Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, профессор
:
Бүгінгі жағдайда латын қарпіне көшу арқылы біз
мәдениетімізден айырыламыз, жауһар қазынамыздан айырыламыз,
деген байбаламдарды мен өз басым негізсіз деп есептеймін. Латын
қарпіне көшуді біздің замандастарымыздың, зиялыларымыздың кемі
85 пайызы қолдайды. Кеңестік тұстағы түрлі тілдік практикалық
қателіктердің барлығы түзетіледі деп есептейді.
Тәуелсіздік кезеңінде латын қарпіне көшу туралы мәселе 1992
жылы көтерілді.
Қазақ қоғамы қазіргі кезде тілдік тұрғыдан, әсіресе тілдік-
практикалық тұрғыдан келгенде тарам-тарам болып, шашыраңқы
жағдайда тұр. Біз осыны реттеудің орнына қайта оны созып
жатырмыз. Қазір 1 сыныпқа барған баланы қарасаңыз, олардың 80
пайызының фамилиясы қазақ тілінде. Неге сонда біз олардың
болашақта қиналуына «жағдай жасап» отырмыз? Неге біз оларға
күрделі мәселені мойнына артып отырмыз? Бүгін реттелмеген нәрсе
ертең тіпті қиындап кетеді.