188
3. Отаршылдық саясатының нәтижесі
Жоғарыда Түркістанда патша хүкіметінің жүргізген екі түрлі отаршылдық саясатының
салдарына келелік.
1915 жылғы санақ мағлұматына қарасақ, Түркістанда келімсектер пайдасына алынған жер
мөлшері мынадай:
1. Жетісу облысынан
1. Қазақ-орыстарға - 667 мың десятина жер.
2. Қалаларға - 37 мың жер
3. Ескілікті келімсектерге - 232 мың жер
4. Жаңа келгендерге 1 млн. 277 мың жер
5. Қазынаға (мұның ішінде ағаштар бар) - 1 млн. 750 мың — жер.
6. Қазақ-қырғыздан алынған жер - 3 млн. 369 мың десятина жер.
Бұл жердің ішінде қазақ-орыс пен қара шекпендер егістігі 1 млн. 200 мың десятина,
қалаларының саны 600-дей.
2. Сырдария облысынан
Ескілікті жаңалықты келімсектерге 607 мың десятина, қалаларының саны 260-тай.
2. Ферғана облысынан
Келімсектерге – 75 мың десятина
Қалаларының саны – 50 дей
3. Самарқанд облысынан
Келімсектерге – 3 мың жарым десятина
Қалалардың саны - 3
4. Түрікпен облысынан
Келімсектерге – 7 мың десятина
Қалалары - 28
Сол жылғы санаққа қарағанда, келімсектердің саны жалпы жергілікті жұрттардың санына
қарағанда жүзден 8-і, оның ішінде келімсектердің түтігіп орнаған жері Жетісу облысында,
келімсектер саны 350 мыңдай жан. Яғни, облыс халқының жүзден 27-сі.
Жоғарыда жазғаннан оқушыларымыз көріп отыр, Түркістанда алынған жердің көбі қазақ-
қырғыздан. Сонымен Түркістанда отаршылдық саясаты болды. Жергілікті жұрттардың
жерлері алынды дегенде, бүл Түркістанда қазақ-қырғыз халқының ғана басындағы әңгіме
екенін.
1913 жылы жаздыгүні Түркістанға жер министрінің жолдас бұратаналардың жерлерін
алып, іштен келімсектер көшіріп, орналастыратын Петербурдағы бас мекеменің бастығы
189
Глинко деген келді. Мұнда келгендегі жұмысының мықтысы - Түркістандағы орналасқан
келімсектер хал-жайымен танысу еді. Соның үшін келімсектердің мол орнаған жері
Жетісу облысына барды. Онда орналасқан келімсектердің хал-жайын көріп, іштен
жаңадан келетіндерге деп жоғарыдағы айтқан қалаларға алынған жерлерді аралап, көріп,
дайындалған жердің жүзден алпысын, бүл жерде қара шекпендер күнелте алмайды деп,
шығарып тастады.
Келімсектердің мықтап түтіккен орнының бірі осы күнгі Қазақстан болады. Сонда,
келімсектерге жер алынғанда, жер алушы, өлшеушілерге қысқа қарай жұмысты тоқтатып,
жаздай алған жерлерін есептеп келіп, қазынадан оларға ақша беруші еді. Ақша бергенде,
мынадай: жаз бойына бір жер өлшеушінің алған жері 300 десятинаға шейін болса, онда,
десятина басына айлығынан басқа, тиын жарымынан, 300 десятинаға шейін болса, онда
десятина басына айлығынан басқа тиын жарымнан 300 десятинадан артық болса, десятина
басына 3 тиыннан беретін.
Қырға жер алуға келген шенеуніктер бірінші бұратаналардан «жерді көп алып, хүкіметтің
құтыла алмай отырған іштегі келімсектеріне орын дайындаса, хүкіметтің жан сүйер адамы
болып, шен алып, шекпен кимекші. Екінші көбірек жер алып, қазынадан көбірек ақша алу.
Міне, сондықтан, бүл Түркістанда да, мүмкін келетін қарашекпендердің тіршілігін көп
ойламай, жерді ала бергендіктен Глинко алған жерлердің жүзден 60-ын жарамайды деп
шығарып тастап отырғаны болмаса, Глинко жер, судан, ата қоныстан айырылған қазақ-
қырғызды аяғандықтан емес.
Глинко Түркістаннан Петербурға қайтып барған соң, Министрлер кеңесінде барған
жүмысы жайынан баяндама қылғанда, кеңесте отырғандардың біреуі «қонысынан
айырылған жергілікті қазақ-қырғыз қайда кетіпті» деген сауалына «ақтықтың астына
кетіпті» орысша (Киргизы ушли под белки) деген, яғни ақтықтың асты дегені, карлы тауға
кетіпті дегені.
Ескі хүкіметтің заманында Түркістандағы қазақ-қырғыз жерден айырылып, барар жері,
басар тауы болмай сандалып отырған үстіне 1916 жылы 25 маусым Жарлығы сап ете
түсіп, өзі сыныққа сылтау таба алмай отырған елді шабынан түртіп жіберіп, қазақ-қырғыз
патша хүкіметіне қарсы жанжал шығарып бас көтерді. Оның ақыры жұрттың түбіне
белгілі, қазақ-қырғыз қынадай қырылды. Келімсектен қалған жер судан, мал-мүліктен
айырылды. 60 мыңдай үй Қытайға өтіп кетті. Оның аяғы осы күнге шейін орнына қайта
алмай, Қытайда құлдықта, қорлықта жүр.
Онан үлкен өзгеріс келді. Өзгерістің де бастапқы кезінде отаршыл келімсектер
ортақшылдық тонын айналдырып киіп, жығылған үстіне жұдырық бұрынғыдан жаман
қазақ-қырғызды аң секілді ату, жер-суын, мал-мүлкін тартып алу деген коп болды. Оның
салдары 1916 жылдан соң, әсіресе, өзгеріс уақытында оз бетімен қазақ-қырғыз жеріне
түскен қара шекпендер, қалалар деген көбейіп кетті.
1920 жылдан бастап Түркістанда Кеңестер хүкіметінің саясаты өзгерілгенде саясаттың
негізі - жер мәселесі болып, Түркістанда дауысы жер жарған жер реформасы деген жүріп,
өткен замандағы істелген қиянат, жауыздықтарды жойып, жергілікті жұрттарды жер-су
пайдалану ретінде келімсектермен теңестіру керек деген бетте жүрді.
М. Шағырша,
Ташкент, 1923 жыл, 5-сәуір
190
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Бұл мақаладағы мақсатымыз - кәсіпке қолайсыз құмды, сорлы жерлерді шаруашылыққа
қалай жарату жайын сөйлеу.
Әсіресе, Түркістан мен Қазақстанда кәсіпке жарамсыз жерлер өте коп болады. Бұл
табиғаттың шартынан. Мұндай жерлердің көптігі халықтың шаруашылықтарына көп
ренішті әсерлер бермекші.
Бұл дәуірге дейін жалғыз ғана мал бағып, өсіріп күн көріп келген қазақ елінің
шаруашылығы осы күні екінші түрге айналып, жер емшегін емуге, жерге еңбегін сіңіріп,
кәсіп орнатуына қалып тұр.
Мал өсіріп, тіршілік сүріп келе жатқан халықтарды ықтиярсыз жер кәсібіне қарататын
көшпелі халықтың бір біртіндеп отырықшылдыққа айналуы 19-20 жылдардағы жұттан
малдың қырылуы еді. Мәселен, Торғай облысында аяқты малдан қыстың ішінде жүзден
90-ы қырылып қалған.
Кәсіп орнатып, тіршілік қылуға қолайсыз жердің өте көптігі шаруашылықтың аяғын ілгері
бастырмайды.
Бір жағынан, мұндай боламын деген ойында жоқ, қаннен қапері болмай жүрген тұрмыстан
тәжірибесі жоқ қазақ халқы заман құбылып, бөтен түрге айнала бастағанда, бұған қалай
түсерін білмей яки, табиғатпен күресудің әдісін таба алмай, малға, адамға тамақтың
өсімдікті өсіру қиынға соғып, қабырғасына батады. Мал мен жанды аямайтын, табиғаттың
қаһарына тісін қайрайды.
Міне, осы қалыптың барлығынан себебімізден бұрын, жер кәсібімен таныс емес
халықтарға қалай жерге айналысудың реті туралы аз соз айтпақпыз.
Алдымен сортап жерлердің мәселесін қозғап, онан кейін қалған суғаруға келетін жерлер
мәселесіне қарай жағалап келерміз.
Сортап жерлерді үлгілеу мәселенің түбіне ілім жетіп болып тәжірибелер көрсетіп, жемісін
беріп отырмаса да, қолданылатын әдістер меңзеулі. Мұны күні бұрын ескертуіміз артық.
Сонда да, сортап жерлер қайдан пайда болады, һәм оның шаруашылыққа келтіретін зияны
қай түрде, соны қысқаша айтып өткен соң, негізгі мақсатымызға түсерміз.
Сортап жер қайдан болады? Оны қалай зиянсыз қылу керек, қалай деген мәселелер өте
ауыр мәселелер болса да, мүмкін болғанша тексеріп қаралық.
Сорлы жер құрғақ аудан аймақтардың барлығында да бар. Бірақ, тұтасынан созылып
жалпақ жатпайды. Әр жерде, бөлек - бөлек болады. Әсіресе, жер болған жерлердің
барлығында бар емес. Жоғары жатқан дөңсе, биік қырат жерлерде жердің астына
жиналған судың ішінде сорлық заттары коп болса, күннің қыздырғанымен барып сонан
пайда болады.
Жердің астында жатқан судың сорлық заттары болса, үстіндегі жердің қабатын күн
қыздырып, қызуды суға алып барып, су қызып жоғары бу болып көтеріледі. Судан жоғары
шыққан бу тараған кезде, ішіндегі сорлы заттар жердің жоғарғы қыртысында шөгіп, сор
болып қала береді.
Арал теңізі мен Каспий теңізінің арасында жатқан кең ойпат һәм Түркістанның қайсыбір
жерлері Россия қол астының бөтен жерінен айрықша сортабы көп. Мұндай жерлерде
191
мүлде шөп шықпай, жым-жылас болып та, яки, қауақ, жаман, аласа шөптер шығатындары
бар.
Мұндай жерлерге өсімдіктер айдағанда алдымен жақсартып алып айдамаса болмайды.
Әйтпесе, егін шықпайды.
Егер сортап жерлердің соры көп болса, өсімдікті мүлде шығармайды, өсімдіктің мықты
жауы - сор. Тек азырақ қана өсімдіктер ащы сортаптың күшін жеңіп, жердің жүзіне шыға
алады.
Қолдан күтіп шығарған өсімдіктер жердің астына жиналған судың оннан бірі сорлық зат
болса да көтереді.
Жоғарыда сортап қалайша пайда болатынын көріп едік. Енді ол сортаптың зиянын да
білдік. Зиянын көрген соң, онымен күресудің себебін айтпай-ақ айқындалды. Енді сол
сортапты жоқ қылу, яки кәсіпшілікке жарамды жерге айналдырудың шарасына көшеміз.
Ауыл шаруашылықтарын күзететін хүкіметтің мекемелерінің қолданған шараларынан
көрген тәжірибелерімізде жердің көлемі күштің мөлшеріне қарай жерге сіңген еңбек босқа
кетпейді. Жарамсыз жерді жарамды қылуға болады. Жерді жақсарту жөнінде мәселені
екіге бөлеміз. Бірінші қолдан суғарып кәсіп қылған жерлердің айналасындағы сортапты
жою. Екінші, қолдан суғарып кәсіп қылуға мүмкін емес аудандардағы яки, сулы жерден
қашық жерлерге сортапты жоюдың мәселесі.
Алдымен, суғарған жерді тексереміз. Жерді қолдан суғарғанда, сортап жердің бетіндегі
ащы заттары суғарған жердің суы жердің түбіне сіңгенде, сумен бірге төмен кетеді.
Жердің жоғарғы қыртысындағы сортап болып жатқан ащы заттар төменгі қыртысқа ағып
кетеді де, жоғары қыртыс сордан босап қалады. Әрине, суғарған судың өзі аз болып
жердің қыртысының астына бара алмай бетінде қалатын болса, онда пайда жоқ, суғарған
су қанша мол болса, жердің түбіне сіңіп кетсе, жердің бетіндегі сортап заттар да жердің
түбіне сонша сіңіп кетеді.
Суғарылған жерлер күн қыздырып беті кепкен соң, астына қызу өтіп арасына сіңген
судың булармен сор тузды заттар қайта шығып, бу жоғары көтеріліп кеткенде, туз жердің
бетінде қалады. Мұны қалай қыламыз? Онда мүмкін қадер жердің бетіне дымқыл буды
жоғары шығарып жібермеу керек. Мұның үшін қолданатын жалғыз шара айдалған
жерлерді көлеңкеге сақтау һәм, бетін қопсытып жұмсату, мұнан басқа амал жоқ. Жерді
көлеңкеде сақтау үшін үстіне жоңышқа сықылды өсімдік егуге, люцерна деген шөптің
астында тұрған жер мүлде жақсы болады. Жердің бетіне буды да коп жібермейді, яки
жерді кептіріп жібермейді. һәм артынан айдаған дақыл да жақсы болып шығады. Буланып
кеуіп кетпеген жердің бетінде сортап та тұрып қалмайды. Құрғамау үшін екінші шара
жерді борпылдатып босату. Борпылдақ болып бос жатқан жер қатты жатқан жерден көп су
буланады. Сорды жоюдың үшінші шарасы жерге су жіберіп суғару.
Жерді ауық-ауық суғарып, яки күннің ыссығының алдында бір рет мықтап суғарып қояды.
Түркістандағы жер жақсарту мекемелерінің һәм бөлек диханшылардың да тәжірибесіне
қарағанда да, күннің ыссығы кезінде ауадан түскен дымқылдан жердің астынан шыққан
бу коп болып кетсе, жер сортапқа айнала бермекші. Ал, ауадан түскен дымқыл көп болса,
жердің астынан шығып кеткен дымқыл аз болса, жер сорланбайды. Қайта сорлы
жерлердің соры азаймақшы.
Жердің қыртысындағы су бу болып жоғары шыққанда, сонымен катар жердің үстіндегі
шөптер де буланып, өздерінің денесіндегі дымқылдықтарды жоғалта береді.
192
Солай болған соң, жердің жоғарғы қыртысын құрғатпау үшін де мүмкін қадер жиі
суғарып түру қажет. Бірақ сол жерді суғарған судың өзінің ішінде өсімдікке зиян
келтіретін ащы сор, ізбес араласқан су болып жүрмесін.
Соның үшін диханшылар жерді қолдан суғарып, кәсіп қылғанда әуелі судың жарамды яки,
ізбес, сор араласқан ащы болмауын һәм айдалған жерге тегіс жайылуын қатты тексерулері
қажет.
Жоғарыда айтылған әдістер жерді үккілеп, жаман жерді жақсартып, үстіне өсімдік
шығарудың негізгі жолы.
Осы күні Мырзашөл деген жерде болса керек. Бетпақ далаларды жақсартатын ауыл
шаруашылық станциясында бүл шаралар оқылып, тексеріліп тұрмысқа асырылды.
Ол жерлерде жердің бетін шайған сулармен де пайдаланып, бұрын сортап, құм дала болып
жатқан жерлер барлығында үстіне қара бидай аралынып, жарамды жердің бірі болды. Сол
бұрын түкке аспай жатқан жерлерден десятинасына 20 пұттан астық алды.
Жоғарыда айтып кеткен әдісті жүргізген жердің бетіндегі сорлары мүлде егінге кішкентай
да зиян келтіруге шамасы болмаған. Алғашқы жылғы жақсартқан жерлерге ақ күріш,
бидай, мақта айдай бастаған.
Су жүргізіп, айдап байқаған жерлердей, егіннің шығысын суғармай айдаған жерлермен
салыстырғанда, суғарып айдалған әдісті қолданған жердің егіні шығысы артық екені
талассыз көрініп тұрады.
Әрине, жаман жерді жақсартуға айтылған әдістерді тұрмысқа қолдануға көп күш керек.
Істей білу керек, уақ шаруалар істей білсе де, күштері келмейді. Соның үшін бұл жұмыс
жарлылардың қолдарынан басшылық қылып, жәрдем беріп, қолқабыс көрсеткен күнде
ғана келеді.
Жарлылар жерге еңбек қылмастан бұрын еңбек қылатын жеріне қандай әдіспен, қандай
дақыл шығаруға болады соны түсіну қажет.
Жерді жақсартудың әдісін түсіну мәселесіне келгенде, Түркістанда бұл күнге шейін жете
білмегендіктен, мандымай келе жатқан бір әдіске тоқтайық.
Ол әдіс мынау: сортап жерлердің биік төмпешік жерлері, төмпешіктің айналасына су
жіберіп, үстін құрғақ, аман қояды. Оның себебі жоғары жерлер күнге қатты қызады.
Айналасындағы төмен жатқан жерлер шамалы қызады және төменгі жерде ылғал су барда
жоғары төмпешіктің үсті құрғақ. Жоғарыда айттық, су кеппеген жерлер коп өте буланып
кетпейді деп. Соның үшін жоғарғы құрғақ жатқан жер коп буланып, сортап жиналып,
төмпешіктің басында қалады.
Жердің астындағы сор бумен бірге көтеріліп қалады да, сор аспанға көтерілмей, жердің
бетінде қалады деп едік қой. Сол айтылғандай болып, төмпешіктің үстінде жиналып
қалған сортапты ол арадан түбімен алып кетеді. Осы әдісті жылда жылда істей беріп, ара
соры көп жер болмаса, жерді сордан мүлде тазартып алуға болады.
Ал осы Түркістанда коп жерлерінде былай қылады: жерді қолдан дөмпейіл қылады да,
дөмпейілдің айналасын айдайды. Мұндағы мақсатта жоғарғы айтқандай сорды сол
дөмпейілге жинамақ.
Бұл бірақ егіншілерге өте қолайлы емес. Неге десең, қолдан дөмпейіл істеуге күш те керек
һәм бірталай жерді шауып айдауға келмейтін қылып тастайды.
193
Екінші түрі мұнан басқа: мұнда жердің бетіндегі дөмпейіл жерлерін тегістеп
жайпақтайды. Дым қоймай сонымен жердің бетіндегі сортап болса, жерге тегіс жайылып
бір жерде өте күшті болмайды. Мұны бірақ жердің астынан шыға беретін сор жоқ болған
уақытта ғана істеуге болады. Егер жердің астындағы судың соры күшті болып қайта қайта
шыға беретін болса, онда соңғы әдістен пайда жоқ.
Сөздің аяғында, жоғарғы айтқандарымыздың қорытындысына келейік: жерге еңбек
қылғанда, жыл жылдың тайбасына сүйеніп жердің, табиғаттың шартына қолайлы тауып,
сүйеніп істесе еңбек жанбақшы.
Біздің бұл түсіністіктеріміз әрине, кісі онша қанағаттанарлықтай емес. Мұны мойынға
аламыз, бірақ диқаншылар пайданы сөзден алмайды, дұрыстап істеген еңбектен алады.
Бүл сөзді енді осы жерден тоқтата тұрып, ауыл шаруашылықтары һәм оның жермен
пайдалану әдістерінің ретінің жайында тағы да бір оз алдына мақала жазуды ойлаймыз.
Ауыл шаруашылығы
ТҮРКІСТАНДА ЕГІНДЕРДІ ҚОЛДАН СУАРУ ЖҰМЫСЫ, МАҚТА ҺӘМ АЯҚТЫ
МАЛ ШАРУАСЫ
Орта Азияның ауасы көбіне сәжілі һәм құрғақ болады.
Күзде һәм жазда аз-маз жауын жауса да, қысы қатты болмайтындықтан, қыста қар һәм
жауын сияқты ылғалдар жерге көп түспейді. Егіндерге судың әсіресе коп керек болатын
уақытында жылда да Түркістанның бірсыпыра аудандарында жауын тіпті жаумайды деуге
болады.
Жауын жаумайтындықтан, Түркістанда егістерін қолдан суғаруға тура келеді. Түркістан
егіндерінің көбі қолдан суғарып егіледі. Табиғаттың, Құдайдың тегін беретін суларына
сеніп, салынатын тәлімі (қолдан суғарылмайтын) егіндер Түркістанда коп емес.
Тәлімі егіндер Түркістанның солтүстік аудандарында һәм таулардың етегінде, тауларға
жақын ылғалы бар жерлерде көбірек егіледі.
Түркістанда су болмаса, егіндер болмайды. Сусыз Түркістанда диханшылық ілгері
баспайды. Диханшылық болмаса, астық һәм басқа түрлі азық-түлік орнына жарайтын
өсімдіктер де болмайды.
Түркістан егіндеріне су керек, сусыз күні қиын. Ол су оңайлықпен егін жерлерге келмейді.
Табиғат суды тегін беретін болса, ол суды тауып алып келіп егін жерлеріне жеткізуге
адамдар көп бейнет, күш-қуат һәм дүние сарп ететіндіктен, судың нарқы жоғарылап,
қадірі күшейеді. Қай жұртта да болса судың қадірлі екені белгілі. Әсіресе, Түркістан
сияқты егіндері қолдан суарусыз бітпейтін құрғақшылық жерлерде, жұрттардың арасында
су өте қадірлі һәм қымбат болады.
Қолдан суарып егілетін егіндер түрлі-түрлі болады. Мақта, күріш һәм миуалар сияқты
егіндер қолдан су ішпесе, ауа жылы болса да, жалғыз жауындармен өсе алмайды. Мақта,
күріш һәм миуа секілді өсімдіктер ауасы жылы Түркістанда ғана бітіп, басқа жерлерде
өспейтіндіктен һәм қолдан суғаратын егіндері бар жұрттардың істейтін кәсіптері
болғандықтан бұл өсімдіктер басқа жұрттарға, мемлекеттерге өте қадірлі, керекті. Басқа
жұрттар оларға айырбасқа әртүрлі бұйымдар нәрселер береді. Оның үстіне, бүл егіндерді
егетін жұрттың да өнімдері артады. Бір десятина жерге салған егіннің өнімі көбейеді.
Бұрынғыға қарағанда, дихандардың қылатын бейнеті мен қаражатынан, көретін пайдасы
көбірек болады. Бидай яки, бір басқа егін егіп жүрген, өлшеулі жерге бейнетті һәм
194
істейтін шығындарды шамалы көбейтіп, мақта яки миуалар ағашын ексе, ол жер өнімді
бірнеше рет артық беріп, адамның әрбір еткен бейнетіне һәм сарп қылған дүниесіне
арзитын өнім береді. Мысалы, 1 десятина жерге бидай егілгенде (мейлі суғарылатын,
мейлі тәлімі жер болсын) жылына 50 пұт өнім бидай беретін болса, сол 1 десятина жерге
қылынатын бейнетті һәм шығындарды арттырып, жерді қолдан суғаратын болып мақта
ексе, 1 десятина суарылып макта егілген жерден өнетін ғасыл 50-ақ пұт бидай болмай, 175
пұт бидай туратын мақта һәм басқа мақтаға байланған бұйымдар болады. Бейнет шығыны
шамалы артылып һәм қолдан суғарылып мақта егілгендіктен, 1 десятина жер 50 пұт бидай
үстіне, 125 пұт туратын артық өнім беретін болады. 125 пұт артық біткен өнімнің 25 пұты
(шамамен айтқанда) бұрынғыдан гөрі бейнет артығырақ істеліп, жерді үлгерту жұмысына
қаражат молырақ шыққаннан болса, 100 пұты бәлки, одан да көбірегі (суғарылып) мақта
егілгендіктен өніп отыр. Мақта егілмесе, дихандар жерге қылатын еңбегін һәм шығынын
қанша арттырғанмен де, Түркістанда 1 десятина жерден 175 пұт бидай ала алмас еді.
Талай қиыншылық көріп-көріп, 1 десятина жерден 100-120 пұт бидай алғанда да, сол
жерден мақта егілгенде 350-400 пұт бидай туратын өнім өнуі мүмкін. Осы айтқанға
қарағанда, екінші егіннен пайдасы артықтығы ашық һәм анық көрініп отыр.
Мақта сияқты қолдан суғарылатын қадірлі һәм пайдалы егіндер егілетін болса, һәм бір
дихан (ілгеріге қарағанда) аз-ақ жерге қанағат етіп, сол жерге бейнет сіңіріп, күн көріп
отыра алуға болар еді.
Тағы мысал үшін айталық: 3 десятина жері бар 1 дихан мақта егуден бұрын, бидай егіп
жылда 180 пұт алып, жылап-сықтап күн көріп келсе, енді жылдан-жылға әртүрлі
себептермен жері бүлініп, яки болмаса сатылып, сауылып 1 десятина жері қалса да, сол
бір десятинаға қолдан суғарылатын мақта егіп, 3 десятинадан алатын 150 пұт бидай
орнына 175 пұт бидай тұратын мақта алады.
Бірақ, бүл 175 пұт бидай тұратын мақтаны дихан оңайлықпен алмайды. Мақта егудің
бейнеті, шығындары һәм суаруы басқа егіндерге қарағанда, өте көп. һәм қиын болады.
Судың керектігі сонан шығады.
Түркістанда егіндерді қолдан суару дәрежесінің зорлығы қадірлі һәм қиындығы жоғарыда
айтылған тәжірибелерден, мысалдардан көрініп түр.
Қолдан суғарылатын егіндер арасында мақтаның ұстайтын орны бөлек болады. Мақта
жердің өнімін өсіреді. Дүние көбейіп, жұрт байып, сауда-саттық артуына себеп болады.
Мақта егілгелі ел ішінде жүгіртіліп жүрген ақша көбейіп, халықтың керек-жарақ һәм
азық-түлігінің түрі де, саны да көбейіп, ілгеріге қарағанда нарқы да өсті. Сөйтсе де, оған
қарай бейнет те қадірлі болып, бейнет ақы да артуға айналды. Сонда да болса, Түркістанда
мақта егу себебі, жұрттың күн көру жолдары, кәсіпке араласқан ұлттары һәм халық
топтары баюға, тойынуға айналды деуге болмайды.
Ішкі Россияның фабрикаларына һәм Түркістан шаруашылығына керекті мақтаға һәм басқа
түрлі егіндерге керекті суларды алып шығатын арықтар һәм су бөлетін, сақтайтын
аспаптар өзгерістің тұсында көмілген, бұзылған, қираған. Бүкіл дүние соғысы басталғалы
арықтар ашылмаған, аспаптар түзетілмеген.
Сырдария сияқты су беретін дариялардың сулары ар жағында кемімесе де, көмілген
арықтар һәм бұзылған аспаптар мен егіндерге келетін сулардың саны өте азайған.
Түркістанда қолмен егістерге жеткізілетін су азайған соң, мақта сияқты егіндердің саны да
кеміп, жұрттың өнімі азайды. Бейнет қылып, жылдан-жылға арттыратын халықтың
байлығы нашарлап, ел шаруасы һәм мемлекет шаруасы күйзеліп келеді.
195
Бұдан былай көмілген арықтарды қаздырмаса, аршымаса бұзылған, қираған су алып
келетін, су бөлетін һәм сақтайтын аспаптарды түзетпесе, «жамамаса» олар тіпті істен
қалып, аз ғана қалған егіндерде, сусыз қалатын түрі бар көрінеді.
Өткен жылдан бері қарай, Түркістан һәм Мәскеу хүкіметі шаруашылық көтеру һәм мақта
салатын жердің ауданын үлкейту үшін Түркістанда егіндерді қолдан су келтіру
жұмыстарына кірісіп келеді. Су мекемесінің айтуына қарағанда, соғыстан бұрынғы 280
мың десятина мақта егіліп келген жерге су шығаратын арықтарды тазалап, аспаптарды
түзетуге 5 жыл уақыт керек көрінеді. Бес жылда сол жұмысқа 90 миллион сом алтын
ақша, яки сонша алтын ақшаның есебімен дүние керек сияқты. Мұнда көп ақшаны
Түркістан былай тұрсын, Мәскеу хүкіметі де тауып бере алмайды. Түркістан хүкіметінің
Мәскеуден бөлек өзінің мемлекет қазынасы болмағандықтан, су келтіру, сақтау
орындарын һәм аспаптарын түзетуге ақша тауып бере алатын болғандықтан, керек
ақшаны Мәскеуден сұрайды. Сонда да болса, Мәскеу мақтаны көбейту ниетімен өзі үшін
Түркістанда су жұмысын түзетуге жәрдем етіп ақша беріп тұратыны анық.
Өткен жылы Мәскеу Түркістанда су орындарын түзетуге 460 мың (алтын ақшаның
есебімен) сом беріп еді. Бірақ, ол аз ғана ақшамен су жұмысы түзелетін көрінбейді. Су
орындарын түзетуге биыл 10-12 миллион сом (алтын ақшаның есебі) керек деген пікір
бар. Бұл 12 миллион сом ақшаның 6 миллионын Мәскеу беретін болды һәм беріп те
жатыр. Қалған 6 миллион сом Түркістанның өзінен шықса керек.
1) Су салығынан 1 миллион 700 мың ақша өнеді деген үміт бар.
2) Халықтың өзі су орындарын түзету жұмыстарына араласқанда беретін түрлі-түрлі
бұйымдары (керекті түлік, ағаштар, топырақ, тас, қамыс һәм басқалар) һәм халық ішінен
шығып қызмет ететін адамдардың еңбегі 4 миллион 700 мың сом турады делініп жүр.
Мұнша ақша һәм дүниенің халықтан жиналуы қиын болса керек. Сөйтсе де, Мәскеу
хүкіметінің берген 6 миллион, жергілікті халықтан өнетін салыққа су орындарын түзету
жұмыстары бірден орындала қоймайды.
Жоғарыда айтылған 12 миллион сомнан көбірек ақшаның бәрі табылғанда да, бұл ақша
жаңа арықтар қаздырып, су аспаптарын салдырып, қолдан суаратын егіндердің санын
көбейту былай тұрсын, бұрынғы аспаптарды тірілтуге де жетпейді. Бұл ақша майда-шүйде
су сақтайтын аспаптарын түзетуге һәм осы күнде барлық су орындарын мұнан былайғы
қирамасына жаратылады. Арықтар қаздырып, су аспаптарын түзетуге халықтан алынатын
көлік, бұйымдар һәм қызмет кісілері белгілі жолмен, тәртіппен алынып тұрсын. һәм закон
қоспаған орынсыз жұмыстар халыққа бұйырылмасын деп халық комиссарлар кеңесі 1923-
жылдың 5-сәуірінде шығарған 60 санды қаулысында айтып өтті.
Мақта егілгелі Түркістан шаруашылығында өзгеріс болғандай, жаңа бір дәуір
басталғаннан басқа да, Түркістанның әлеумет тұрмысында тапқанда бөлініп, бай орта
дихан һәм кедей болып жерге ие болуы сияқты аралық мәмлелерде мақтаның істеген
біреуге пайдасы, біреуге зияны аз болмаса керек.
Мақта егілгелі жерлердің көбі байлар қолына жиналатын болып, майда һәм жерсіз
диқандар, жалшылар көбеюге айналды. Мақта сияқты қымбат һәм пайдалы егіндерді
салып, аз ғана жерді егіп, күн көру мүмкін болса да, майда дихандар капиталы
жоқтығынан көлік, аспап, тұқым һәм қаражат бейнет коп керек қылатын мақта сияқты
пайдалы егіндерді өздерінің аз ғана жерлеріне егіп, бұрынғыдай күн көріп отыра алмай,
жерлерін байларға сатуға, беруге айналды. Майда диқандардың жерлерінен айырылуына
себеп болған, байлардан қарызға алу болса керек. Диханшылыққа деп алған ақшаның
бәрін диханшылыққа жарата алмай, өзінің үй қаражаттарына жұмсап қойып, шаруасы
196
кішкене болғандықтан кейін, ол қарыз ақшаны өзінің өнімінен төлеп бере алмай, жерлерін
сатып беріп құтылатын болды.
Бидай сияқты егіндерді аз ғана жерге салудан майда диханның қаражаты һәм бейнеті
қайтпайды.
Түркістанда, әсіресе, Ферғанада соңғы 20-30 жылдың ішінде мақта егілгеннен бері байлар
байып, жер, су, дүние көбейтетін болып, орта дихандар жалғыз өздерін сақтап қалу
дәрежеде тұрғанда, майда дихандар жерден, судан айырылып жалшы жерсіз һәм аз жерлі
дихан болуға айналған. Диханшылық та бұрынғыдан кеміген. Аз жерлі һәм жерсіз
дихандардың бейнетін де байлар пайдаланып, ақы жейтін болып бір жақтан қолдарында
дүние жиналуы көбейсе де, екінші жақтан кедейлердің де саны көбейе бастаған. Бейнет
ақы өсуіне қарай, тіршілікке керекті бұйымдардың сандары артып, астықтың, азық-
түліктің нарқы да өскен. Астық шеттен де келетін болған.
Жоғарыда айтылғандарға үстіртін қарап өткенде, мақтаның диханшылық һәм дихандар
арасына кіргізген жаңалықтары һәм әлеумет тұрмысында туғызған нәрселері көрініп тур.
Түркістан халықтарының бәрі жалғыз диханшылықты кәсіп етпейді. Аяқты мал
шаруашылығымен кәсіп етіп, күн көріп жүрген аудандар да, халықтар да Түркістанда аз
емес.
Бір жылда орнықты еңбекшілдердің тіршілігі үшін табатын барлық дүниесінің әр жүзден
50 процентінен көбірегі жалғыз аяқты мал шаруасынан өнетін де Түркістанда облыстар
бар. (Жетісу, Сырдария һәм Түркістан облысы, Түрікпен облысында аяқты мал
шаруасынан өнетін дүниенің әр жүзден қырқына жетеді).
Түркістан шаруасында мал шаруасының ұстаған орны, дәрежесі бүгінде де осындай зор
болса, мұнан 15-20 жыл ілгері аяқты мал шаруасы күйзелмей, нашарламай тұрғанда,
аяқты малдың саны өте коп болып, мақта сияқты жұрттың байлығын арттырған егіндер
жаңа салынып келе жатқанда мұнан да көбірек һәм зорырақ болса керек.
Соңғы 10-20 жыл ішінде Түркістан шаруасы да зор орын ұстап келе жатқан мақта, аяқты
мал шаруасының бұрынғы халінде қалмай, яки ілгері аяқ басып, яки күйзелуіне шамалы
зиян, пайда келтірсе керек. Түркістанда күшейіп, көбейіп келе жатқан мақта, аяқты мал
шаруасына тимей өте алмаса керек.
Мақта, аяқты мал шаруасына шамалы зиян келтіреді дегенде де аяқты мал азаюына
жалғыз мақта себеп болды деуге тіпті болмайды. Түркістанда аяқты мал шаруасының
күйзелуіне себеп болған себептердің ішінде мақта ең кішкенесі деуге де болады.
Мақта, аяқты мал шаруасы бір-біріне зиян, яки болмаса, пайда келтіретін аралық
мәмлелері туралы біздің қолымызда керекті мағлұматтар, цифрлар жоқ. Бүл мәселеге
жақсы түсінгендіктен қозғап отырғанымыз да жергілікті, әсіресе, қазақ - қырғыз
түрікпендерден хүкімет басында, қасында һәм маңайында жүргенде бұл мәселе керек
болуға тиіс. Жергілікті мекемеде, баспасөзде бүкіл шаруашылық, шаруашылық ішінде де
диханшылық туралы, диханшылық ішінде де мақта егісі туралы қанша көп сөйленіп, көп
жазылса да қазақ, түрікпеннің аяқты мал шаруасы туралы бір ауыз сөз оқуға да, естуге де
жоқ.
Күн санап аяқты мал шаруасы нашарлап, көшпелілердің кедейлері көбейіп бара жатқаны
анық.
Аяқты мал арқылы күн көретіндердің өз жұртында мақта егілетін болса мақтадан кездеме
жасалып, арзан кездеме алып туратын болар еді. Бұрын Түркістан мақтасы Түркістанда
197
істелмей, алды Польшада, Варшавада, Лодзь шаһарларына барып кездеме болып,
Түркістанға қымбатқа түсетін. Осы күнде де сол жолмен берігіректен қайтып турады.
Түркістанда мақта егісі мен аяқты мал шаруасына бірден назар салынып, екеуінің де
мақсаттарының бір-біріне қарсы болмас жағын қарастырғанда, екеуін де тең ұстағанда,
Түркістанда аяқты мал шаруасы мақта егісінен шамалы зиян көру былай тұрсын, коп
пайда көріп турар еді.
Бірақ, патша хүкіметі мен байлар мақта мен аяқты малға бірдей қараған жоқ. һәм бірдей
қарауды пайда таппаған.
Мақта шет жұрттардан қымбатқа сатылып алынады. Россияда мақта жалғыз Түркістанда
өседі. Жүн, тері-терсек, ет, мал, май, киіз, елтірі сияқты аяқты мал шаруасының өнетін
бұйымдар Россияның басқа бұратана жұрттарында табылады.
Сондықтан, мақта мен аяқты мал шаруасының бір-біріне кесірі тиіп, зиян болатын жағын
қарастырған. Аяқты мал жылдан жылға төмендеп, күйреліп келген.
Мақта егу үшін керекті бұйымдар аяқты малдан өніп турады.
Мақта егілетін болғаннан бері мал шаруасынан өнетін бұйымдардың нарқы көтерілсе де,
ол нарық мақта себепті қымбаттаған, тіршіліктің артынан қуып жете алмай келеді. Астық
шеттен келетін болып һәм басқа азық-түлік керек-жарақтан өте қымбаттаған.
Мақта егілгелі жоңышқа сияқты аяқты мал үшін қолдан суарылып, егілетін пішен
шөптердің саны азайып, қолдан да шамалы тамақ беріп, сақталатын қадірлі тұқым малдың
саны кемуге айналған. (Ақал-теке ауданындағы түрікпеннің асыл жылқы тұқымы
азайған). Түркістанның бүкіл шаруашылық кәсіп ету, тіршілік жарақтары да һәм
Россияның Түркістан мақтасы мен аяқты мал шаруасына тең көзбен қарамауында мақта
егісі аяқты мал шаруасына пайда келтірмейді деушілер жоғарыда айтылғандарды дәлел
қылып көрсетсе де керек.
Тең көзбен қаралып, аяқты мал шаруасы да ілгері басатын қалыпты жолға қойылғанда,
мақта егісінің аяқты мал шаруасына жәрдемдес болып тұратынында күмән болмаса керек.
Түркістанда орыс келместен бұрын аз ғана жергілікті мақта егілетін еді. Ол мақтадан
жаман бөз тоқылып, шет жұрттарға кетпей, оз ішінде сатылатын еді. Соңғы уақытта
көптеп егілетін америка мақтасы болды. Жаңа мақтаның Түркістанда тұтқан орны
бұрынғы мақтадан неше рет көп һәм пайдалы болса керек.
Жоқ жалғыздық бұл мәселені қозғау керек. Керектігін сезгендіктен қозғап отырмыз.
Пуниятовскидің айтуына қарағанда, Германия жылда Түркістаннан бірнеше миллион пұт
жымых алып кетіп, Түркістан заводтарында май алынған. Жымыхтың әр жүз пұтынан
тағы 8 пұт мақта майын шығарып, өте арзан сатылатын Түркістан жымыхын аяқты
малдарына тамаққа беріп, Германияның аяқты мал шаруасына Түркістан мақтасының
пайдасы тиіп тұратын көрінеді.
Мақтадан өнетін жымых шиіт Түркістандағы аяқты малға да жақсы тамақ болар еді, бірақ,
біз одан пайдалана алмай жүрміз.
Бір десятина жерге 120 пұт шикі мақта бітсе, заводта тазаланғаннан кейін 40 пұттай таза
мақта шығады. Қалған 80 пұттан 40 пұтқа жақын жымых шығады. Жымықтың малға
тамақ болуы арпадан кейін болмаса керек. Жымых жеген малдың көңін егіндікке салса,
жерді жаңартады. Жымыхтың өзін жерге салса, одан да жақсы болады. Бірақ, біз оны
198
айтқанымыз болмаса, әзір шаруамызда қолдануды білмейміз. Сондықтан, тағы басқа түрлі
себептерден мақта егісі аяқты мал шаруасына пайда тигізу орнына, кейде шамалы зиян
келтіру мүмкін.
Мақта егісінен басқа егіндер аудандары кемісе де, мал өрістері тарыққан жоқ.
Мақта егісінен аяқты малы бар шаруалар зиян көрмей, пайда көріп орта дәрежедегі аяқты
мал шаруалары өзін-өзі сақтап қалса, малы азырақ шаруалар шамалы зиян көруі де
мүмкін. Мақта һәм басқа себепті жылдан-жылға азық-түлік, керек-жарақ қымбаттайды.
Сондықтан, аз ғана малдан өнетін бұйымдар менен олардың артынан жете алмай, аяқты
малы бар, майда шаруа өзінің малының негізгі қорына да қол салып, малы азайып бірте -
бірте кедей болып, жалшы дәрежесіне жетіп қалды. Малсыз, белгілі кәсіпсіз жерге де
орнай алмай, бұрынғы көшпелілер жылдан-жылға кедейге айналып келе жатқанын көріп
отырмыз. Мақта болсын, болмасын соңғы 10-20 жыл ішінде Түркістанда аяқты мал
шаруасы күйзеліп, жылдан-жылға малдың саны азайып келе жатқаны анық. 1911 жылдағы
30 млн. малдан қалса, 7-8 млн. қалған шығар. Аяқты мал шаруасына араласқандардан
әсіресе, қырғыз-қазақтың көшпелілерінен шығатын кедейлер көбейіп келеді. Малсыз
қалған кедейлердің бәріне жер беріп, отырықшы қылып тойындырамыз деу қиын. Малсыз
қалған кедейлердің бәрін отырықшы қылып жарылқау ешкімнің қолынан келмейді.
Отырықшы болу үшін диханшылық шаруасын қолданғанша, одан тойынғанша күш-қуат
(азық-түлік, үй, көлік, тұқым һәм аспаптар) керек. Оларды қырғыз-қазақ кедейлеріне кім
береді, қайдан алады? Хүкімет бәріне бере алмайды, оларды таба алмас. Кедейлер
шаруасы күшті халықтарға (өзбек, сарт, орыс) һәм таптарға (байлар, манаптар) жалшы
болып кетсе керек. Тіршілік құрудың жолы оларға қиын болып келеді. Көшпелі елдердің
кедейлерін жерге орналастыруды һәм оларға басқа кәсіптер тауып беруді әрдайым ойда
сақтап қалған аз ғана аяқты малы бар майда шаруалардың жалшылар қатарына кірмей
қалуын да ойлау керек.
Майда шаруаларға салық шарттарын жеңілту деп, басқа да шаруашылыққа һәм әлеумет
тұрмысына керекті түрлі-түрлі жәрдем беріп, олардың малының негізгі қорының
бұзылмас жағын қарастыру керек.
Тұқымдыққа һәм союға керекті малды шет жұрттардан да алып келуге болады.
Ол болмағанда аяқты малдың саны жылдан-жылға азая бермек. Көшпелілер арасына кедей
болып қуылып шыққан, кәсіпсіз жерге орнамаған, еңбек таба һәм қыла алмайтын қырғыз-
қазақ жалшыларының саны көбейе бермек.
Аяқты мал шаруасына шын жәрдем ете алмайтын болсақ, аяқты мал хүкіметке де, халыққа
да керек. һәм қайғырамыз, аяймыз да сонда да болса, әзір жәрдем ете алмаймыз деп ашық
айтуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |