Латын графикасына негізделген қазақ Ұлттық Әліпбиін түзудің принциптері


Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін құру принциптері



бет2/5
Дата15.11.2023
өлшемі27,69 Kb.
#122841
1   2   3   4   5
Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін құру принциптері


І тип: өзгермейтін, тұрақты принцип

  1. Халықтың ұлттық рухының, ұлттық тілінің өзіндік ерекше дыбыс байлығының әліпбиде көріну принципі. Халықтың ұлттық рухы, ұлттық сөзінің дыбыстық реңкі қарым-қатынас құралы ретінде оның тілінде көрініс табады. Және жаңа әліпбиге дейін қолданылған графика типінде де сақталады.

  2. Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінде латын негізін сақтау принципі.

  3. Латын әріптерін қазақ тілінің үндестік заңындағы ерекшеліктеріне және қазақ тілінің дыбысталуына бейімдеу принципі.

  4. Әріп – графикалық таңбалар жиынтығының принципі (екі баспа Аа, екі көркем жазу Аа).

  5. Қосымша графикалық элементтерді (диакритикалық таңбаларды) мүмкіндігінше аз қолдану принципі.

  6. Әріп құрылымындағы қосымша элементтерді (нүкте, сызықша т.б.) әліпбиге жүйелі енгізу (монобағыттылық) принципі. Мысалы, терең тіл арты, көмей дыбыстары үшін бір ғана диакритика, ал кейбір мұрынжолды дауыссыз дыбыстар (ң) үшін бір, сондай-ақ жіңішке дауысты дыбыстар ә, ө, ү, і үшін т.б. бір түрлісін ғана алу, себебі аталғандар факультативті (қосымша) сипатқа ие.

  7. Әліпбиге диграфтар мен полиграфтарды енгізбеу принципі.

  8. Тілдегі біртұтас әліпби принципі. Қазақтың байырғы төл сөздерін жазу үшін де, кірме сөздерді жазуға да лайықты ортақ әліпби.

  9. Әліпби құрудағы тұтастық пен өзгермеу принципі. Ұсынылған принциптер түрлі өзгерістерге ұшырамауы тиіс.

  10. Әліпбиде адамның естуі арқылы қабылданған фонема, дыбыстың әріптерін бейнелеу принципі. Яғни бұл мағына ажыратқыш дыбыстар (фонемалар) адамның есту қабілеті арқылы қалыптасып, бүкіл ұлттық біріккен естілім жүйесі арқылы санада сақталады, сол арқылы сөздер бір-бірінен ажыратылады. Әліпби тіл тұтынушылардың орта деңгейінің есту мүмкіндігіне сүйеніп жасалады. Әліпби дыбысжазғыш техникалық құралдардан шыққан естілім мүмкіндіктеріне негізделіп жасалмайды.

  11. Әліпбидің әдеби тіл нормасына сәйкес болу принципі. Әліпбиде жеке әлеуметтік топтар мен өңірлер тіліне тән дыбыстар көрсетілмейді.

  12. Көру арқылы қабылдау, оқу, жазу, ауызша және жазбаша тілде тану, мағынаны айыру мүмкіндігін ескеру үшін әліпби әріптерінің тез жатталғыш, көзшалым мен қолшалымға қарапайым болу принципі.

  13. Әліпби – оқыту және үйрету құралы принципі.Әліпби, ең алдымен, оқыту (оқу) үшін қалыптасады. Мектепте оқушылар оқып үйренеді. Олар әліпбиді меңгеру арқылы басқа ғылым салаларын игереді. Әліпби тек қана ересек адамдардың ақыл-ойы мен танымдық мүмкіндігін ескеріп жасалмайды.

  14. Орфографиялық ережелерді оңтайландыру және тарылту негізінде графема жүйесін құру принципі.

  15. Әліпби мен тілдің дыбыстық құрылымының техникалық құрылғы мүмкіндіктеріне бейімделмей, керісінше: техникалық құрылғылардың тіл ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, дыбыс құрылымына бейімделу принципі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет