Қазақ қалқанының ұсақ шоқылары және қыратты жазықтары
Қазақ қалқанының ұсақ шоқыларының және қыратты жазықтарының қазіргі заманғы ландшафттық құрылымында олардың тек ендік белдемдігі ғана емес, олардың биіктік бойынша бөлінуі де анық көрінеді. Мұнда жонды, қырқалы, төбелі, конус тұрпатты ұсақ шоқылы денудациялық жазықтардың құрғақ далалық ландшафттары басым. Солтүстікте, Көкшетау қыратының шегінде жонды төбелі денудациялық жазықтардың ландшафттары және ұсақ шоқылы орманды далалық кешендер басым. Мысалы, Жыланды және Аршалы өзендерінің аралығында карбонатты қара топырағы мен шалғындық-қара топырағында әртүрлі шөптері, қызыл селеулі өсімдіктері бар құмтастардан, тақтатастардан, құмайттастардан, әктастардан, граниттерден құралған жонды денудациялық жазықтардың ландшафттары орналасқан. Төбелі ұсақ шоқылардың шегіндегі граниттерде ормандық сұр топырағында қарағайлы-қайыңды, шөпті ормандары бар орманды далалық ландшафттар қалыптасқан.
Ұсақ шоқылар ландшафттық құрылымының бытыраңқылығымен және құрғақтығымен ерекшеленеді. Балхаш- Ертіс су айрығының аласа тауларында және денудациялық жазықтарында ұзақ даму кезеңінде ландшафттардың қуаң далалық, далалық, ормандық тұрпаттары қалыптасты. Ол құрылымдар Шерубай-Нұра, Нұра, Жарлы, Талды, Тағай-делі*, Тоқырау, Сарысу өзендерінің бастауларындағы келесі ландшафттардан барынша анық көрінеді:
Құрғақ далалық ландшафттар
Салыстырмалы түсіңкі ландшафттардың 8 түрі бар:
қызыл қоңыр және қою қызыл қоңыр карбонатты топырағында селеу, тырса өскен, саздардан, саздақтардан, құмдардан құралған аллювиалдық-пролювиалдық жазық;
далалық сортаңдары бар қалыпты қызыл қоңыр топырағында тобылғы, қызыл селеу өскен, саздардан, саздақтардан, құмдардан құралған аллювиалдық-пролювиалдық жазық;
далалық сортаңдары бар қою қызыл қоңыр және шалғындық қызыл қоңыр топырағында тобылғы, қызыл селеу өскен, әртүрлі шөпті, бидайықты шалғындары және талды тоғайлары бар,
саздардан, саздақтардан, құмдардан құралған аллювиалдық- пролювиалдық жазық;
қалыпты қызыл қоңыр және шалғындық топырағында қызыл селеу, австриялық жусан, садақ боз өскен, әртүрлі шөпті, бидайықты шалғындары бар, құмдақтардан, саздақтардан, малтатастар мен тасмалталардан құралған аллювиалдық- пролювиалдық жазық;
сортаңды және шалғындық-сортаңды топырағында бидайық, тырса, айырауық аралас селеу өскен, құмдақтардан, саздақтардан, малтатастар мен тасмалталардан құралған көлдік қазаншұңқырлары бар көлдік-аллювиалдық жазық;
қызыл қоңыр және шалғындық сортаңдары бар шалғындық қызыл қоңыр топырағында селеу, жусан өскен, құмдардан, құмдақтардан, саздақтардан құралған көлдік-аллювиалдық тегіс жазық;
сортаңды қою қызыл қоңыр және қою қызыл қоңыр шалғындық топырағында селеу өскен, құмдардан, құмдақ-тардан, саздақтардан, құралған көлдік-аллювиалдық тегіс жазық;
далалық сортаңды қою қызыл қоңыр топырағында австриялық жусан, қызыл селеу өскен, саздақтардан, малтатастар мен тасмалталардан құралған көлдік-аллювиалдық ойыс жазық;
Салыстырмалы көтеріңкі ландшафттардың 3 түрі бар:
далалық сортаңды қою қызыл қоңыр топырағында қызыл селеу өскен, эффузиялы, шөгінді жыныстардан құралған денудациялық төбелі жазық;
қою қызыл қоңыр, жартылай дамыған топырағында тобылғы, сұлыбас, тобылғылы әртүрлі шөпті, қызыл селеулі өсімдіктері бар денудациялық төбелі жазық;
қою қызыл қоңыр, сортаңды топырағында бұталар, сұлыбас, қызыл селеу өскен, эффузивті, шөгінді жыныстардан құралған денудациялық аласа төбелі жазық;
Ұсақ шоқылы ландшафттардың 10 түрі бар:
қызыл қоңыр, нашар дамыған топырақты, граниттерден түзілген жонды, төбелі ландшафт;
қою қызыл қоңыр, қалыпты және нашар дамыған топырақты, төбелі-қырқалы ландшафт;
далалық сортаңдары бар қою қызыл қоңыр қалыпты және нашар дамыған топырағында тау жыныстары бар, қырқалы- күмбезді ландшафт;
қою қызыл қоңыр нашар дамыған топырақты, қырқалы ландшафт;
қызыл қоңыр қалыпты және нашар дамыған топырақты, қырқалы-күмбезді ландшафт;
қою қызыл қоңыр қалыпты және нашар дамыған топырақты, қырқалы, малтатасты, күмбезді ландшафт;
нашар дамыған және жартылай дамыған топырақты, жонды ландшафт;
далалық сортаңдары бар қою қызыл қоңыр топырақты, өзен маңы ландшафты;
далалық сортаңдары бар қою қызыл қоңыр топырақты, конусты-күмбезді ландшафт;
қою қызыл қоңыр нашар дамыған және қызыл қоңыр топырақты, жонды, қырқалы ландшафт.
Достарыңызбен бөлісу: |