Латын графикасына негізделген қазақ Ұлттық Әліпбиін түзудің принциптері



бет5/5
Дата15.11.2023
өлшемі27,69 Kb.
#122841
1   2   3   4   5
Коррелят өзара байланысқан, өзара қатынастағы тілдік бірліктер қатарының немесе жұбының бір мүшесі.
Корреляция – екі немесе одан да көп тілдік бірліктердің сәйкестік, тәуелділік қатынасы. Фонологиялық корреляция: барлық белгілері бойынша сәйкес келетін, бірақ бір белгісі бойынша қарама-қарсы болатын жұп фонемалардың қатары. Ұяң-қатаң белгілері бойынша дауыссыз корреляциясы: [б-п], [д-т]. Жуан-жіңішке белгілері бойынша дауысты корреляциясы: [о-ө].
Орфография – жазуда сөздің берілуі мен грамматикалық формаларының тұтастығы. Осы тұтастықты қамтитын ережелер жиынтығы және осы мәселені зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Орфоэпия – тілдің айтылым нұсқасын және оның тілдік дәстүрге сай дұрыс айтылымын іріктеп көрсететін фонетика саласы. Тілдегі айтылым нормасының жүйесі.
Жазу – белгілі бір тілдік ақпаратты, басқа да мағына элементтерін (қай кезде айтылған уақыт сипатына қарамастан) жеткізуге, қалыптастыруға арналған таңбалық жүйе. Жазу – адамзат тілінің қалыптасуының бір формасы.
Жазба (письменность) – аралық қашықтықта тілді жеткізуге мүмкіндік беретін, айтылған уақытында сақтауға негіз болатын графикалық таңбалар жүйесінің көмегімен дыбыстық тіл құралдары арқылы жасалатын қарым-қатынас құралы. Жазбада тілдің фонетикалық элементтерін бейнелейтін абстрактілі символдар қолданылады. Мысалы, үнді-еуропа тілдерінде көне египеттік, көне ариялық пиктографиялық жазу формасына ұқсас қарапайым ұғым бейнелері қолданылуы мүмкін. Жазуды ерекше таңбалық жүйе ретінде грамматология, эпиграфия, палеография салалары зерттейді.
Полиграф – жазуда фонема мен оның негізгі варианттарын бейнелеуге арналған екі, үш не одан да көп әріптен тұратын құрамды жазу таңбалары. Неміс тілінде tsch, sch т.б. полиграфтар қолданылады.
Фонема – тілдің дыбыстық қабатындағы ең кішкентай бірлік. Фонемада өзіндік жеке лексикалық немесе грамматикалық мағына болмайды, бірақ ол тілдің маңызды бірліктерін (морфема және сөз) ажырату үшін қызмет етеді:

  1. бір фонеманы екінші түріне өзгерту арқылы басқа сөз тудыруға болады (от-өт-ат-ет-ұт-үт);

  2. фонема ретінің тәртібін өзгерту арқылы да басқа сөз тудыруға болады (<қас> – <сақ>);

  3. фонеманы алып тастау арқылы да басқа сөз жасауға болады: (<к>үйші –үйші);

Фонология – тіл дыбыстарын функционалды, мағына ажыратқыш қатынаста зерттейтін лингвистика саласы. Дыбыстың артикуляторлық-акустикалық белгілерін зерттейтін фонетика саласын фонологиямен шатастырмау қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет