ЛӘйлі-мәЖНҮН (Басы өткен санда)



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата12.03.2017
өлшемі1,64 Mb.
#8803
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Әли Тоқамбайұлы 
МАЙ АЙЫНДА: 
НЕҒЫП ТҰР? 
Жер жарылып, көк шығып, 
Майдың айы болғанда. 
Көк орай, шалғын шөп шығып, 
Ел жайлауға қонғанда. 
Үйрек қаз құшаған, 
Шабақ аулап, көлде тұр. 
Бәрі қызық тамаша, 
Көл жағалай ел де отыр. 
Боталы інген далада, 
Үйге қарап боздап тұр. 
Ертеңгі кеш және де, 
Қорада қой қоздап тұр. 
Жазды жайлап семіріп, 
Арық мал да ойнап тұр. 
Құлын, тайлар еліріп, 
Жарық жазды тойлап тұр. 
Құрт, құмырсқа, көбелек, 
О да быш-быш қайнап тұр. 
Мақпалдай жер төңірек, 
Төрт түлік мал жайлап тұр. 
Үй сыртында көгалда, 
Қозы ерткен қой да тұр. 
Естен шықпай бұ халде, 
Кетпей бәрі ойда тұр. 
Бұраңдаған бұтақта, 
Бұлбұл құс та сайрап тұр. 
Жердің жүзі бұ шақта, 
Бәрі гүл-гүл жайнап тұр. 
Самал соғып, екпіндеп, 
Шілде түсіп қайнап тұр. 
Шалқар көлді еркіндеп, 
Бақа, шаян жайлап тұр. 
Тал таяғын сүйретіп, 
Қойшы қойын бағып тұр. 
Жас баладай үйретіп, 
Көңіліне жаз жағып тұр, 
Желі тартып құлынға, 
Байлар бие байлап тұр. 
Үйінде бар бұрын да, 
Қырға малын айдап тұр. 
Сары қымыз сапырып, 
Мырза қонақ жайлап тұр. 
Белдеуге атын қатырып, 
Семіз қозы байлап тұр. 

164 
 
Көңілденіп бәрі де, 
Адамзатқа ойнап түр. 
Жасы жеткен кәрі де, 
Алды нелер ойлап тұр. 
Күнге қурап көк құрақ 
Амалы жоқ көніп тұр 
Шегірткедей сұм шырақ 
Күн-күн санап өніп тұр 
Қара қарға қақылдап 
Өлексені шоқып тұр. 
Жас бала да тақылдап, 
Қалмай сабақ оқып тұр. 
Мезгіл-мезгіл қара бұлт, 
Жерге төніп жауып тұр. 
Құс, көбелек теріп құрт, 
Құзғын жемін тауып тұр. 
Қаршығаны қара құс, 
Қанатымен қағып тұр. 
Аты өшкір ала құс, 
Қызыл қанды бағып тұр. 
Үркіп құлан жоламай, 
Қол жағынан жеріп тұр. 
Бейнеттіге қарамай, 
Еңбексізге беріп тұр. 
Бір шыға алмай далаға, 
Мұңды біл-біл тұр да тұр. 
Душар болып жалаға, 
Я, қазұлы ұр да тұр. 
Құс асылы сұңқардың 
Аты естілмей ұшып тұр. 
Жылқы да жүйрік тұлпардың 
Бәйгесі тайға көшіп тұр. 
Ептілігімен алашын 
Көрсе торғай алып тұр. 
Жазып тырна құлашын, 
Көрінгенді шалып тұр. 
Арыстандай айбарлы аң, 
Әлсіздерді бағып тұр. 
Жолбарыстай қайратты аң, 
Жақындасаң қағып тұр. 
Анасынан айырылып, 
Жас балапан жылап тұр. 
Жәрдем етпей қайрылып, 
Тас бауырлар шыдап тұр. 
Көңілі қашып қараға, 
Сай бойында қасқыр тұр. 
Аңдып қойды далада, 
Қара албасты басқыр тұр. 
Қалың бұта паналар, 
Түнде ауылды торып тұр. 
Қалдырмай жер аралап, 
Бір тоюға жүріп тұр. 

165 
 
Кедей жерін тырмалап, 
Көк мәс егін тұр. 
Арық қазып бұрмалап, 
Қолда барын егіп тұр. 
Қоян байғұс қорғалап, 
Мұңын айтып шағып тұр. 
Көзінен жас сорғалап, 
Күндіз-түні ағып тұр. 
Байдың малы зекет деп, 
Мол да қолын жайып тұр. 
Берсең кірі кетет деп, 
Құр тілекпен байлап тұр. 
Көңілі қара залымның, 
Ойға алғаны болып тұр. 
Жолын қуған қарынның, 
Тойымсыздар толып тұр. 
Жақсылықты білмеген, 
Жамандыққа жорып тұр. 
Жайына қарап жүрмеген, 
Қимағандай қорып тур.  
Асқар - асқар биіктің, 
Басына қарға қонып тұр. 
Таудан қашқан киіктің, 
Жолын аңшы торып тұр. 
Кең тоғайды аралап, 
Азулы аңдар сонда тұр. 
Күшті әлсізін жаралап, 
Зағиптары қолда тұр. 
Бұраңдаған бұтақтың, 
Жапырағы жайқалып. 
Бәрі қызық бұл жақтың, 
Жел соқса, көл жайқалып. 
Қоңыр салқын жылы жел, 
Аңқып ескен зу-зулап. 
Қатар қонған қалың ел, 
Қорада мал шу-шулап. 
Ғубайдулла Балақадырұлы 
БҮРКІТ КЕГІ 
Қыран бүркіт бір күні, 
Алып қызыл түлкіні. 
Масаттанып қайтып еді, 
Иесі бастап әңгіме. 
Жиналған жұрттың бәріне, 
Жыр ғып кешке айтып еді. 
Қасына кімдер ергенін, 
Түлкіні қалай көргенін. 
Өзекпен сұмның зытқанын, 
Томағасын сыпырып. 
Алғанда қыран құлпырып, 
Шарықтап көкке шыққанын. 

166 
 
Алдында түлкі көлденеңдеп,  
Аспаннан бүркіт төмендеп, 
Атқан оқтай аққанын. 
Аңшының бәрі жарысып, 
Келсе, ақ иық қарысып, 
Түлкіні алып жатқанын. 
Аттан түсе қалысып, 
Айырып аңды алысып, 
Мәз болып тұрған шақтарын 
Қызылдатып қыраның, 
Өзі де басып құмарын –  
Көк бұйраны атқанын. 
Аң байлана ергендер, 
Қызық көре келгендер, 
Таласып жолға қалғанын. 
Басында керісіп, 
Аяғында келісіп, 
Бір ақсақал алғанын. 
Пұшпақты ілген тұсына, 
Қарап қояды құсына, 
Еркелеткен жүзбенен. 
Қалдырмай бәрін, бірін деп, 
Соғып отыр күлімдеп, 
Мақтанышты сөзбенен. 
Тұғырда сонда отырған, 
Өсіп көңілі құлпырған. 
Ойға кетті ақ иық, 
Түсіп сол күн кешіне. 
Өткізген өмірі есіне, 
Қайғымен бірге жабығып. 
Қиын биік қияда, 
Қиюлы тас ұяда 
Отырғанда жас түлек, 
Арқан салып алғаны, 
Бір ноғайға барғаны 
Мейірімсіз тас жүрек. 
Ойлады қыран, ойлады, 
Ой түбіне бойлады. 
Қылмиып қарап жабыққа, 
Ноғайдың қалай алғанын, 
Азапқа жанын салғанын 
Зар қылып, аспан - жарыққа. 
Аяқ баумен кейітіп, 
Жем де бермей жетілтіп. 
Томағасын алмаған, 
Асау жасты жасытып. 
Ырғаққа үнем асылтып, 
Ұйқысы бір қанбаған. 
Айтқанға әбден көнетін, 
Шақырса жемге келетін 
Болған соң, ақыры жас тағы 
Жуасытып алған соң, 

167 
 
Пайдакүнем аздан соң, 
Қазаққа кетті сатқалы. 
Ноғай қырға барады, 
Есет сатып алады. 
Қыранды, көріп бір күні. 
Міне, бүгін сол Есет, 
Соққан желдей ол еседі, 
Алдырып қызыл түлкіні. 
Қызықпенен күн өтті, 
Жемдеп Есет түлетті. 
Өз үйіне әкеліп. 
Мұнда келіп көңілі өсті, 
Ноғайды қайтып көрмес-ті, 
Бақты Есет мәпелеп. 
Еркелетті ер Есет, 
Болды қыран ересек. 
Қанаты қатып қайратты. 
Сипады ол, сылады, 
Бүркіт көңілі тынады, 
Көрмеді қайтып ырғақты. 
Ат үстінде күнде Есет, 
(Бүйтуді ноғай білмес еді). 
Бүркітті алып жүреді, 
Қаяусыз енді көнігіп. 
Иесіне елігіп, 
Әкесіндей көреді. 
Есетке еркін билетті, 
Баулып Есет үйретті. 
Бабын тауып қайырып, 
Алғыр құс әбден атанды. 
Алып түрлі жат аңды, 
Кетті даңқы жайылып. 
Қашпаса, түлкі амал жоқ, 
Қыранға мұнан жаман жоқ. 
Көрінсе, бірақ алған-ды, 
Аң алдынан құтылып. 
Кеткен емес сытылып, 
Содан Есет малданды. 
Есеттей дос болмас деп, 
Баяғы ноғай оңбас деп, 
Қозғалып бүркіт саңғыды. 
Күні бойы ат қаққан, 
Есетімен көп шапқан –  
Көзін жұмып, қалғыды. 
Қыранның даңқы алысқа, 
Жат пен жақын, танысқа 
Жайылып тегіс кетіп еді. 
Көруге кімдер келмеді, 
Біріне Есет бермеді, 
Бәрі де көңіл етіп еді. 
Есеттің бір күн сорына, 
Баймырза келді жолыға. 

168 
 
Елінің мықты төресі, 
Жатты да келіп жабысты. 
Түрлі сөзбен шалысты, 
Болып көп мал бересі. 
«Жылқымнан таңдап жүйрік 
Берейін қосып тағы мал, 
Бүркітіңді қи, - деді, 
 - Әдейі өзім келген соң, 
Жақсы болмас бермесең...» 
Есет сонда бүй деді: 
«Алдияр тақсыр, хан төрем, 
Арызымды қабыл ал, төрем! 
Бай емеспін, кедеймін, 
Аз малымды алсаң да. 
Күн көргішсіз қалсам да, 
Бүркітімді бермеймін. 
Тірідей қолдан шығарман, 
Не пәлеге шыдармын. 
Ризалықпен көну жоқ, 
Қинама, тақсыр, жанымды. 
Ала бер шауып малымды, 
Қыранды қолдан беру жоқ». 
Зіркілдеді Баймырза: 
«Бұл неме өзі қай мырза? 
Бетімнен менің алатын! 
Сыйламасаң Бәкеңді... 
Танытармын әкеңді... 
Арсылдап итше қабатын. 
Не деп отыр, қарашы, 
Иттің ғана баласы, 
Қуарған кедей, оңбаған! 
Ұмытпа, балам, сөзіңді, 
Жоғалтармын көзіңді, 
Не дедің жаңа сен маған? 
Тұра тұр, - деп, - балам-ай!» 
Тамаққа да қарамай, 
Баймырза кетті кектеніп, 
Қандай сұмдық болар деп, 
Бұл бір пәле салар деп, 
Есет қалды сескеніп. 
Шала ұйықтады ол күні, 
Қайғылы болып көңілі, 
Есет сынды ер енді. 
Ерте тұрса - қан сонар, 
Аңшылыққа жан құмар –  
Бүркітін алып жөнелді. 
Қыран бүгін сымбатты, 
Күйіне келген тым қатты, 
Көрінсе, қасқыр алатын. 
Қоян-қолтық келмей-ақ, 
Кезіккен әр жерден-ақ, 
Жұлдыздай ағып баратын. 

169 
 
Ұмытты Есет қайғыны, 
Болар деп пәле қай күні –  
Кешеден басын даң қылған. 
Есіл-дерті аң енді, 
Көрінсе деп қап, енді, 
Қазалы шіркін қаңғырған. 
Көңіліне желік енеді, 
Шыдамай Есет келеді, 
Жеткенше биік басына. 
Бір уақытта тамаша... 
Бұрылып Есет қараса, 
Баймырза келеді қасына. 
Тегін емес - жанжалмен, 
Салды бетке қанжармен. 
Қансырап Есет құлады. 
Қайтарып боп намысты, 
Төре құсқа жабысты, 
Таңырқап қыран тұрады. 
Тастай беріп қаруды, 
Аяқ баудан алуды. 
Баймырза ойлап келеді, 
«Мендік болдың, қыран», - деп, 
«Тау тағысын қырам», - деп, 
Жақындап жанай береді. 
Есетке қыран бір қарап, 
Екі көзі қанталап. 
Баймырзаға төнеді, 
Беттен бүріп алған соң, 
Демі құрып аздан соң, 
Тұншығып төре өледі. 
Достың құны мұнымен, 
Бітпегендей шынымен, 
Армансыз бүркіт кек алды. 
Кеудесін сөгіп төренің, 
Суырып алып жүрегін, 
Тамызбай қанын жеп алды. 
Жан-жағына қаранды, 
Көзін тігіп қадалды, 
Есет жатыр жаны жоқ, 
Өзгені көзі көрмеді, 
Көрсе де, көңіл бөлмеді, 
Есетсіз қырдың сәні жоқ. 
Азырақ қыран толғанып, 
Қос қанатын қомданып, 
Көтерілді қалықтап. 
Есетті ұшып айнала, 
Жүріп біраз жай ғана, 
Аспанға асты шарықтап... 
Мадияр 
Тарихи бөлім 

170 
 
ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗДЫҢ АТА-ТЕГІ ТУРАЛЫ 
Тарихи мағлұматтар 
Қазақ, қырғыздың тарихын жазуға кіріскенде: «қазақ», «қырғыз», «алаш», «үш жүз» деген 
аттар қайдан шыққан, қазақ пен қырғыздың тегі кім, бұлар қашаннан бері өз алдына жұрт 
болған»  -  біліміміз  жеткенше,  алдымен  шешетін  жұмбақтың  бірі  осы.  Біз  бүл  туралы 
тапқан-таянғанымызды  оқушылардың  алдына  салып,  кітап  басылмастан  бұрын 
білгіштердің  сынынан  өткізіп  алуды  лайық  көрдік.  Қара  халықтың  ұғымынша,  «атамыз 
Адам пайғамбар...» деп бәрі де жаттап алған құрғақ шежірені саулата берумен, қазақ пен 
қырғыздың  тегін  еріксіз  «пәлен  әулие,  түген  сахабаға»  апарып  телумен  нағыз  тарих 
шықпайтыны  оқымысты,  білімді  азаматтарға  аян.  Тарих  кітабы  ғылым,  білім  арқасында 
ғана дұрыс. Иә, орасан қатесіз шығуға мүмкін. 
Бүл  күнге  шейін  қазақ,  қырғыз  тарихы  туралы  толық  мағлұматтар  кемдіктен,  қазақ, 
қырғыздың өз арасынан шыққан зерттеушілер ерте күннен болмағандықтан, соңғы кезде 
тарихымызды  жарыққа  шығаруға  талаптанған  азаматтар  әр  ағаштың  басын  бір  шалып, 
құрап-сұрап, өзге жұрттың жазғандарын  тексеріп, қараңғыны қармалағандай болып жүр. 
Сөйткенмен,  шын  кіріссек,  үздіксіз  ізденсек,  жоқты  ойлап  шығармағанмен,  көмескіні 
ашуға, барды табуға болар деп сенеміз. 
Сондықтан, тарихи әдебиеттен болсын, халық аузында ертеден сақталып келген қисынды 
сөздерден болсын, төменгі біздің жазғанымыздың кемін толтырарлық, қатесін көрсетерлік 
білгендері  бар  қазақ-қырғыз  азаматтары  осы  мақаланы  оқығаннан  кейін  кешіктірмей 
жазуларын өтінеміз. 

Қазақ-қырғыздың атын, тегін теріс ұғыну 
Қазақ-қырғыздың атын, тегін, қандай жұрт екенін зерттеп, алдымен жаза бастаған - басқа 
жұрттың  тарихшылары.  Бірақ,  олар  әріден  ескеріп,  көптен  жазып  келе  жатқан  жоқ. 
Кейбіреулері кезі келгенде белгілі бір мақсатпен жазған. Бір парасы ғылымға әуестікпен, 
шынымен зерттеген. Бұлардың бәрі де өте кеш кірісіп, бергі екі-үш ғасырлық дәуірлерді 
ғана болмаса, қазақ-қырғыздың арғы кездегі  атын, тегін, өткен өмірін жақсы біле алмай, 
әлі  күнге  шейін  жорамалдап  келеді.  Қазақ  жайын  білуге  еуропалықтар,  айрықша  орыс 
білімпаздары,  XVIII  ғасырдың  ортасынан,  яғни  1730  жылдар,  Әбілқайыр  хан  тұсында 
Кіші жүз орысқа қарағаннан бері ғана кірісе бастаған. XVIII ғасырдың орта кезінде қазақ 
жайынан  жазған  Г.Ф.  Миллер,  П.С.  Даллас,  И.Г.  Георгий,  Н.П.  Рычков,  Ф.Б.  Фишер 
дегендердің  кітаптары  шыққан.  Бұлар  қазақ-қырғыз  жайын  жете  біліп,  зерттеді  деуге 
болмайды. Біреулері қазақ пен қырғызды екі түрлі жұрт деп, біреулері бір тұқымнан деп, 
бүл  екі  пікірдегілердің  екі  жағы  да  қазақ  пен  қырғыздың  иә  тектестігін,  иә  басқалығын 
сипаттай  алмаған.  XIX  ғасырдың  басында  қазақ-қырғыз  жайын  зерттеген  Г.Ю.  Клапрот, 
К.Риттер  секілді  білімпаздардың  да  мағлұматтары  өте  ұшқары,  орасан  қате  болғандығы 
көрінеді.  Мәселен,  Клапрот  қазақтығында  талас  жоқ  найманды  бұрынғы  Обь,  Енисей 
өзендері  бойындағы  қырғыз  тұқымы  дейді.  Риттер  түркі  нәсілінен  екендігіне  ешкімнің 
дауы жоқ қазақ пен қырғызды индо-герман затынан болуға тиіс, Енисейге ауып келіп, көп 
жұртпен қаны араласып, «түркі» болып кетсе керек деп жориды. 
Өстіп,  қазақтың,  қырғыздың  тегін  әркім  әртүрлі  жорып,  бірінің  адасқан  ізін  бірі  басып, 
көрінеу жалған, болымсыз дәлелдер көрсетумен келген. Қазақ жайын өзгелерден гөрі жете 
зерттеген: А.И. Левшин. Мұның кітабы 1832 жылы басылып шыққан. 

171 
 
Бүл  күнге  шейін  қазақ,  қырғыз  тарихы  туралы  жазушылар  Левшинді  аттап  өткен  емес. 
Қайсылары  Левшиннің  кейбір  пікіріне  қарсы  болса  да,  көбінесе  оны  негіз  қылып  алып 
жүргені белгілі. 
Қазақ-қырғыздың аты, тегі һәм қашаннан бері тарих жүзінде белгілі жұрт болғаны туралы 
бұрынды, соңғы тарихи мағлұматтармен таныса келе, біз төменгі қорытындыға келдік. 
Қазақ  пен  қырғызды  бөтен  жұрттар  бүл  күнге  шейін  дұрыс  атамайды.  Мәселен,  орыс 
халқы қазақты «киргиз-кайсак» деп бір сөз орнында айтады. Қырғыздың өзін де жоғарыда 
айтқандай  «киргиз-кайсак»  деп,  кейде  «тағы  қырғыз»,  «қара  қырғыз»  дейді.  Қырғызды 
қытайлар  юрут  дейді.  Дұрысында,  казак  пен  қырғыз  еш  уақытта  өздерін  жоғарыда 
айтқандай  бөтен  жұрттар  таққан  атпен  атаған  емес.  Қазақ  өзін  қашаннан  «қазақ»  деп, 
қырғыз өзін  «қырғыз»  деп келеді. Қырғыз бен қазақ арғы тегі  бір болғанмен, екі  атаның 
баласы,  біріне-бірі  туыс,  жақын,  түркінің  екі  руы  екені  мәлім.  Орыстардың  «казак», 
«кайсак», қытайлардың «хасах» деп жүргендері - «қазақ» деген сөзді бұзғаны. Қайсы бір 
күншығыс  жазушылары  қазақ  Айсадан  бұрын  өз  алдына  жұрт  болған  деулері  қаншалық 
дәлелді екендігін сипаттау қиын болса да, «қазақ» аты қазақтың өз алдына жұрт болғаннан 
бері өзгерілмей келе жатқандығы, ешуақытта қазақ өзін өзге атпен атап көрмегендігі анық. 
Қазақтың «қазақ» аты Парсы, Бұхар, Хиуа һәм өзге Азия жұрттарының көбіне мәлім. Ерте 
заманда  қазақпен  аралас  болған  ескі  жұрттардың  бірі  қытайлар  да  қазақты  «хасах»  деп 
атайтындығы жоғарыда айтылды. 
II 
Қырғыздың аты, тегі һәм қашаннан бері жұрт болғаны 
туралы 
Қырғыздың арғы тегі түркі тарихының ертедегі бұлдыр кездеріне барып жоғалады. Мұнан 
200  жыл  шамасы  бұрын  түркі  шежіресін  жазған  атақты  Әбілғазы  Баһадур  ханның 
айтуынша,  Оғыз  хан  немерелерінің  бірінің  аты  Қырғыз  екен.  Сондықтан,  осы  күнгі 
қырғыз  елі  соның  тұқымы  дейді.  Бірақ,  қырғыздар  арғы  замандарда  әр  жұрттан 
шабыншылық,  қырғыншылық  көп  көріп,  тұқымы  азайып  қалған  дейді.  Оғыз  ханның 
заманы  Айсадан  екі  -  үш  ғасыр  әрмен  жатыр.  Әбілғазының  қырғызды  Оғыз  ханнан 
таралуы тарихи дәлелдермен бекітілмеген болса да, әйтеуір, қырғыз Азияны мекен еткен 
жұрттардың арыдағы бір тарауы екені анық. 569 жылы II Император Юстин Стамбулдан 
Земарк деген елшісін Азияның солтүстік-күншығыс аралығындағы көшіп-қонып жүретін 
түркілердің улы ханы Дезауылға жібергенде, хан елшіге қайтарында қырғыз текті бір күл 
сыйлаған. Әбілғазының айтуынша, қырғыз Шыңғыс хан заманынан көп бұрын күшті жұрт 
болып тұрып, қырғыз ханы Орыс хан елімен өздері тіленіп, Шыңғыс ханға бағынған. Ол 
кездегі  қырғыздың  мекені  Селенгі,  Ойғыр-Муран  өзендерінің  арасы  дейді.  Кейінгі 
тарихшылар да Әбілғазының бүл сөзін растайды: Ойғыр-Муран - осы күнгі Енисей өзені. 
Сібірді орыс алғанда қырғыздар сол арада болған. Шыңғыс заманындағы мекені де сол еді 
деседі.  Қырғыз  елін  Шыңғыс  хан  (мұнан  700  жыл  бұрын)  кіші  баласы  Төлеге 
тапсырғандығын  ескі  тарихшылардың  бәрі  бекітеді.  Қытай  тарихшылары  да  қырғыздың 
ескі  жұрт  екендігін  көрсетіп,  қырғыз  бен  қазақ  екеуі  де  түркі  нәсілінен  тарағандығын 
сыпаттайды. 
Қырғыздың XIV ғасырдан XVI ғасыр аяғына  шейін қандай күйде болғаны тарихта анық 
айтылмайды. Бірақ, XVII ғасыр бойы үздіксіз қырғыз атағы Сібір шежірелерінен шығып 
отырады.  Том,  Енисей  аралығындағы  өзендердің  бойында,  Саян  тауларының  маңында 
мекен  етіп  жүріп  қырғыздар  XVII  ғасыр  бойы  Сібірдегі  жаңа  орныққан  көршілес  орыс 
қалаларын мазалап, шауып ала беретін болған. Ол кезде тұрғылас елдердің бәрі қырғызға 

172 
 
жау  болып,  қырғыз  орыспен  де,  монғолмен  де,  жоңғармен  де  дамылсыз  соғысып,  кейде 
жеңіп, көбінесе жеңіліп отырған. 
Ақырында,  қырғыздан  әбден  мазасы  кеткен  соң,  XVII-  XVIII  ғасырлардың  өліарасында 
жоңғардың қонтайшысы орыс өкіметімен бірігіп, қырғызды тықсырып, осы күнгі мекені - 
Алатауға шығарып жіберген. 
III 
Қазақ қалай қырғыз атанды 
Бұрын қырғыз елі Сібірді мекен етіп тұрғанда, Сібірдегі орыстың қалаларын, ауылдарын 
дамылсыз  шауып,  мазасын  кетіре  бергендігі  мәлім.  Ол  кездерде  орыстар  «әне,  қырғыз 
шауып  кетті,  міне,  қырғыз  келіп  қалды»  деген  күйге  ұшыраған.  «Қырғыз  келеді»  десе, 
орыстың  жылаған  баласы  оянатын  болған.  Сондықтан,  орыстың  ұғымында  «қырғыз» 
деген сөздің өзі «жау, шабағаншыл» мағынасында орнап қалған. Ал, қырғыздан кейін әрі 
көп,  әрі  орысқа  бағынбай,  оз  алдына  отырған  қазақ  жұрты  орысты  қырғыздан  жаман 
жәбірлеп,  әсіресе,  Сібірдің  оң  тұсындағы  облыстарына  үлкен  зиян  келтіре  берген  соң, 
қазақты да қырғыздай жек көріп, сөгіс орнына қырғыз (киргиз) деп атаған. Қазақ секілді, 
Сібірде  ол  кезде  орыспен  сыбайлас  отырған  татар,  моңғол  елдері  өздерінің  аздығынан 
болса да, жуастығынан болса да, орыспен жауласпай, ұрыс-қағыссыз тату тұрған. 
Қазақты  орыстың  «қырғыз»  деуінің  жаңағы  айтқаннан  басқа  тағы  бір  себебі  болған. 
Алғаш  Сібірді  мекен  еткен  орыстар,  Сібірді  алушының  бастығы  Ермак,  оған  ергендері, 
оның  тұқымы  -  бәрі  казак  (казак-орыстар)  еді.  Сондықтан,  оларға  өздерін  де  казак, 
қазақты  да  казак  деу  қапелімде  ыңғайсыздық  келтіретін  болған.  Үнемі  «қай  қазақ»  деп, 
айырып отыру қажет бола берген. 
Міне,  сонан  бері  қазақты  қырғызбен  шатастыру,  қырғызды  да  «қырғыз»,  қазақты  да 
«қырғыз»  деп  атау  басталады.  Сонан  бері  бұл  екі  елдің  шежіресін  білмегенде,  кейбір 
тарихшылардан  бастап,  қазақ-қырғызбен  қатынасы  кем  жұрттардың  көбі  екеуін  де 
«қырғыз»  дейтін  болған.  Қазақты  орыс  «қырғыз»  деп  атайтын  болған  соң,  қазақ  орысқа 
бағынып,  жазу-сызу,  заң-законның  бәрі  орыс  тілінде  жазылғаннан  кейін,  күні  бүгінге 
шейін  қазақтың  орысша  оқығандарының  өзі  орысша  жазғанда,  сөйлескенде  қазақты 
«киргиз» деп әдеттенген. 
IV 
Қазақтың аты, тегі һәм қашаннан бері жұрт болғаны 
туралы 
Қазақ  пәлен  уақыттан,  пәлен  ғасырдан  бері  жұрт  болыпты  деп  кесіп  айтуға  болмайды. 
Орыс  шежірелерінде  қазақтың  мәлім  болуы  XVI  ғасырдың  ішінде  ғана,  буған  қарап 
қазақтың  өз  алдына  жұрт  болуы  сонан  бері  ғана  деуге  келмейді.  Орыс  жазушыларының 
көбі  ең  алғашқы  казак  татар  арасынан  шыққан.  Қазақ  деген  аттың  өзі  сонда  аталған. 
Бұрынғы  һәм  қазіргі  қазақтың  аты  сонан  келеді  деп  сипаттайды.  Бұл  пікірді  күншығыс 
тарихшыларының  бәрі  де  бекер  дейді.  Олардың  жазуынша,  қазақ  ескі  жұрт,  арғы 
замандарда өзін-өзі билеген, ешкімге бағынбаған деседі. Қайсы біреулері қазақтың казак 
аталып дәурен сүруі Айсадан арғы заманда болған дейді. Бірақ, мұны бекітерлік толымды 
дәлелдер тарихта ұшырамайды. 
1020-жылдарда  өмір  сүрген  атақты  Фирдоуси  өзінің  тарихында  қазақ  жұрты  һәм  қазақ 
хандары  туралы  жазады.  Бұған  қарағанда,  қазақ  Фирдоусиден  бұрын  мемлекетті  жұрт 
болғандығы көрінеді. Фирдоусидің айтуынша, қазақ ескі жұрт, өзінің жауынгерлігімен, ел 

173 
 
шабуымен  заманда  атақ  алған.  Соғысқа  шыққанда  қазақтың  тұтынатын  құралының 
көрнектісі - найза болған. 
Кейін  Азияда  қолына  найза  ұстап,  жорыққа  аттанғандарды,  нағыз  қазақтың  әдетінше 
көрші елдеріне шабуыл жасай бергендерді жұрт «қазақ» деп атай беретін болған. 
Кейбіреулердің «қазақ ноғайдан шыққан» деп жүру себебі: ноғай арасынан әлгідей қазақ 
сияқты жорыққа аттанушылар қимылы, өнері  шын  қазақтікіне ұқсас болған  соң, олар да 
«қазақ»  атанған.  Нағыз  қазақтың  жоғарыда  айтылғандай  салтына,  жауынгерлігіне,  қару-
жарағына ұқсас жағын алып, өздерін де «қазақ» деп атау әдет болған. 
Шынында, «қазақ» деген сөзге өзге бір айрықша мағына беруге, басқа бір тілге аударуға 
келмейді. «Қазақ» деген сөз пәлен жұрттың тілі, оны түген жұрттың тіліне аударса, сондай 
мағына шығады деп ешкім айта алмайды. 
Ориенталист  О.  Ю.  Сенковский  бұл  туралы  былай  дейді:  «Белгілі  Бабыр  мырзаның 
шағатай  тілінде  жазған  кітабында  қазақ  деген  сөз  ұшырайды.  Бабыр  қазақты  бетімен 
жайылушы, өз еркімен жүруші мағынада түсініп, осыдан «қазақылық», «қазақламақ» деп 
өзгертеді.  Мұнан  анық  көрініп  отыр:  бүл  мағына  «қазақ»  атанған  жүрттың  түрмыс-
салтынан  алынғандығы.  Россияны  татар  билеп  тұрған  заманда,  крестьян  табынан  бөлек 
еркін болып, өздері тілегенше бір жерден екінші жерге қоныс аударып көшіп жүрген орыс 
текті  азат  адамдар  «қазақ»  (казак)  атанған.  Соңынан,  осылардың  аты  Запорож,  Дон 
казактарына тағылған. Орыс жерінен қашып, Днепр, Дон жағаларын жайлағандардың бәрі 
казак  атанған,  яғни  өздерін  қазақ  сияқты  азат  адамдармыз  деп  санайтын  һәм  атайтын 
болған». 
Орыс  тарихшыларының  көбі  қазақ  түрік-моңғол  жұртының  әр  руынан  құралып,  беріде 
ғана  жұрт  болған.  Қазақ  деген  сөздің  мағынасы  -  бетімен  өскен,  еркін  жүрген,  қазақ  әр 
елде  де  болған  деулері  дәлелсіз.  Әсіресе,  қазақты  XV  ғасырда  жұрт  болды  һәм  қазақ 
құрама  мағынасында  мұндай  ат  әр  жұртта  бар  деулері  қисынсыз.  Қазақтың  ескі  жұрт 
екендігі  туралы  Фирдоусидің  қазақ  дәлелін  бекерге  шығарған  ешкім  жоқ.  Фирдоусидің 
қазақ  жұрты  һәм  қазақ  хандары  жайынан  жазғанына  900  жыл  өтіп  отыр.  Әлбетте,  қазақ 
Фирдоуси жазған жылы ғана жұрт бола қоюы мүмкін емес. Сол жылы қазақ деген жұрт, 
қазақ жұртының хандары болғаны рас болса, ол жұрт оның аржағында пәлен ғасыр бұрын 
оз  алдына  жұрт  болуға  керек.  Фирдоусидің  жазғаны  осы  күнгі  біздің  қазақ  болмай,  өзге 
жұрт  болса,  ол  жұрттың  қайда  кеткенін  бір  тарихшы  айтпайды.  Екінші  қазақ  жұртының 
құрамалығына  аты  дәлел.  Қазақ  әр  жұртта  болған,  әр  жұрттан  наразылықпен  бөлініп 
шыққандардың  бәрі  қазақ  атала  берген.  Сондықтан,  қазақ  жұрты  да  түрік,  моңғолдан 
бөлініп  шыққан  тұқымдардан  құралған  деуді  дәлелсіз  көретініміздің  мәнісі  -  қазақ 
бөлінуші, бетімен жайылушы, еркіндікті сүюші мағынада екендігі. Рас болғанда да, жұрт 
біткеннің  бәрі  бұл  мағынаны  «қазақ»  деген  бір  сөзбен  атауының  қисыны  жоқ.  Өйткені, 
жұрт  біткеннің  бәрінің  тілі  бір  емес.  Қазақ  деген  соз  бір  жұрттың  ғана  тілі  болып,  өзге 
жұрттар  өздерінің  «қазағын»  оз  тілімен  атауға  керек  емес  пе?  Сондықтан,  біз  өзге 
жұрттардан  бөлініп  шығып,  өз  бетімен  кетіп,  қазақ  жұртының  тұрмыс-салтына  еліктеп 
айтылған деген ориенталист Сенковскийдің пікірін дәлелді көреміз. 
Орыс  тарихшылары  айтқандай,  қазақ  беріде  ғана  құралған  жұрт  емес  екендігі  жоғарыда 
сөйлегендерден  де  көрінсе  керек.  Қазақ  анық  құрама  ел  деп,  болмаса  бір  тұқымнан  деп 
таласуға  болғанмен,  дәл  қайсысы  екенін  кесіп  айту  қиын.  Қазіргі  тарихи  дәлелдердің 
күштірегі - қазақ түрік тұқымдарынан біріккен қурама жұрт екендігін қуаттайды. Әрине, 
қазақ түріктің бір ғана руы. Өзге рулардан қатынас тіпті жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ, 
құрама  болғанда  да  негізгі  қазақ  X  ғасырдың  ар  жағынан  келіп,  өзге  түрік  қауымдары 
кейіннен  бірте-бірте  қосылып  отырған.  Қазақтың  осы  күнгі  кей  рулары,  мәселен,  қаңлы, 
қыпшақ, керей, найман Айсадан бұрын  дәурен сүрген елдер екенін тарихшылардың бәрі 

174 
 
де  сыпаттайды.  Бірақ  көбі,  жоғарғы  айтқанымыздай,  қазақтың  оз  алдына  жұрт  болуы 
беріде  болған.  Қазақ  көбінесе  қаңлы,  қыпшақ,  дулат,  арғын,  найман,  керей  руларынан 
құралған.  Булардың  арасында  керей,  найман,  дулат  моңғол  тұқымынан.  Қазақтың 
ұйытқысы таза түрік нәсілді қаңлы мен қыпшақ дейді. 
Тарихшылардың көбі қазақтың құрамалығына дәлел қылып, қазіргі қазақ руларымен аттас 
қаңлы,  керей,  қыпшақ,  тама  сияқты  рулар  қазақтан  басқа  түрік  жұрттарының,  мәселен, 
Стамбул түріктерінің, башқұрт, өзбектердің арасында барлығын келтіреді. 
Қазақ тарихын жазған Чулочников қазақ ескі жұрт емес, XV ғасырда әртүрлі түрік-моңғол 
тұқымдарынан  құралған  деген  пікірлерді  қуаттайды.  Мәселен,  Шоқан  Уәлиханұлы,  өзі 
қазақ, қазақтың құрама жұрт екенін, XIV-XV ғасырларда ғана жұрт болғанын айтады, — 
дейді Чулочников. Мұның «Шоқан өзі қазақ» дегені болмаса, Шоқанның пікірі де «Қазақ 
құрама, беріде жұрт болған» деушілерге қосылғаннан басқа, өз дегенімен жаңадан тапқан 
дәлелдері жоқ. Чулочников Шоқаннан басқа В.В. Григорьев, В.В. Вельяминов-Зернов, Э. 
Мейр, Красовский, В.В. Радлов, JI. Ибрагимов, Н.И. Веселовскийлердің пікірін қуаттайды. 
Булардың  көбі  бірінің  пікіріне  бірі  қосылып  отырған,  көбі  Вельяминов-Зерновтың 
бағытымен кеткен. 
Чулочников  антропологтерден  Иванский,  Харузин,  Чугуновтың:  «қазақ»  құрама,  себебі: 
қазақтың бәрінің түрі бірдей емес» деген дәлелдерін көрсетеді. 
Қазақты  антропология  жолымен  зерттеушілердің  бәрі  де  XIX  ғасырдың  аяқ  кезінде 
кіріскен.  Қазақтың  түрі  бірдей  еместігі  құрамалығына  дәлел  болғанымен,  қашан 
құралғанына һәм ескі жұрт еместігіне дәлел бола алмайды. Өйткені, қазақ затында бір - ақ 
тұқымнан  болса  да,  қазіргі  түрінде  түрлілік  болмай  қоймас  еді.  Арғы  атасы  түріктен 
бөлінбей  тұрған  заманда  да,  соңынан  оз  алдына  жұрт  болып  жүрген  заманда  да,  қазақ 
жауынгер  ел  болып,  кез  келген  жұрттың  бәрімен  соғыса  бергені  анық.  Соғыста  жеңген 
елдерін  шауып  алып,  жетім-жесірді  олжа  қылып,  ұлын  құл,  қызын  күң  етіп  жүргені  де 
мәлім. 
Қазақтың бұрынғы хандары, батырлары, билері жеңген елдерінен қатын алмағаны кемде-
кем.  Жаугершілік  басылып,  бейбітшілік  заман  орнағаннан  бәрі  де  қазақ  көршілес 
ногайдан, башқұрттан қыз алып, құда болуы, аса коп болмаса да, бірсыпыра бар. Мәселен, 
мұндайдың  көбірек  жері  -  Жетісу,  Семей  облыстарында.  Бұл  облыстарда  «шала  қазақ» 
атанып жүргендердің бәрі ногаймен қан араласқаннан болған. Түркістан қазағы арасында 
көп  болмаса  да,  сарттан,  өзбектен  қыз  алып,  араласқандық  бар.  Өткен  бір-екі  ғасырдың 
ішінде  солдаттан  қашып,  қазақ  арасына  келген,  саудамен  жүріп  қазақ  арасында  тұрып 
қалып, қазақ болып кеткен ноғай, башқұрттар Түркістан, Бұхарадан шығып, казак арасына 
сіңісіп  кеткен  қожа-молдалар  болған.  Осы  айтқандардың  бәрін  қорытқанда,  казак  қаны 
өзгелердікімен араласып, аз да болса, түріне өзгешелік кіргізгені  анық болса керек. Әлгі 
айтқандардың  бәрі  қазақтың  бір  аймағында  иә  бір  руында  ғана  болмай,  әр  елінде,  әр 
жерінде болғандықтан, қазақты антропология жағынан сынаушыларға мұндай түрлері кез 
келе беруі мүмкін. Қазақтың түріндегі осындай түрлілікті тауып, олар қазақ құрама жұрт 
деген  пікірге  келуі  де  ықтимал.  Бірақ,  бұған  қарап,  қазақты  XV  ғасырда  ғана  құралып, 
жұрт болған деуге келмейді. Қазақтың құрамалығы ескі жұрт екендігіне қарсы дәлел бола 
алмайды. Қайта кұрама бола тұрып, бүл күнде тілі, әдет - ғұрпы, салт-санасы бір кісінің 
баласындайлығына  қарағанның  өзінен  қазақтың  ескі  жұрт  екендігі,  кейіннен 
қосылғандардың ұйытқысы қазақ екендігі сипатталады. 
Қазақ ескі жұрт екендігіне дәлел қылып, Левшин Фирдоуси пікірін қуаттаса, Орта Азияны 
зерттеуші  атақты  ориенталист  Герман  Вамбери  Фирдоусиді  де  айтып,  бұған  қосымша  X 
ғасырда  «қазақ»  жайында  жазған  Константин  Пурфирурудный  сөзін  де  ортаға  салады. 
Қазақтың  ескі,  һатта  бір  тұқымнан  өрбіген  жұрт  екендігіне  осыларды  көрсетіп,  оның 

175 
 
үстіне  оз  пікірін  де  баяндайды.  Вамбери:  «Каспий  теңізінен  Алтайға,  Оралдан  Тянь-
Шаньға  шейін  жайылып  жатқан  қазақ  даласындағы  қазақ  руларының  тілінде,  мінезінде, 
құлқында,  әдетінде,  ғұрпында  ешбір  айырма  жоқтық,  бәрінікі  бірдейлік  қазақ  жұрты 
бірыңғай, бір тұқымды жұрт екендігінің дәлелі», - дейді. 
Қазақ  ескі  жұрт,  XV  ғасырдан  бері  ғана  құралып,  ел  болғаны  туралы  тарихшылар 
арасында  талас  коп  болса  да,  қазақ  Алтын  Ордадан  бөлініп  шығып,  осы  күнгі  қазақ 
атанған, түрлі түрік руларынан құралғандығына көбі даусыз бірігеді. 
Шыңғыс  хан  дәуірлеп,  ешкімнен  беті  қайтпай,  соғысқан  елдерінің  бәрін  жеңіп, 
қылышынан  қан  тамып  тұрған  заманында  үлкен  баласы  Жошыға  ол  кезде  Еділ-Жайық 
арасын  мекен  ететін  қыпшақ  елін  берген.  Сонан  кейін қыпшақ  «Жошы  елі,  Жошы  ұлы» 
атанған, «Дешті-Қыпшақ» деп те аталатын болған. Жошы өлген соң, Шыңғыс хан Жошы 
елі  -  Дешті-Қыпшаққа  бір  баласы  Батуды  хан  қойған.  Қыпшаққа  жүргізерде  Батуға 
Шыңғыс  алтындаған  ақ  отау  көтеріп  беріп,  билеген  елің  –  Дешті  -  Қыпшақ  -  «Алтын 
Орда» аталсын деген екен. Тарихта Қыпшақ мемлекетінің «Алтын Орда» аталатын себебі 
сол. 
Үш  ғасыр  бойы  дәурен  сүріп  дүркіреген,  бүкіл  Россияны  өзіне  қаратқан,  Орта  Азияның 
көп жерлерін иеленген Алтын Орда XV ғасырдың аяқ шенінде құлауға айналып, берекесі 
кете  бастағаннан  кейін  астындағы  елдер  тозып,  бытырап,  солардың  бір  тайпасы  -  қазақ 
бөлініп шыққан. 
Қазақты  ескі  жұрт  дейтін  тарихшылардың  бірі  Левшнн  жазады:  «Қазақ  Азияда  ежелден 
белгілі жұрт, толып жатқан түрік руларының бірі. Ескілігі найманға да, қырғызға да, өзге 
өзімен тектес елдердің біріне де беріспейді. Қазақ Шыңғыс ханның қол астына қарап, онан 
кейін Шыңғыс ұлы үлесіне тиді. Бірақ, Алтын Ордаға қараса да, ішінара  кейде өзінің де 
хандары  болып  тұрды.  Алтын  Ордадан  бөлініп  шыққаннан  кейін,  XV  ғасырда  қазақ  өз 
алдына  жеке  жұрт  болды.  Ол  кезде  қазақтың  Арыстан  деген  ханы  болыпты.  Арыстан 
заманында  қазақ  хандығының  күштілігі  сондай,  соғысқа  бірден  400  мың  әскер 
аттандыруға  шамасы  келеді  екен.  Осылай  деп  Индияда  белгілі  Ұлы  моңғол  мемлекетін 
құрған  Бабыр  патша  жазады»,  -  дейді  Левшин.  Бабыр  патша  қарындастарының  біреуін 
Арыстан ханға берген, Арыстанның күшейіп тұрған шағын Бабыр өз көзімен көрген дейді. 
Міне,  сол  кезде  Алтын  Ордадан  тараған  елдердің  көбі  өз  еркімен  қазаққа  қосылған.  Иә, 
қазақ олардың бірсыпырасын күшпен қосып алған. Осы күнгі қазақ рулары аталып жүрген 
қыпшақ,  найман,  қоңырат,  жалайыр,  қаңлы  сол  кезде  келіп  қазаққа  қосылған  дейді 
Левшин. 
Қай  тарихшы  болса  да  қазақтың  осы  күнгі  руларынан  қаңлы,  қыпшақ,  арғын,  найман, 
керей,  дулат  секілділердің  қазақтың  аты  шықпастан  бұрын  мәлім  болғандығын 
сипаттайды.  Ескіден,  һатта  Айсадан  бұрын  һәм  кейін,  түркінің  түркі  болып,  кемеліне 
жетіп  тұрған  замандарында  да  өз  алдына  ел  аталып  жүрген  әлгі  рулар  қалайша  соңғы 
төрт-бес ғасырдың ішінде ғана өздерін қазақпыз, қазақтың руларымыз деп кетті? Мұның 
мәнісін ақыл қанағаттанарлық қылып бұл күнге шейін тарих анықтаған жоқ. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет