«Д.Рақышұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ұлдар жиналысының хаттамасы № 1 2022 жылғы «05» қыркүйек
Сынып жетекшісі: Алтынбекова Л.К.
Хатшы: Тоқтасынов Н.
Қ а т ы с қ а н д а р: Сынып жетекшісі
2. Ұлдар төрайымы
3. Сынып ұлдары – 11
4. ДТЖО Несипбекова А.
К ү н т ә р т і б і Қаралатын мәселелер:
І тоқсан қорытындысы(оқу, тәртібі, сабаққа қатысуы жайлы)
Т ы ң д а л д ы:Сынып жетекшісі Алтынбекова Ләззат І тоқсан қорытындысын жасап өтті. Қорытындыда ұлдардың сабаққа уақытында келуі, мектептегі тәртіптері, оқу үлгерімдері толықтай айтылды. Сабаққа кешігіп келетін ұлдарға ескерту жасалды, оқу үлгерімдерін жақсартуын талап етті.
Сөйлегендер:1. Токтасынов Нұржігіт қорытындының нәтижесімен толықтай келісетіндігін айтты. Сабаққа өзінің кешігу себебін үйінің алыстығымен байланыстырып, енді қайталанбайтынын айтты.
Т ы ң д а л д ы: Ұл балалардың кешкі уақытта көшеде жүруі туралы ДТІЖО Несипбекова А.Н.хабарлама жасап түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кешкі уақыт 20:00-00:00 аралығында мұғалімдер және мектеп инспекторы тексеріске шығатынын айтты. Осы уақытта көшеде жүріп, мектеп инспекторына ұсталып жатса ескертусіз айыппұл жазатындығын ескертті. Кәмелетке толмағандар болып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау уақытында 16 жасқа толмағандар есептеледі. Олар үшін әкімшілік жауапкершілікті ата-аналары өтейді деп түсіндірме жұмыстарын жасады.
Сөйлегендер: Қалиақын Али кешкі уақытта көшеге шықпай уақыттарын тиімді пайдалануға кеңес берді. Мектептен тыс уақытта өздері және ата-ана жауапты болғандықтан тәртіпті болуға шақырды.
Қаулы етеді:
1. Сынып ұлдарының мектеп формасын сақтау, сабақтан қалмауы, жеке бас гигиенасын қадағалау ұлдар ұйымының төрайымы Шаймолда Шәмшіге жүктелсін.
2. Осы қаулыны арықарай бақылау сынып жетекшісі Алтынбекова Ләззатқа жүктелсін.
Сынып жетекші Алтынбекова Л.К.
Хатшы Тоқтасынов Н.
«Д.Рақышұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ұлдар жиналысының хаттамасы № 1 2022 жылғы «05» қыркүйек
Сынып жетекшісі: Алтынбекова Л.К.
Хатшы: Тоқтасынов Н.
Қ а т ы с қ а н д а р: Сынып жетекшісі
2. Ұлдар төрайымы
3. Сынып ұлдары – 11
4. Мектеп психологы Досбергенова Ф.
К ү н т ә р т і б і Қаралатын мәселелер:
«Буллинг және оның алдын алуы» баяндама
ІІ тоқсан қорытындысы(оқу, тәртібі, сабаққа қатысуы жайлы)