Ластанған ағынды суларды биологиялық тазалау



бет2/4
Дата19.09.2022
өлшемі2,07 Mb.
#39523
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Кайырманова Г.К.-14-15 (1)

Аэротенк


Аэротенк – ауамен интенсивті аэрацияланатын ашық темірбетонды құрылғы, тұндырғышпен байланысқан. Ластанған ағын суды «белсенді лай» (БЛ) арқылы органикалық қоспаларды тазартады. Аэротенк ұзынынан бірнеше «каналдарға» бөлінген, сондықтан су жолы спираль бойынша ұзарады, көп жағдайда оның саны 3-4 құрайды.
БЛ нақты ластанған қалдық судың құрамына және таңдалған тазарту режиміне байланысты табиғи биоценозда қалыптасатын биоқабықша (микроорганизмдерден туратын флокула/агрегат микроб кдеткалары өзара байланысқан құрылым).


«Белсенді лай» құрамы


БЛ - қара–қоңыр ұнтақтар, көлемі бірнеше мың микрометр. 70% тірі ағзалардан және 30 % бейорганикалық табиғаты бар қатты бөлшектерден тұрады. Тірі организмдер ұсақ қатты тасымалдағыштармен бірге зооглей – жалпы шырышты қабықшамен қапталған микроорганизмдер симбиозын қалыптастырады. БЛ құрамы Zoogloea ramigera, Leucothrix, Thiothrix, сонымен катар Nitrobacter, Aeromonas, Pseudomonas, Nocardia, Rhodococcus басым.


Бактериялар мен қарапайымдылардан түзілген белсенді лай бөліктері флокулярлық қоспа түзеді. Биофильтрлердегі түзілетін биопленкалармен салыстырғанда аэротенктерде түзілген белсенді лайдың экологиялық алуан түрлілігі аз.


Белсенді лай сапалығы

“Белсенді лай” сапасын бағалауында қарапайымдылардың саны маңызды – “белсенді лай индексі” көрсеткіші.


Қарапайымдылардың органикалық заттарды қолдануда өздері тікелей қатыспайды, бірақта БЛ жастық және түрлік құрамды реттейді, оны белгілі деңгейде ұстайды, көбейіп кеткен жағдайда БЛ сапалығы төміндігін көрсетеді (ескіргенін), сондықтан тазалау құрылғылардың мамаңдары түрлі шаралар қолдануы қажет.
БЛ қарапайымдылардың 4 класы кездеседі: саркодовые (Sarcodina), жгутиковые инфузории (Mastigophora), реснитчатые инфузории (Ciliata), сорғыш инфузориялар (Suctoria). Көп мөлшерде бактерияларды жұту арқылы қарайымдылар шырышты қабықшада концентрленген бактериальды экзоферменттердің шығуына және сол арқылы ластануды деструкциялауға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет