ЛӘйлі-мәЖНҮН (Басы өткен санда)



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата12.03.2017
өлшемі1,64 Mb.
#8803
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


 
 


 
ЛӘЙЛІ-МӘЖНҮН 
(Басы өткен санда) 
Арабта бір батыр бар Наупіл атты
Ұстаған шариғаттың жолын қатты. 
Қайдағы, қайғысы көп ғаріпті іздеп, 
Соларға қылады екен мархаматты. 
Жалғыз-ақ, шариғатты мықты ұстайды, 
Өлсе де, оған теріс іс қылмайды. 
Шықпайды, адалдықтан ешбір тайып, 
Алсаң да басын кесіп, бұрылмайды. 
Мұңды үшін жанын отқа салады екен, 
Қасына әскер ертіп алады екен. 
Жер жерде, зорлық көрген жан бар десе, 
Ерінбей, әдейі іздеп барады екен. 
Мәжнүннің ата-анасы жүрді зарлап, 
Ізденіп ем таба алмай, елді шарлап. 
Наупілге кемпір бастап алып барды, 
Кісідей суға кеткен талды қармап: 
«Ей, батыр, атың шыққан жер-жиһанға, 
Қайдағы болысушы ең ғаріп жанға. 
Ісі ақ, шариғатқа түзу болса, 
Таяныш болушы едің жығылғанға. 
Алалап, рахым қонған жүрегіңе, 
Нұр біткен тумай тұрып сүйегіңе. 
Кем-кетік бейшараның әкесіндей 
Жеткізбей қоймаушы едің тілегіне. 
Зарланып келіп тұрмыз алдыңызға, 
Бір балам ғашық еді хан қызына. 
Қайғыдан қаңғып кетті диуана боп, 
«Жынды» деп бермей қойды жалғызыма. 
Екеуі ғашық болды туа сала, 
Көрмесе жылайтұғын болды бала. 
Халқымнан сұрасаң да, сөзім рас, 
Осындай күйге салды ақ тағала. 
Қаңғырып, айдалаға кетті балам, 
Өмірі қорлықпенен өтті балам. 
Осыған Құдай үшін мархамат қыл, 
Сарғайып, өлер халге жетті балам». 
Орнынан Наупіл сонда атып тұрды: 
«Батырлар, қайдасың? — деп бір ақырды, —  
Жаны үшін, жаным құрбан балаңа», — деп, 
Әскерін ертіп алып Наупіл жүрді. 
«Жалғыз-ақ болсын, — дейді, — сөзің рас, 
Жаралған сондай іске бұл ғаріп бас. 
Жолына шариғаттың ісім түзу, 
Құдайым болса жәрдем, ол құтылмас». 
Мәжнүнге кешікпей-ақ жетіп барды, 
«Жарыңды әперем» деп ертіп алды. 
Қырамын, қыз бермесе, хұқымын деп, 
Ләйлінің әкесіне хабар салды. 


 
О-дағы намыс қылды қызын бермей, 
Елшіні қайырыпты сөзге көнбей. 
Әскерін жиып алып, қарсы шықты, 
Ләйліні бермеймін деп өзім өлмей. 
Соғысып, екі әскер араласты, 
Қыз үшін бірін-бірі жараласты. 
Қайтпаған жаннан беті өмірінде, 
Наупілдің әскерлері қайта қашты. 
Наупілдің жатқан үйі алтын шатыр, 
Сәждеге басын қойып, Мәжнүн жатыр. 
Бір дүбір естіген соң, Наупіл шықса, 
Алдына келді қашып өңкей батыр: 
«Тақсыр-ай! Қашпаушы едік жаудан ығып, 
Жеңіп ел жау әскерін жерге тығып. 
Шыдатпай, бет қаратпай қайта қуды, 
Ажайып алдымыздан бір өрт шығып. 
Білмедік қайдан шықты осы жалын, 
Мұндай іс болған емес бұрын мәлім. 
Сопыдан кереметті сұрасаңшы, 
Сол кісі біле ме екен мұның халін?» 
Сопы айтты: «Мәжнүн жатыр ақтан тілеп, 
«Әскерін ғашығымның қор қылма» деп. 
Анық - ақ бұл керемет содан болды, 
Сұрасаң нанбасаңыз өзін әкеп». 
Ол айтты: «Тілегенім рас ақтан, 
Бұл әскер келді ғой деп жарым жақтан». 
Мәжнүнге Наупіл сонда жалыныпты: 
«Қарағым, дұға қылма, енді сақтан. 
Жатырмын қырылысып жарың үшін, 
Ойлаймын жеңейін деп арым үшін. 
Осының бәрі жалғыз сенің қамың, 
Аянып тұрғаным жоқ жаным үшін», —  
Деді де Наупіл бастап өзі барды, 
Қойдайын қасқыр тиген қырып салды. 
Ұрғызбай аңдып жүріп жолдасына, 
Тірідей қыз әкесін ұстап алды: 
«Бермедің қызды неге сұрағанда, 
Зар қылып, екі жұртың жылағанда. 
Біреудің жалғызының қанын жүктеп, 
Тимей ме, қызың байға бұл заманда?» 
«Ей, батыр, затымды айтқыз, сөзім тыңда, 
Бермедім намысты ойлап мен басында. 
Амалсыз ойнасына қыз берді деп, 
Дұшпаным табалайтын тұр қасымда. 
Қаңғырып кетті Қайыс онан кейін, 
Жындыға қыз берем деп мен не дейін. 
Жаңада біреу келіп құда түсті, 
Халқымнан сұрасаңыз, мен үндемейін. 
Ләйліні айттырды, кеп Ибн салам, 
Қалайша, жалған айтып тірі қалам. 
Әперсең, кісі ақын әпересің, 
Өзің біл, не қылсаң да енді, балам». 


 
Наупілдің қаны қашты көзі жайнап, 
Бармағын ыза болып алды шайнап. 
«Сен маған кісі ақын әперме, — деп, 
Мәжнүн түр бір жағынан ағатайлап. 
Алмаймын, әперсең де кісі ақын, 
 Бар еді Ләйліге бір жазған хатым. 
Сенімді жолдасыңнан соны жеткіз, 
Сізге жоқ онан өзге аманатым». 
Жеткізбек болды Наупіл аманатты, 
Осындай көрдің бе шын бекзатты. 
Шақырып Тәзйт деген бір жолдасын, 
Тапсырды қызға бер деп осы хатты. 
Құтылды қыз әкесі шынын айтып, 
Қайтеміз босқа бекер сөзді ұзайтып. 
Құдайдың қоспаған бір ісі екен деп, 
Еліне Наупіл батыр кетті қайтып. 
Зарланып қалды Мәжнүн онан жаман, 
Басына қайта түсті ақырзаман. 
Далада тағы қаңғып жүре тұрсын, 
Келелік Ләйлі деген қызға таман. 
Бағана екі ғашық қалған талып, 
Отырған Ләйлі есін жиып алып. 
Мәжнүнді талып жатқан тұрды күтіп, 
Бетіне торғын шалін жаба салып. 
Тұра алмай ғашық жары қалды есі ауып, 
Ләйліні даяшы қыз алған тауып. 
Мәжнүнді көрмегенсіп жүре берді, 
Өсекке қалармын деп қылды қауіп. 
Аздан соң тұрды Мәжнүн есін жиып, 
Әрі-бері шакті иіскеп жатты сүйіп. 
Онан соң Наупіл тауып алып кеткен, 
Жарыңды әперем деп жанды қиып. 
Ләйлі қыз үйде отырып күйіп-жанды, 
Айналды бір көбелек жаққан шамды. 
Шам менен көбелекке мұңын айтып, 
Өткізді кірпік қақпай ұзақ таңды: 
«Көбелек, сен де мендей шамға ғашық, 
Боласың қайтіп ғашық менен асып. 
Күйсең де өлмесеңші мен сықылды, 
Өлесің екі айналмай мұнша сасып. 
Қарамай шыдасаңшы жанғаныңа, 
Білген соң, жетпесіңді арманыңа, 
Тартсаңшы неше жылдай жар күйігін, 
Разы ма жарың өле қалғаныңа? 
Шам, сен де лапылдайсың жанған болып, 
Көңіліңде қайғылы дерт арман болып. 
Байлаулы қол-аяғың, басың қара, 
Жылайсың көкке назар салған болып. 
Жалындап сен жанасың жалғыз түнде, 
Тұрасың, жанбай аман ұзақ күнде. 
Жанамын күндіз-түні мен қайғыдан, 
Рақаттан күдерімді үздім мүлде. 


 
Көзімнен, міне, ағып түр қанды жасым, 
Ғашықтың қайғылы оты — ішкен асым. 
Көзіңнің қаны түгіл, жасы да жоқ, 
Жанғансып түні бойы май жұтасың. 
Досың - май, дұшпаның - жел, тез өлесің, 
Жанғанға шыдай алмай жөнелесің. 
Сүйікті досым - бейнет, жауым - рақат, 
Қалайша енді маған теңелесің?». 
Соны айтып отыр еді жаққан шамға, 
Ұқсады біреу бір хат ұсынғанға. 
Қараса — ғашығының жазған хаты, 
Отырды әзер шыдап оқығанда. 
Хатты алып, Тәзйт екен келген кіріп, 
Ысылған мұндай іске талай жүріп. 
Мәжнүннің жазып берген сөзі мынау, 
Айта алсам, дәл өзіндей қиыстырып: 
«Ғашығым, жанға өлшеген Ләйлі жаным, 
Белгілі, бір сен үшін зарлағаным. 
Егерде өзің сүйіп тиген болсаң, 
Қайырлы, құтты болсын жар тапқаның. 
Мен-дағы сен қуансаң, қуанамын, 
Күн көрген көлеңкеңде дуанамын. 
Қарағым, жарлымысың, зарлымысың, 
Анықтап сырыңды айтсаң, қуанамын. 
Алдаған сөзім емес, байқайын деп, 
Жарыңнан көңіліңді шайқайын деп. 
Қосылған өзің сүйіп жарың болса, 
Ойладым разылығымды айтайын деп. 
Ойымнан махаббатың кетпейді бір, 
Сен сүйсең бөтен жарды, ол неге тұр. 
Жүрегім, әлі өзімнің жарым дейді, 
Хат жаздым сандалақтап, сонымен құр. 
Бір хат жаз, осы хатты апарғаннан, 
Алғанша, хабарыңды жүрегім қан. 
Шыныңды айт, Құдай үшін алаң қылма, 
Құрбаның болсын енді, бұл шыбын жан. 
Жылдам бер не де болса, хабарыңды, 
Топырақ баспай тұрып ажарымды. 
Сен кетсең, өзге жарға, тез өлемін, 
Білмедім онан басқа табарымды». 
Бар сөзін хатындағы оқып біліп
Қағаз бен қалам алды Ләйлі тұрып. 
Қайтадан ғашығына жауап жазды, 
Көзінің қанды жасын сия қылып: 
«Бұл сөзге таңғаламын нанғаныңа, 
Жеткізер кімді жалған арманына. 
Қарағым, қайтіп аузың барып айттың 
Өзгеге сені тастап барғаныма. 
Орайым бар ма, менің сенен кетер, 
Ондайға алаң болмай жүрсең нетер. 
Әкемнің беремін деп айтқаны рас, 
Әуре боп болмас іске жүр ғой бекер. 


 
Ойладым, есіткенде өлейін деп, 
Сен үшін қу жанымды берейін деп. 
Тоқтаттым өзімді-өзім қайта ойланып, 
Құдайым шыны жазса, көрейін деп. 
Жаратқан Алла, мені бір сен үшін, 
Жаралған жар едің ғой сен мен үшін. 
Барам деп өзге адамға ойламаймын, 
Көңілім бір Құдайға сенген үшін. 
Кім қылды бала күнде саған ғашық, 
Қуандым сені көрсем мауқым басып. 
Қарағым, соны ойламай неге жаздың,  
Алланың тағдырына қарсыласып. 
Қарағым, мен — сенікі, сен — менікі, 
Орайсыз құр үміт қой өзгенікі. 
Алланың бекіткені бұзыла ма, 
Бұза ма Құдай ісін пенденікі? 
Тағдырда не жазылды, көрейік те, 
Көңілді бір Аллаға берейік те. 
Көз бұрмай, көңіл бұрмай, мінез болмай, 
Шын ғашық бетімізбен өлейік те. 
Өзге ойды, разы емеспін, көп ойласаң, 
Кешікпей жолығып кет, мені ойласаң. 
Көзіңді көріскенде жеткізейін, 
Бұл сөзді шын емес қой деп сен ойласаң». 
Ол хатты Тәзйт кетті тағы да алып, 
Кешікпей, аялдамай қайта салып. 
Адасып ақылынан жатқан жерде, 
Мәжнүнге Ләйлі хатын берді апарып. 
Ол кезде жатыр еді есі кірмей, 
Қолына берді хатты Тәзйт білмей. 
Алды да, қалтасына сала салды, 
Тәзйтті адам бар деп көзіне ілмей. 
Жатқанын есі кетіп сонда білді, 
Қасында, айықсын деп күтіп тұрды. 
«Ғашығың қатты науқас, шақырды» деп, 
Тәзйтке біреу келіп хабар қылды. 
Тұра алмай Тәзйт кетті, Мәжнүн қалып, 
Жерінен түрегелді жатқан талып. 
Еске сонда түсіп жаңағы хат, 
Оқыпты қалтасынан жұлып алып. 
Білген соң, хатын оқып көңілі тынды, 
Сөзінен таба алмадым ешбір мінді. 
Ләйлінің жайын енді сөз қылайық, 
Тоқтатып қоя тұрып Мәжнүнді. 
Ләйлі жүр, Мәжнүн үшін жанамын деп, 
Айттырған Ибн салам аламын деп. 
Бір күні атасына қылды хабар 
Қол ұстай бүгін кешке барамын деп. 
Той қылып шақырыпты талай елді, 
Қанша сый тартуменен күйеу келді. 
Бір қатын Ибн салам байбатшаға 
Ләйліні кеш батқан соң әкеп берді. 


 
Төсекке күйеу жатты, Ләйлі жатпай, 
«Қарағым, неге отырсың сөз де қатпай? 
Шешін-дағы киіміңді қойныма кір 
Ұялып отырмысың маған батпай». 
Ойлады, бір айла айтып қарайын деп: 
«Қасыңа ынтық едім барайын деп, 
Бір пері жас күнімнен аңдушы еді, 
Келіп түр жақындасам алайын деп». 
Төсектен күйеу басын жұлып алды, 
«Қайда тұр ол пері», - деп көзін салды. 
Айтса да алдайын деп Ләйлі өтірік, 
Бір пері түсі суық келіп қалды. 
Мұрны көк, төменгі ерні жер тірейді, 
Дауысы жауған күндей күркірейді. 
«Ләйлінің Құдай қосқан жары емессің, 
Қанеки, маңайынан жүрші!» — дейді. 
«Ешқашан бұған жақын келме, - дейді, 
 — Өзін де жүзі түгіл көрме, — дейді. —  
Біреудің ғашық жарын аламын деп
Қорлықпен азап көріп өлме, — дейді. —  
Ләйліден, өлтірмеймін, аулақ жүрсең, 
Өлесің қолын ұстап, жүзін көрсең. 
Мың жаның болса-дағы сені қойман, 
Осындай іс көрдім деп хабар берсең». 
Ант етті, Ибн салам: «айтпаймын, — деп, —  
Сертімнен бір айтқан соң, қайтпаймын, — деп, 
Алланың қоспағанын аламын деп, 
Мойныма кісі ақысын артпаймын», — деп 
Деді де «уағдаңнан жүрме тайып», 
Сол пері болып кетті көзден ғайып. 
Болса да, іштен құса Ибн салам 
Бұл сырын жанға айтпайды елге жайып. 
Ол-дағы батыр еді, ер жүректі, 
Жүрегін ғашық оты елжіретті. 
Ләйлінің жүзін көрмей жүре ала ма, 
Аяғы басқан сайын кейін кетті. 
Періден қорықпаса да уағдасы бар, 
Тая ма айтқанынан қайраттылар. 
Сарғайып запырандай солды жүзі, 
Болса да денесі тас қайдан шыдар. 
Келсе де, Ләйліменен бір жатпайды, 
Қолынан, жүзін көріп, дәм татпайды. 
Жазылмас дертті болды қайран батыр, 
Адамды шын ғашықтық шыдатпайды. 
Жүрегін ғашық оты кетті шарпып, 
Күн сайын жүдей берді қайғысы артып. 
Жақындап, өлер халге болды дертті, 
Есіл ер ала алмады бойын тартып. 
Науқасы барған сайын кетті дендеп, 
Дерт емес, жазыларлық дәрігер емдеп. 
Өлімге таянғанын білгеннен соң, 
Ләйліні шақырыпты жақын кел деп: 


 
«Мен саған жар емеспін, жақыныңмын, 
Қайғымен қапыда өткен пақырыңмын. 
Именбей енді, менің қасыма кел, 
Барында қоштасайын ақылымның. 
Мәжнүнге ғашығыңды білмеуші едім, 
Ортаңа оны білсем, кірмеуші едім. 
Ол саған ғашықтығын білсем-дағы, 
Сен оған ғашық қой деп жүрмеуші едім. 
Көрсетті тағдыр маған жасырынды, 
Ашты ғой пері келіп бар сырыңды. 
Көңілімді сені алмасқа бекіткенмін, 
Ойлама жалғаншы деп пақырыңды. 
Періден ойлап едім қашпайын деп
Өлермін азар болса, саспайын деп. 
Білген соң, өзімді-өзім тоқтатқамын, 
Ғашықтың сырын елге шашпайын деп. 
Сорлы едім, бір айтқан соң мойын бұрмас, 
Өлім мен уағда бұзған — бәрі бір бәс. 
Мәжнүнге сәлемімді айт, көре қалсаң, 
Құрбы едім, бір жыл туған түйдей құрдас. 
Мәжнүнге жазып қойған бар бір хатым
Тілегім — соны тапсыр — аманатым. 
Артымнан дұға қылсын ақын кешіп, 
Ұмытпасын, Ибн салам — менің атым. 
Сен де кеш әдепсіздік істерімді, 
Көре алман енді қайтып түстеріңді. 
Тағдырда жазған болса, қосыларсыз, 
Күйдірме қайғы ойлап іштеріңді. 
Мінеки, қайғы ойлаған мен не болдым, 
Гүл едім жайнап тұрған, бүгін солдым. 
Деуші едім дүниені аралармын, 
Жалғанның бір қызығын көрмей өлдім. 
Сізді айтса, бізді де айтар кейінгілер, 
Қояды кімді жұтпай бұл қара жер. 
Алланың жазғанына разымын, 
Атақсыз, атсыз өлер кей пенделер. 
Сендер де сөз боларсың артқыларға, 
Жаны ашыр, жаны бардың ғашық жарға. 
Аузынан кешу алып кетер едім, 
Мәжнүнді көрмей өлдім, амал бар ма? 
Мен-дағы, жеті атадан едім жалғыз, 
Қарағым, жазам болса, естен қалғыз. 
Қалыңға бергенімнің бәрін кештім, 
Малымды әкеңе айтып жиып алғыз. 
Ұзамай маған ажал келер әлі-ақ, 
Қылғамын әлдеқашан сені талақ. 
Сендерге менің қылар бөгетім жоқ, 
Мені ойлап, өз жарыңнан болма салақ. 
Деді де «уағдаңнан жүрме тайып», 
Сол пері болып кетті көзден ғайып. 
Болса да, іштен құса Ибн салам 
Бұл сырын жанға айтпайды елге жайып. 


 
Ол-дағы батыр еді, ер жүректі, 
Жүрегін ғашық оты елжіретті. 
Ләйлінің жүзін көрмей жүре ала ма, 
Аяғы басқан сайын кейін кетті. 
Періден қорықпаса да уағдасы бар, 
Тая ма айтқанынан қайраттылар. 
Сарғайып запырандай солды жүзі, 
Болса да денесі тас қайдан шыдар. 
Келсе де, Ләйліменен бір жатпайды, 
Қолынан, жүзін көріп, дәм татпайды. 
Жазылмас дертті болды қайран батыр, 
Адамды шын ғашықтық шыдатпайды. 
Жүрегін ғашық оты кетті шарпып, 
Күн сайын жүдей берді қайғысы артып. 
Жақындап, өлер халге болды дертті, 
Есіл ер ала алмады бойын тартып. 
Науқасы барған сайын кетті дендеп, 
Дерт емес, жазыларлық дәрігер емдеп. 
Өлімге таянғанын білгеннен соң, 
Ләйліні шақырыпты жақын кел деп: 
«Мен саған жар емеспін, жақыныңмын, 
Қайғымен қапыда өткен пақырыңмын. 
Именбей енді, менің қасыма кел, 
Барында қоштасайын ақылымның. 
Мәжнүнге ғашығыңды білмеуші едім, 
Ортаңа оны білсем, кірмеуші едім. 
Ол саған ғашықтығын білсем-дағы, 
Сен оған ғашық қой деп жүрмеуші едім. 
Көрсетті тағдыр маған жасырынды, 
Ашты ғой пері келіп бар сырыңды. 
Көңілімді сені алмасқа бекіткенмін, 
Ойлама жалғаншы деп пақырыңды. 
Періден ойлап едім қашпайын деп, 
Өлермін азар болса, саспайын деп. 
Білген соң, өзімді-өзім тоқтатқамын, 
Ғашықтың сырын елге шашпайын деп. 
Сорлы едім, бір айтқан соң мойын бұрмас, 
 Өлім мен уағда бұзған — бәрі бір бәс. 
Мәжнүнге сәлемімді айт, көре қалсаң, 
Құрбы едім, бір жыл туған түйдей құрдас. 
Мәжнүнге жазып қойған бар бір хатым, 
Тілегім — соны тапсыр —- аманатым. 
Артымнан дұға қылсын ақын кешіп, 
Ұмытпасын, Ибн салам — менің атым. 
Сен де кеш әдепсіздік істерімді, 
Көре алман енді қайтып түстеріңді. 
Тағдырда жазған болса, қосыларсыз, 
Күйдірме қайғы ойлап іштеріңді. 
Мінеки, қайғы ойлаған мен не болдым, 
Гүл едім жайнап тұрған, бүгін солдым. 
Деуші едім дүниені аралармын, 
Жалғанның бір қызығын көрмей өлдім. 

10 
 
Сізді айтса, бізді де айтар кейінгілер, 
Қояды кімді жұтпай бұл қара жер. 
Алланың жазғанына разымын, 
Атақсыз, атсыз өлер кей пенделер. 
Сендер де сөз боларсың артқыларға, 
Жаны ашыр, жаны бардың ғашық жарға. 
Аузынан кешу алып кетер едім, 
Мәжнүнді көрмей өлдім, амал бар ма? 
Мен-дағы, жеті атадан едім жалғыз, 
Қарағым, жазам болса, естен қалғыз. 
Қалыңға бергенімнің бәрін кештім, 
Малымды әкеңе айтып жиып алғыз. 
Ұзамай маған ажал келер әлі-ақ, 
Қылғамын әлдеқашан сені талақ. 
Сендерге менің қылар бөгетім жоқ, 
Мені ойлап, өз жарыңнан болма салақ. 
Мәжнүнге айт, дүниеге қойсын сенбей, 
Сендердің көрмей өттім күлгеніңді. 
Дүние-ай, көрер ме екем ақыретте, 
Мәжнүнмен құшақтасып жүргеніңді». 
Есіркеп, Ләйлі тұрып жақын келді, 
Жүрегі тазасына көңілі сенді. 
«Мен кештім, сендер де кеш», — деді-дағы, 
Шаһадат иман айтып жөнелді енді. 
Тағдырда солай жазған пәруәрдігер, 
Бұл сырды, өзге білмес, Ләйлі білер. 
Ләйлінің үйден шыққан үнін естіп, 
Жүгірді тыста тұрған күзетшілер. 
Өткенін Ибн салам халқы білді, 
Бірталай есіткен соң, жұрт жиылды. 
Шығарып жаназасын таза арулап, 
Қабірін бек айбаттап күмбез қылды. 
Ләйлінің ойындағы ғашық жары, 
Ойлайды байы өлді деп жұрттың бәрі. 
Өлгенін Ибн салам сылтау қылып, 
Ішінен шықты тысқа қайғы-зары. 
Мәжнүнді неге ұмытсын өлгенінше, 
Зарлайды соны жоқтап өз көңілінше. 
Отыр деп байын жоқтап халық ойлайды, 
Жасырмай жылаған соң жұрт көзінше. 
Шаһарға Мәжнүн келді бір күн қаңғып, 
Ойы бар жолықпақ Ләйліні аңдып. 
Бір шалды біреу ұрып жетелеп жүр, 
Кісендеп тепкілейді бетін шаң ғып. 
Жүгіріп Мәжнүн келді «ағатайлап», 
«Ғаріпті неге ұрасың қолын байлап. 
Сорлының әлде қандай жазасы бар, 
Отырып айтыңызшы маған жайлап». 
«Әкемді осы өлтірді таспен ұрып, 
Кетіпті ұрған тасы миға кіріп. 
Осыдан кегіңді ал деп қазы берді
Жазасын тартқызамын өстіп жүріп. 

11 
 
Мұнымды шариғатқа сыйғызамын, 
Жетелеп елден қайыр жиғызамын. 
Өлтірсем, қинасам да өз қолымда, 
Көнбесе ауыз мойнын қиғызамын». 
«Жүктедің, сорлы-ау, неге адам қанын, 
Есіркеп, шықпай қалды азар жаным. 
Бар еді бұл адамда қандай кегің, 
Әкесін өлтіргенің не қылғаның?» 
«Ұрып ем, ашу қысып таспен атып, 
Басына жіберген тас кетті батып. 
Қатеден мұндай күйге душар болдым, 
Қайтесің мен сорлыны былшылдатып». 
«Бұл шалды не қыласың, мені-ақ айда, 
Кісендеп аяғымды қолым байла. 
Бейнетті мұның үшін маған тартқыз, 
Бар дейсің қайыр сұрап, айтшы, қайда?» 
Босатты өзін беріп әлгі шалды, Кісенді аяғына өзі салды. 
Мәжнүнді шал орнына ноқталап ап, 
Жетелеп, әр қақпаға алып барды. 
«Ләйлі» деп зар қағады, тынбай жылап, 
Жүреді кешке жақын, қайыр сұрап. 
Отырған терезеде Ләйлі көріп, 
Жығылды есі кетіп тамнан құлап. 
Дүрс етіп жерге түсті Ләйлі барып, 
Таныды оны Мәжнүн көзі шалып. 
Өлгелі әншейінде жүрген сорлы 
Көрген соң құлағанын қалды талып. 
Тырп етпей, жатып алды есін жимай, 
Кісі түр жетелеген оны қимай. 
Аузынан «аһ» дегенде жалын шықты, 
Қалың дерт жүректегі ішке сыймай. 
Кісенді аяғынан шешіп алды, 
Ноқтаны сыпыра алмай кесіп алды. 
Жындыны қайтемін деп кетті тастап, 
Сорлының өлмегенде несі қалды. 
Бірқатар сол арада жатты талып, 
Аздан соң екеуі есін жиып алып, 
Оңаша, қараңғы түн, еш адам жоқ, 
Fаріптер мұңдасады жақын барып. 
«Қарағым, — деді Ләйлі, — қарызыңды ал, 
Құшақтап, қойыныма қолыңды сал. 
Жолықпақ күнде мұндай табылмайды, 
Бір татқыз, тым болмаса тіліңнен бал. 
Мәжнүн - ау! Ғашық болсаң, сөзіңе жет, 
Дертіме осы арада бір дәрмен ет. 
Тіліңнен сорғыз-дағы бір құшақтат, 
Әйтпесе, өз қолыңнан өлтіріп кет. 
Өлемін, қосыла алмай қалсам-дағы, 
Ұмытпаймын, ақыретке барсам-дағы. 
Болады сен сау қалсаң, мен өлейін, 
Құшақтап, шыдай алмай жансам-дағы». 
Жақындап келді тілін берейін деп, 

12 
 
Сорғызып, мауқын басып көрейін деп. 
Аузына тілі барып тиген кезде, 
Өртеніп бара жатыр өлейін деп. 
Ұмтылды, құшақтайын жансам да деп, 
Бұл жерде, жанып өліп қалсам да деп. 
Айқасып аш белінен жабысады, 
Өлемін, ақыр қайда барсам да деп. 
Лапылдап шыдатпады күйіп-жанып, 
Қолдарын кейін кетті жазып алып. 
Қараса, біреу жақын келіп қапты, 
Сырт беріп, жүре берді Ләйлі қалып. 
Мәжнүннен бір қалмайды әлгі жаяу, 
Шаһардан шыққан кезде келді таяу. 
Кідірмей, әлдекім деп кетіп еді, 
Сыбырлап «тоқтаңыз» деп айтты баяу. 
Тоқтады көрейін деп мұның түрін, 
Білерлік адам ба деп Ләйлі сырын. 
Қараса, өңі сұрлау, жап-жас жігіт, 
Ұмытпаса, көрген емес мұнан бұрын. 
Қасында келіп тұрды, сәлем беріп: 
«Байқадым, құшақтасқан сізді көріп. 
Қойныңнан қосылғанда от шыққан соң, 
Келіп ем, білейін деп артыңа еріп. 
Білуші ем, ғашықтықтың мен де жайын, 
Жасыңнан сенің жайың бізге мәлім. 
Әдейі айырмаққа барып едім, 
Болушы ең мен болмасам, күл мен жалын. 
Білемін, өлім емес саған бұйым, 
Жаныңды аямайсың жалғыз тиын. 
Бейнетке шыдай алмай, өлді десе, 
Болмай ма бәрінен де осы қиын. 
Жолықсаң құшақтама, құр жүзін көр, 
Іштегі жалын шықсын, сөйлесе бер. 
Жалғанда қосылуға жазған болса, 
Табады өзі-ақ ебін пәруәрдігер. 
Жалынуға сен шыдасаң, қыз шыдамас, 
Өлтірсең өзің өртеп, тіпті ұнамас. 
Еркектен қайда көрсең әйел нәзік, 
Қаңғырған соны көріп мен бір қу бас. 
Бар еді менің де бір сүйген жарым, 
Көрмесем, құрушы еді ынтызарым. 
Шыдамай ғашықтықта өліп кетті, 
Көп айтсам қозғалады іште зарым. 
Мен сенен ақылдымын, жол көргемін, 
Қайғыны өз әлімше мол көргемін. 
Fашығым дүниеден өткеннен соң, 
Біле алмай қайтерімді сандалғанмын. 
Тең емес бақайыңа біз бүйткенде, 
Сіздердің ғашықтығың жүз есе артық. 
Сорлының, сен де мендей біреуісің, 
Ләйлінің ғашық болған күйеуісің. 
Беремін тым болмаса хабар алып, 

13 
 
Сен менің кім екенім білемісің? 
Білмесең — Тәзйт еді менің атым, 
Аз емес басымдағы мехнатым.  
Бір қызға Зейнеп деген ғашық болып, 
Күн сайын, асып еді махаббатым. 
Қыз өлді, мен артында тірі қалдым, 
Зарланып моласына күнде бардым. 
Өлгенше жолдас болып жүрейін деп, 
Артыңнан әдейі іздеп жаяу салдым. 
Мен сенің баяғыдан досың едім
Хат тасып хабарыңды қосып едім. 
Ол кезде ақылыңның жоқ кезі еді, 
Аз ғана айықсын деп тосып едім. 
Зейнептен сонда хабар алып едім, 
Деген соң қатты науқас барып едім. 
Мен сорлы шыдай алмай жөнелгенде, 
Жия алмай сен есіңді қалып едің». 
Мәжнүнге жолдас болды қоса зарлап, 
Екеуі екі қызға жылайды арнап. 
Бармаған тау, баспаған жер қоймайды, 
Шарқ ұрып, дүниені жүрді шарлап. 
Бір күні Тәзйт айтты Мәжнүнге кеп, 
Бір ақыл көңіліме түсіп түр деп. 
Ләйліге ебін тауып жолығайық, 
Барайық, сен соқыр боп, мен жетелеп. 
Мәжнүнді соқыр қылды көзін тартып, 
Жетелеп, кейде арқалап, мойнына артып. 
Қолына талдан жуан таяқ беріп, 
Шаһардың көшесінде жүр сандалтып. 
(аяғы бар) 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет