Амангелді А.Н. – ЕП-19-16к2 тобының студенті
Есенкулова З.З. – магистр, оқытушы
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Осы мақсатқа жетудің бірден бір жолы – оқытудың жаңа технологияларын қолдану. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологиялар. Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық, кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың дамыған заманында сабақ өтудің инновациялық технологиялары өте көп. Мұғалімнің мүмкіндіктерін арттыратын көптеген сайттар бар. Оларды атап айтатын болсақ, learningapps.org, etreniki.ru, classtools.net тағы басқа сайттар. Осы сайттар арқылы пәнге байланысты немесе басқа жағдайға байланысты көптеген жаттығулар мен тапсырмалар дайындауға болады. Артықшылығы: оқушыларға қызықты әрі кез келген жағдайда орындауға мүмкіндік береді. Ең бастысы мұғалімнің оқушыларға сабақты қызығушылығын арттыруына көмектеседі, әрі оқушылар сабақтан жалығып кетпейді.
LearningApps.org интерактивті тапсырмалар құрастырушысы интерактивті модульдер (жаттығулар) арқылы оқыту процесін қолдауға арналған. Сонымен бірге мұғалім де, оқушы да дайын шаблондарды пайдаланып, интерактивті модульдер жасай алады. Осы қызметтің арқасында жасалатын интерактивті тапсырмалардың негізгі идеясы - оқушылар белгілі бір оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын қалыптастыруға ықпал ететін білімдерін ойын түрінде тексеріп, бекіте алады. Қызмет көрсету мекен-жайы - http://learningapps.org/ LearningАpps сайтында жұмыс жасау:
Оқушылар жаңа заманауи құрылғылармен жұмыс жасауды үйренді;
Оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік берді;
Оқушылардың оқуға, білім алуға деген ұмтылысын артады;
Блум таксономиясы бойынша ойлау процестерін дамытуға, сыни ойлауына септігін тигізеді.
Learning Apps.org сайтында жаттығу жасау жолдарын айтар болсақ: http://learningapps.org/ осы сілтеме бойынша сервиске кіріп, тіркелеміз (1-сурет).
1-сурет 2-сурет
Сайтқа тіркелген соң мұғалім «Барлық жаттығу», «Жаңа жаттығу», «Менің сыныптарым», «Менің жаттығуларым» қызметтерін пайдалана алады. «Жаңа жаттығу» қызметі: жұпты табу, классификация, хронологиялық кесте, мәтін енгізу, суреттерді іріктеу, викториналық сұрақтар, бос орындарды толықтыру, аудио/видео контент, кім миллионер болғысы келеді?, пазл, сөзжұмбақ т.б. модульдерді (2-сурет) ұсынады. Модуль құрылымы: жаттығу атауы, жаттығу сипаттамасы, жаттығу түрі, мәтін, сурет, аудио, видео, элемент қосу, кері байланыс, фон, көмектен тұрады.
“Жаңа жаттығу” батырмасын басамыз. Мен жаттығудың «Викториналық» деген модулін таңдадым. Жаттығуға байланысты сұрақтарды енгіземіз және дұрыс жауабын жазамыз. Сонымен қоса қосалқы дұрыс емес варианттарды да қосамыз. Фото суретке тапсырманың сұрағын жазуға да болады. Тағы өзімізідің қалауымыз бойынша қосымша көрнекі құралдарды жасауға, видео (5-сурет) тапсырма ретінде You Tube сайтынан сілтеме қосуға болады.
Жаттығуды оқушы орындап біткеннен соң қанша жаттығу дұрыс болғанын көруге және оқушымен кері байланыс ретінде критериалды бағалауға сәйкес шабыттандыратын сөздер жазсақ болады (6-сурет). Жаттығуды оқушыларға жібермей тұрып өзіміз бір тексеріп аламыз. Дайын болған жаттығу сілтемесін көшіріп алып оқушыларға жібереміз.
3-сурет 4-сурет
5-сурет 6-сурет
Қорыта айтсақ, оқушының пәнге деген қызығушылығын осындай тапсырмалар беру арқылы ынталандырсақ болады.
Әдебиеттер Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші /негізгі/ деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012 ж.
Рахимбаева Қ.С. «Дүниетану сабақтарында АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту», 2017