасуы;

  • өте биіктігі;

  • үлкен беткейлердің орналасуы.

Тау ландшафттардың далалық түрі орташа таулардың, ең биік жерлері теңіз деңгейінен 900-2200 м болатын аласа тауларда қалыптасқан, олар Тарбағатайдың солтүстік беткейінде басым.
Тау ландшафты құрылымының шөлейттік түрі Батыс Тарбағатайда анық көрінеді. Ол Зайсан және Алакөл ойпаттарын бөліп жатқан, ұзындығы 200 шақырымға дейін, ені 15-20 шақырымнан солтүстік батысында 100 шақырымға дейін болатын, ендік бойымен жатқан жота.

Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның эпилплатформалық тауларының тауаралық ойпаттары


Тауаралық Іле, Алакөл және Зайсан ойпаттарының ландшафттары оларды қоршап жатқан тау жоталарымен бірге біртұтас табиғи жүйені құрайды. Қазақстанның қуаң климатты белдемінің тауаралық ойпаттары үшін табиғи-аумақтық кешендердің келесі құрылымы тән:

  • көлдік және көлдік-аллювиалдық жоғары антропогендік қазіргі заманғы жазықтардың шөлдік ландшафттары;

  • көлдік-аллювиалдық неогендік жазықтардың шөлдік ландшафттары;

  • антропогендік жел шөгінділі (эолдық) жазықтардың шөлдік ландшафттары;

  • аллювиалдық, деллювиалдық-проллювиалдық орташа және жоғары антропогендік жазықтардың шөлейттік ландшафттары;

  • аллювиалдық-проллювиалдық орташа антропогендік жазықтардың құрғақ далалық ландшафттары;

  • ойпаттарда орналасқан жеріне байланысты шөлейтті немесе шөлді болатын оқшауланған тау қыраттарының (Алакөл

ойпатындағы Қартбай, Жайтөбе, Сиыртас*, Арғанаты; Зайсан ойпатындағы Шакелмес*, Ақтөбе, Қара Бүрік*, Ашутас, Пішек*) ландшафттары;

  • өзен аңғарлары алқаптарының және жер асты еспе сулар жақын аймақтардағы ылғалдылығы жоғары төмен жерлердің ландшафттары.

Аталған табиғи-аумақтық кешендер ойпаттардың орталық бөліктерінен қоршап тұрған тау қыраттары бағытына қарай ауысу тәртібімен орналасқан.

ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ:





  1. Қазақстан аумағындағы Батыс Сібір плитасының жазықтары қалай бөлінеді.

  2. Ертіс маңы жазығы сипаттамасы.

  3. Далалық ландшафтардың қандай екі түрі бар.

  4. Ландшафттың далалық тұрпаты қалай қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет