Ландшафттары



бет4/5
Дата24.11.2022
өлшемі85,88 Kb.
#52436
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақстан ландшафттары

Шөлейтті ландшафттар


Салыстырмалы көтеріңкі ландшафттардың 2 түрі бар:

  • далалық сортаңдары бар ашық қызыл қоңыр қалыпты және жартылай дамыған топырақты, денудациялық төбелі жазық;

  • ашық қызыл қоңыр жартылай дамыған топырақты, аз бөлшектенген жазық;

Ұсақ шоқылы ландшафттардың 3 түрі бар:

  • ашық қызыл қоңыр қалыпты және жартылай дамыған топырақты, қырқалы-күмбезді ландшафт;

  • далалық сортаңдары бар ашық қызыл қоңыр топырақты, жонды, күмбезді ландшафт;

  • далалық сортаңдары бар ашық қызыл қоңыр жартылай дамыған топырақты, жонды, төбелі ландшафт.

Орман ландшафттары


Аласа таулы ландшафттардың 2 түрі бар:

  • таулы қара топырағында қарағайлы, қарағайлы-қайыңды, қыналы және шөпті ормандары бар, граниттен құралған күрт бөлшектенген аласа таулар;

  • таулы қара топырағында қарағайлы, қарағайлы-қайыңды ормандары бар, граниттен құралған оқшау аласа таулар.

Дала ландшафттары


Аласа таулы ландшафттардың 8 түрі бар:

  • таулық қою қызыл қоңыр топырақты, жонды, төбелі, оқшау аласа таулар;

  • таулық қою қызыл қоңыр топырақты, граниттерден құралған жонды, оқшау аласа таулар;

  • таулық қызыл қоңыр топырақты, оқшау аласа таулар;

  • таулық қызыл қоңыр топырағында дәнді дақылдар, селеу өскен оқшау аласа таулар;

  • таулық қызыл қоңыр топырағында австриялық жусан, садақ боз өскен оқшау аласа таулар;

  • таулық қызыл қоңыр топырағында жартастық (петрофиттер) сұлыбасты өсімдіктері бар, оқшау аласа таулар;

  • таулық қызыл қоңыр топырақты, бөлшектенген аласа таулар;

  • таулық қызыл қоңыр топырағында тобылғы, дәнді дақылдар, жусан өскен қырқалы аласа таулар.

Аңғарлық ландшафттардың 2 түрі бар:

  • аллювиалды топырағында әртүрлі шөпті, дәнді дақылды шалғындары, талды тоғайлары бар, саздардан, саздақтардан, құмдардан құралған өзен жайылмалары;

  • аллювиалды және сортаңдау сорлы шалғындық-далалық топырағында әртүрлі шөпті, дәнді дақылды шалғындары, тұзға төзімді (псаммофиттер) әртүрлі шөпті-дақылды өсімдіктері бар, саздардан, саздақтардан, құмдақтардан құралған өзен жайылмалары.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет