Латын графикасына негізделген қазақ Ұлттық Әліпбиін түзудің принциптері



бет3/5
Дата15.11.2023
өлшемі27,69 Kb.
#122841
1   2   3   4   5
Байланысты:
әліпби принципі

ІІ тип: өзгермелі принцип

  1. Фонологиялық принцип. Жазуда лингвальді моносингармониялық сипатты сөз негізіне жасалған қазақтың дыбысталу тілінің айқын көрінуі.

  2. Фонема – дыбыстар (жиынтығы) класы принципі. Фонеманы білдіретін графема оның барлық дыбыстық реңкін, шептік (позициялық) түрленуін, яғни фонеманың варианттары мен инварианттарын толық бейнелей білуі тиіс. Мысалы, -ып, -іп жұрнақтары бірінші еріндік буыннан кейін екінші буын қатарында тұрып, -ұп, -үп күйінде <көріп> [көрүп] айтылуы мүмкін. Бірақ әліпбиде бұл жағдай үшін тек бір ғана |і| әрпі қолданылады, себебі қазақ тілінде -ұп, -үп жұрнақтары жоқ. Немесе, мысалы, <ы> фонемасы әлсіз шепте (позицияда) [м] күйінде дыбысталады: нан–нанба [намба]. Бірақ |н| графемасы сақталады, себебі сөздің түбірі нан.

  3. Қазақ тілін тұтынушылардың санасында жеке психобейнелер ретінде сақталған бірнеше фонемалық жеке әріптердің жазуда және әліпбиде тұтас берілу принципі.

  4. Бір мағына ажыратқыш дыбыс – бір әріп принципі. Тілде дыбыстар көп. Бірақ олардың барлығы сөз мағынасы мен грамматикалық формаларын ажырата бермейді. Әріппен мағына ажыратушы дыбыстар, яғни (инвариант) фонемалар таңбаланады. Егер әліпбидегі әріптер тілдегі фонемалардан көп немесе аз берілетін болса, бұл жағдай тілдің дыбыстық жүйесін тарылтып, орфография мен орфоэпия ережелерін қалыптастыруда күрделі қиындықтар тудырады (Мысалы, ағылшын, өзбек тілдері). Алайда «жақсы жазудың теориясы» бойынша бұл принципті қасаң ұстанған жазу икемсіз, аморфты келеді.

  5. Қазақ сөзінің морфологиялық құрылымын сақтау принципі.

  6. Негізгі акустика-артикуляциялық қасиеттеріне қарай оларға тән дәстүрлі графемаларды алу, бір дыбыс кластарын өздеріне дәстүр бойынша телінген графема кластарымен таңбалау принципі. Мысалы, дауысты дыбыстарды таңбалау үшін дауыссыздарды білдіретін дәстүрлі графемаларды қолданудың қажеті жоқ. Сондай-ақ қатаң дауыссыздарды білдіретін графемаларды ұяң дауыссыздарды таңбалау үшін қолданудың қажеті жоқ немесе керісінше де солай.

  7. Екі, бірақ одан артық емес тіл дыбыстарын (фонеманы) таңбалау үшін күрделі қосымша элементтері бар (негізгі сызбасы) бір тірек графеманы екі түрлі қолдану принципі. Мысалы, графеманың негізгі элементі |о| дыбысын, одан тыс |ӧ| формасында пайдалануға болады. Бұл жағдайдағы дауысты дыбысты білдіретін қосымша диакритика бір дифференциалды қасиетін (жуан-жіңішке) ажырататын жуан, ашық, еріндік дауысты жұп корреляттарын білдіру үшін қолданылады.

  8. Фонеманың коррелятив жұптарын бейнелейтін тірек графемаға сәйкес келуін сақтау принципі. Мысалы, <а> – <ә> фонемаларының коррелятив жұбын таңбалауда |а| тірек графемасы қолданылады, соған сәйкес <а> дыбысы |а| графемасымен таңбаланады, ал оның жіңішке жұбы <ә> – |?| графемасымен таңбаланады.

  9. Сөздегі әрбір буынның дыбыстық құрамын толық таңбалау принципі.

  10. Түркітілдес халықтардың латын графикасы негізіндегі ұлттық әліпбилерінің графемалық жүйесіне сәйкестендіру принципі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет