Ландшафттары


Тұран плитасының жазықтары және үстірті



бет2/5
Дата24.11.2022
өлшемі85,88 Kb.
#52436
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақстан ландшафттары

Тұран плитасының жазықтары және үстірті


Торғай төрткүл таулы аумағының оңтүстігінде, солтүстік ендіктің 50о параллелінің жанынан құрғақ далалық аймақ шөлейттер аймағымен алмасады. Торғай, Ұлықаяқ*, Ырғыз өзендерімен және олардың салаларымен бөлшектелген, биіктігі


100 метрден 320 метрге дейінгі неогендік үстірттің шайылып кеткен бетінде, салыстырмалы түсіңкі, салыстырмалы көтеріңкі жазықтар және төрткүл таулы үстірттер ландшафттары дифференциалданған неотектоникалық қозғалыс жағдайында қалыптасты.

Шөлейтті ландшафттар


Олардың 12 түрі бар. Салыстырмалы түсіңкі жазықтардың ландшафттары Торғай қолатында, Торғай, Ұлықаяқ*, Ырғыз өзендерінің аңғарларында орналасқан аллювиалдық және көлдік- аллювиалдық жазық ландшафттар.
Аллювиалдық жазық ландшафттар негізінен Ырғыз өзенінің оң жағында, Қабырға және Ұлықаяқ* өзендерінің аңғарларында орналасқан.
Көлдік-аллювиалдық жазық ландшафттар Ұлықаяқ*, Ырғыз өзендерінің аралығына тән.
Төрткүл тау үстірттерінің көтеріңкі қабатты жазықтарының ландшафттары Торғай өңіріндегі басым шөлейтті ландшафттар болып табылады, Торғай, Ырғыз, Ұлыжыланшық өзендерінің аралығындағы кең аумақта олардың 9 түрі орналасқан.
Төрткүл тау үстірттерінің ашық қызыл қоңыр сортаңды топырақтарында және сортаңдарында жусан, садақ боз өскен ландшафттары Торғай, Ырғыз, Ұлыжыланшық өзендерінің аралығында орналасқан.

Шөлді ландшафттар


Шөлді ландшафттардың ішінде көтеріңкі жазықтардың және Торғай төрткүл таулы өңірінің оңтүстік бөлігінің үстірт ландшафттары, Солтүстік Арал маңының, Шығыс Арал маңының салыстырмалы түсіңкі жазықтар және Арал теңізінің құрғап кеткен табанының қалыптасып жатқан ландшафттары ерекшеленеді.
Арал маңында негізгі болып табылатын салыстырмалы түсіңкі жазықтар оның физикалық-географиялық жағдайларының өзіндік ерекшелігін анықтайды. Теңіздік, аллювиалдық,
аллювиалдық-пролювиалдық, көлдік-аллювиалдық, делюви- алдық-пролювиалдық және жел шөгінділі (эолдық) жазықтар ландшафттарының 30 түрі бар.
Күрделі морфологиялық құрылымымен ерекшеленетін шөл ландшафттарымен қатар Арал теңізінің құрғап кеткен табанында бастапқы табиғи-аумақтық кешендер қалыптасып жатыр. Олар дамып жатқан сорлары және жалаңаш құм массалары, тұзға төзімді (галофиттер) және құм өсімдіктері (псаммофиттер) бар бастапқы теңіздік құмды, саздақты жазықтар болып табылады.
Аллювиалдық жазықтар ландшафттарының литогендік негіздері Сырдария өзенінің орта және жоғарғы плейстоцендік аллювийі, негізінен сазды, құмдақты және құмды түзілімдер болып табылатын бірнеше түрлері бар.
Делювиалдық-пролювиалдық жазықтар ландшафттары Солтүстік Арал маңында көтеріңкі жазықтар мен үстірт жұрнақтары бөктерлерінің бетіндегі уақытша ағындар жағдайында қалыптасты.
Көтеріңкі қабатты жазықтардың және төрткүл таулы үстірттердің ландшафттары Солтүстік Арал маңына және Жосалы* қыратына тән, олардың 11 түрі бар.
Солтүстік Арал маңында, Ырғыз өзенінің аңғарынан Арал теңізінің жағалауына дейін қоңыр сортаңды және сұр-қоңыр сортаңды, тақырлы нашар дамыған топырағында сұр жусан өскен, тақырлармен, сортаңдармен, сорлармен бөлшектенген үстірттердің ландшафттары басым.
Жосалы* үстіртінің ландшафттары эрозиялы сұр-қоңыр топырағында өсетін тұран жусанының, біржылдық жусанның басымдылығымен ерекшеленеді.
Батыста Арал маңы Қарақұмының жел шөгінділі жазықтары беті желден едәуір мүжілген, құм алқаптарымен күрделіленген қабатты жазықтармен шектелген.
Төрткүл тау үстірттерінің шөлді ландшафттары солтүстікке қарай Торғай өзенінің оң жағалауын бойлай Ұлыжыланшық өзеніне дейін созылып жатыр.
Ландшафттардың аталған түрлері картада көрсетілген, олар табиғатты қорғау үшін ландшафттық карталар және Торғай өңірі ландшафттарының болжамды даму беталыстарының карталарын жасау үшін бастапқы материал болып табылады.


      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет