ЛӘйлі-мәЖНҮН (Басы өткен санда)


Шеген  Шығарған: И. Тоқтыбаев  Бастырушы: Түркістан Коммунистер партиясының Кіндік комитеті   Саясат бөлімі  ОРТА АЗИЯ БІРЛІГІ



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата12.03.2017
өлшемі1,64 Mb.
#8803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Шеген 
Шығарған: И. Тоқтыбаев 
Бастырушы: Түркістан Коммунистер партиясының Кіндік комитеті  
Саясат бөлімі 
ОРТА АЗИЯ БІРЛІГІ 
Март  айының  басында  Ташкентте  Орта  Азиядағы  Бұхара,  Хорезм  һәм  Түркістан 
республикаларының  конференциясы  болып  өтті.  Конференцияға  шақырғанда  көздеген 
мақсат  -  үш  республиканың  шаруа  жұмыстарын  бір  жолға  салу,  бірлестіру  еді.  Бүл 
жөнінен  конференцияның  жұмысы  жақсы  болып  шықты.  Жоғарыда  айтқан 
республикаларда жүргізілетін шаруа саясатын қолға алу, бір жерден басқарып түру үшін 
Орта Азия шаруа істерінің Кеңесі құрылды. Сөйтіп, Орта Азиядағы республикалар шаруа 
жөнінен  бірлесіп  бұдан  былай  Орта  Азияда  жүргізілетін  шаруа  істерінің  тағдыры  сол 
шаруа кеңесінің қолында болатын болды. 
Ескі заманда да, революциядан бері қарай да жоғарыда айтқан аймақтардың шаруасы бір 
жерден  басқарылып  келген  емес.  Сөйтсе  де,  қазір  бір  жерден  басқару  керек  болып  түр. 
Өйткені, Ресейге қарайтын жерлерді шаруа ісінің ыңғайына қарай жаңадан аудан-ауданға 
бөлу  мәселесі  көптен  бері  Мәскеуде  қаралып  жататын,  Мәскеудің  ұйғаруына  қарағанда 
Түркістан,  Хорезм  һәм  Бұхара  республикалары  бір  шаруа  ауданы  болып  саналатын 
көрінеді. 
Сондықтан,  Орта  Азияда  шаруа  жұмыстарын  бірлестіру  үшін  жалпы  Орта  Азия  шаруа 
кеңесі  құрылып,  Орта  Азиядағы  республикалар  шаруа  жөнінен  Орта  Азия  шаруа  кеңесі 
арқылы ішкі Ресеймен қатынасып тұратын болып отыр. 
Бірақ,  шаруа  менен  саясаттың  жөні  бір  болмай,  тағы  болмайды,  шаруасыз  саясат  ілгері 
баса алмайды. Бүл революциядан бергі жердегі тәжірибеден де белгілі болды. 
Қазан төңкерісінің әуелгі дәуірінде күнбатыста да төңкеріс болатынына дәмеленіп, саясат 
шаруа  жұмысының  алдына  салынып  келеді.  Бүл  ойдан  күнбатыс  жүмысшылары  шыға 
алмады.  Күнбатыс  Европада  байлар  мен  жүмысшылардың  көздеген  мақсаттары  қайшы 
түсіп, күнде қырық пышақ болып отырса да, 4-5 жыл ұдайына үзілмей болған жаһангерлер 
соғысының тұсында жүдеп сіңірі шығып қалған жүмысшылар байларға қарсы бас көтере 
алмай  келеді.  Жақын  арада  күнбатыста  төңкеріс  болмайтынына  біздің  де  көзіміз 
жеткендігі болды. 
Күнбатыста  төңкеріс  шын  болмайтын  болса,  Ресейде  төңкеріс  қаупі  күшейе  бастайды. 
Күнбатыстағы капиталға сүйенген мемлекеттер Ресей төңкерісінің тамырына балта шаба 
бастайды. Жаһангерлік соғысының кезінде күнбатыстың кеңесшіл Ресейге көзқарасы осы 
болып  келді.  Ойлаған  ойы  кеңесшіл  Ресейді  жығу  еді.  Енді  өз  отбасының  дау  жанжалы 
болмай,  өз  аралары  «тату»  бола  күнбатыстың  кеңесшіл  Ресейдің  дұшпандығы  күннен 
күнге ұлғая береді. 

39 
 
Күнбатыста  төңкеріс  болмаса,  капиталшылар  күшейіп,  кеңесшіл  Ресейді  ортаға  алып, 
тұншықтыра бастайтыны да анық. Сондықтан күнбатыстың бет алысын көре-біле тұрып, 
кеңесшіл Ресей қандай жол тұтынуға тиіс еді? 
«Күнбатыста төңкеріс болады» деп өтірік семіріп, дәмеленіп құрғақ саясат жүргізе берсе, 
күнбатыс жұтып қоятын болады. Кеңестер Ресей қол-аяғын байлап, өзін-өзі капиталшылар 
қолынан бере алмағандықтан, төңкерістің әуелгі жылдары Ресейде жас демей, кәрі демей 
жұрттың бәрі саясатшыл болып кетсе де, енді ол демінен түсіп саясатқа да, басқа жұмысқа 
да  шаруаны  күшейту  көзімен  қарап  келеді.  Саясат  оз  бетімен  кете  алмай,  шаруаны 
аяқтандыру ұранына бағына бастады. Кеңестер республикалары бұрынғы құрған саясатты 
тастап,  шаруа  жөнінен  бірлесе  бастады.  Кеңестер  республикалары  шаруа  жөнінен 
бірлесулері арқасында күнбатыстың қара күшіне қарсы тұрып келеді. 
Саясатсыз шаруа ісі де жүрмейді, шаруа ісі саясатты тудырмай тағы тұрмайды. 
Англия  Орта  Азияны  өзіне  қаратпақ  болғанда,  патшашыл  Ресей  де  Қазақстан  мен 
Түркістанды бағындырғанда жергілікті жұрттар надан, қараңғы болған соң білім берейін, 
ғылым үйретейін деп есіркегендік пе еді? 
Ондай  болса  елу  жылдан  бері  Ресей  неден  аянып  қалды?  Ағылшындар  Үндістанды  не 
себепті талап келді? 
Біреу  үшін  біреу  отқа  түспейді.  Біреу  үшін  біреу  жұмақтың  есігін  ашпайды.  Әркім  өзі 
кіруге таласады. Әркім өзі керегін іздейді. Сондықтан, Англияны Орта Азияға, орыстарды 
Қазақстан  мен  Түркістанға  бастап  келген  бізді  аяушылыққа  алғандық  емес.  Дүние  іздеу 
мақсаты,  байлықты  көбейту  амалы  еді.  Шаруа  қамы  саясатты  тудырмай  тұра  алмайды 
дегеніміз осы. 
Сөйтіп,  саясат  пен  шаруа  жұмыстары  бірінен-бірі  тіпті  айырыла  алмайды.  Сондықтан, 
Орта  Азиядағы  Түркістан,  Бұхара,  Хорезм  республикаларының  шаруа  істері  бірлескен 
соң, саяси істері де жақындаспай болмайды. Әдеби конференция шақырылып, Орта Азия 
республикаларын шаруа жөнінен ресми ретте бірлестірілмесе де, шаруа жөнінен бірлескен 
соң саяси ретінде бірлескен болады. 
Орта  Азия  бірлігі  құрылғанда  ескеретін  ісі  -  ұлт  мәселесі,  Орта  Азияда  тұратын  нашар 
ұлттардың жұртшылығын сақтап қалу. 
Екі  ауыз  сөздің  бірі  -  ұлт  мәселесі,  екі  рет  түртілген  қаламның  бірі  -  ұлт  мәселесі,  ұлт 
мәселесі жұрттың жүрегіне тиген жоқ па? Ұлт мәселесі туралы сөз бітіп, әңгіме ашылған 
жоқ  па  деушілер  де  коп  шығар.  Коммунистер  партиясы  мемлекет  ісін  қолға  алғаннан 
бастап  ұлт  мәселесін  негізгі  мәселе  санап  келеді.  Ұлт  мәселесін,  ұлт  теңдігін  ұмытқан 
партия ұлт мәселесіне тұншығатынына сөз жоқ деп келеді. Ұлт мәселесін дұрыс шешпей, 
тіпті  күнбатыстың  ісі  де  жөнделмейді.  Әсіресе,  Ресейде  ішкі  һәм  сыртқы  саясатты  ұлт 
мәселесіне  құрмай,  бір  ұлтқа  екінші  ұлттың  істеп  келген  жауыздығын  тыймай,  ұлт 
теңдігін  партияның  негізгі  істерінің  алдына  салмай,  мемлекеттің  ірі  істерінен  бастап 
майда  кеңсе  жұмыстарында  да  әр  ұлттың  мұң  -  мұқтажын  тексеріп  отырмай,  төңкеріс 
орнықпайды деп коммунистер партиясында бастықтары ашық айтып келеді. 
Коммунистер  партиясы  замана  қалпын  жақсы  сезді.  Төңкеріс  өмірі  ұлт  мәселесін 
ұмытпағандықтан сақталып келе жатқандығын жақсы түсінеді. Сондықтан, ұлт мәселесін 
соз қылмай тұра алмайды. Ұлт мәселесі туралы сөз ашылды деушілердің көбі ұлтшыл аты 
танылады  деп  қорыққанынан  ұлт  мәселесін  қозғаудан  қашады.  Бұрын  тұщыға  үйреніп 
қалғандықтан, ұлт теңдігін сүймегендер айтады. 

40 
 
Әйтпесе, неғұрлым мемлекет ішінде тұратын ұлттардың саны көп болған сайын, соғұрлым 
ұлт мәселесі шиеленісе бермек. Ұлт мәселесі хақында сөз көбейе бермек. 
Сондықтан,  Орта  Азия  республикалары  шаруа  һәм  саяси  жөнінен  бірлесетін  болса,  ұлт 
мәселесін тіпті ескерусіз тастауға болмайды. 
Қай  ұлттың  болса  да  көздеген  түпкі  мақсаты  -  ең  әуелі  бостандық  табу.  Ол  талабы 
орындала  бастағаннан-ақ,  буын  жиып  қуаттана  бастағаннан-ақ,  өзінен  төмен  әлсіз 
ұлттарды пайдалану ниетіне кірісетін ұлттар да болады екен. Ол сөзді ілгеріде естуші едік. 
Бір-екі жылдан бері қарай оны көзіміз де көріп келеді. 
Орта  Азияда  майда  сауда  капиталы  күшейіп,  саудагер  жұрттар  аяқтанып  келе  жатқанда, 
әлсіз  жұртты  алды  жұрттар  ептеп  пайдаланбай  тұра  алмайды.  Аяқты  мал  шаруасын 
қолданып, мәз болып жүрген жұрт шаруасы ауыр мықты жұрттарға жем болуы ықтимал. 
Ілгеріде де бүл екі шаруа, екі рулы елдей еді. Бұдан былай да сол бетімен кететіні анық, 
мақсаттары қайшы түседі де отырады. 
Шаруасының  жөніне  қарай  жүрмейтін,  шаруасының  айтқанына  көнбейтін,  тіпті  жұрт 
болмайтындықтан,  бір  аймақта  тұрса  да  түбі  туысқан  болса  да,  бір  жұртты  екінші  жұрт 
пайдаланатыны  анық.  Шаруасы  орнықты  жұрт  шаруасы  мықты  жұрттарға  жем 
болмайтыны да шын. 
Әсіресе,  Орта  Азия  бірлігі  құрылып,  жаңа  шаруа  сақтығы  күшейген  сайын  Орта  Азияда 
тұрған ұлттар осы жолға түсіп, бір - біріне ала көздігі күшейе бастайды. 
Орта  Азиядағы  жұрттардың  ішінде  аяқты  мал  шаруасын  қолданып  жүрген,  оны  тастай 
алмай яки, болмаса, ілгері бастырып гүлдендіре алмай келе жатқан түрікпен менен қырғыз 
- қазақ. Сондықтан, басқа жұрттардың аузына түсіп, тісіне жұмсақ тиетін түрікпендер мен 
қырғыз-қазақ болады. 
Орта  Азиядағы  жергілікті  жұрттардың  арасы  неғұрлым  қашықтаған  сайын,  соғұрлым 
Орта  Азияда  колонизаторлық  күшейіп,  неғұрлым  жақындаған  сайын,  соғұрлым 
«түрікшілдік», «мұсылманшылдық» зорая бастайды. 
«Мұсылманшылдық» болмаса, «түрікшілдік» жолына түссе, қырғыз-қазақ пен түрікпендер 
жұртшылығынан айырылады. Шаруасы нашар болғандықтан, мұсылман жұрттарына жем 
болады.  Мұсылман  жұрттары  ең  алдымен,  түрікпендер  менен  қырғыз-қазақты  талай 
бастайды.  Содан  мұсылмандық  яки  болмаса,  түрікшілдік  қолына  түсу  түрікпендер  мен 
қырғыз-қазаққа  қауіпті.  Жергілікті  жұрттардың  арасы  қашықтап,  Орта  Азияда 
колонизаторлық күшейсе, түрікпен менен қырғыз-қазаққа тағы қауіпті. 
Колонизаторлардың  тісіне  жұмсақ  тиетін  қырғыз-қазақтар  менен  түрікпендер  болады. 
Колонизаторлар ең алдымен түрікмендер мен қырғыз-қазақты пайдаланады. 
Осы екі мәселені еске алып, Орта Азия бірлігін құрғанда, Орта Азиядағы шаруасы нашар 
жұрттардың жұртшылығы құрылмай, сақталып қалуын көздеу керек. 
Балықшы 
 
 
 

41 
 
ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕУМЕТ ТӨҢКЕРІСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ 
ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ ШЫҚТЫ ҺӘМ ЖАҢА ШАРУАШЫЛЫҚ 
САЯСАТЫ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС? 
1917 жылы болған төңкерістің кезінде Түркістанның көбі қандай еді? 
XIX  ғасырдың  ортасынан  бастап,  XX  ғасырдың  басына  дейін  Ресей  жиһангерлігінің 
қуаттанып,  бірталай  кейін  қалған  Күншығыс  халықтарын  бағындырғаны  белгілі.  Орыс 
әскерінің қуатымен біздің қоржаңдап жүрген Орта Азия патшалықтары һәм жаңа келген 
қожайындар отаршылық саясатын жүргізе бастады. 
Шынын айтқанда, бүл саясат ескілікті сақтауға тырысты. Еңбекшіл қара бұқараны соқыр 
қылып,  надандықта,  қараңғылықта  ұстау  үшін  жаңа  үкімет  жергілікті  жуан  орындармен 
қосылып кетті. 
Молда, бай, «ақ патшаның» тілегінде болды. 
Жаңа  үкімет  астананың  олжасының  қайнары  болайын  деп  тұрған  шаруашылық  жүзінде 
күштірек  һәм  табандырақ  отырықшы  халыққа  сүйене  бастады.  Сауда  қатынастарының 
гүлденуі  алдыңғы кезде жергілікті  саудагер байлар мен үкімет арасын өте жақсы қылып 
жіберді. 
Тауарларын  ауылда,  қышлақта  пайдалы  қылып  сатып  һәм  Түркістан  тауарын  Ресейде 
жақсы жаққа өткізіп жүрген жергілікті саудагерлер, хандардың һәм бектердің соғысынан - 
бүліншілігінен құрғап тұрған жаңа үкіметке бастарын иеді де отырды. 
Екінші жағынан, бұрынғы қоржаңдап күштірек болып жүргендер жаңа үкімет тұсында да 
болыс, би һәм ауылнай болып, шапан, медаль алып «ақ патшаның» оң көзі болып та кетті. 
Өстіп патша үкіметі Түркістанда жергілікті халықтың жуан таптарынан өзіне мықты тіреу 
жасап,  еңбекшіл  дихан  сорлылардың  өмірінде  көзін  ашпастай  қылып,  аяқ-қолын 
шынжырлады. 
Мұнымен  қатар,  патша  үкіметіне  һәм  Ресей  капиталына  жергілікті  байларды  һәм 
жергілікті капиталды бағындырып, сауын сиыр секілді қылып ұстау саясат жүзінде де һәм 
шаруашылық жүзінде де керек болды. 
Сондықтан Түркістан, Ресей капиталын күшейту керек болды. 
Осы  оймен  патша  үкіметі  өзінің  құрбаны  қылып  мәдениеті  аз,  шаруашылығы  нашар 
көшпелі халықты алды. 
Генерал  Кауфман  патшаға  жазған  хатының  бірінде  Қазақ  даласынан  ноғай,  сарт 
саудагерлерін  қуып,  орыс  саудагерлерін  жіберу  керек,  даланың  орын  отаршылыққа 
айналдыру керек деген. 
Өстіп, жұдырықты патша өкіметі алдымен әлсіз көшпелі халыққа салды. Бүл елу жылдың 
ішінде  қазақ  жеріне  950-ден  аса  орыс  поселкесін  орнатты  һәм  бүл  істі  қандай  ауыр 
халдерге дейін халық қырғынға ұшырағанша созды. 
Төңкерістен бірнеше жыл бұрын Түркістанда отырықшы халқы бар облыстарда мақта өсу 
үлкейіп,  саудагер  байлар  көбейіп,  капитал  күшейіп  келеді.  Еңбекшіл  дихан  ескі 
шаруашылықтың  кейінгі  түрінде  қалды  да  қойды,  өсімдік  күшінің  гүлденуі  һәм  шаруа 
түрлерінің табиғи жалтарыстары булығып тез өсіп кеткен капиталдан қалып қойды. 

42 
 
Көшпелі  аудандардың  жайы  -  күйі  жаманға  айналып,  1913  жылы  генерал-губернатор 
Кондратьевич  әскери  министрге  «көшіру  саясаты  қауіпті  болып  барады.  Жетісу 
облысында  көтеріліс  болуға  түр»  деп  жазған.  Бүл  көтеріліс  1916  жылы  болды.  Бүл 
көтеріліс  отырықшы  аудандарда  бунттың  уақ  түрлеріндей  болып,  үкімет  тез  басып, 
отарлыққа  айналған  қазақ  аудандарында  жалпы  халық  көтерілісіне  айналды.  Бүл 
оқиғалардан  кейін  көп  ұзамай-ақ,  Ақпан  төңкерісі,  одан  кейін  Қазан  төңкерісі  туды. 
Алғашқы  жылдары  төңкерістің  қандай  бағытта  болғандығы  жоғарғы  айтылғандардан 
белгілі. 
Отырықшы  халықтар  арасында  төңкеріс  қуаты  аз  болды.  Хандар  тепкісінде  езіліп  өскен 
еңбекшіл  дихан  қараңғылық,  надандықта  шаруашылықтың  ескі  түрін  ұстап,  патша 
заманында шаруашылық, әлеуметшілігінің түрін өзгерте алмады. 
Ақша  -  тауар  шаруашылығы  жолына  шығу  бірте-бірте  болды.  Дені  Ферғанада  болды. 
Капиталдың бұлай өршуі өтердің (техниканың) өршуімен қатар жүрмеді. 
Сол себепті халықтың шаруашылық тұрмысы тіпті өзгерілмеді. Сауда капиталы күшейіп, 
жер  байдың  қолына  көшіп,  уақ  дихандардың  шаруашылығы  өте  әлсіреп  кетті.  Төңкеріс 
күшін көбейтуге оқиға өте жай жүргізіліп, сондықтан, Ақпан көтерілісі уақытында, Қазан 
төңкерілісінің  алғашқы  кезінде  отырықшы  еңбекшіл  қара  бұқара  ынтасыз  болып, 
арасында төңкеріс ағымы болған да жоқ. 
Ағымға  ерген  қала  халқы  һәм  саудагер  байлар.  Отаршылық  саясатымен  шырмалып, 
қырғынға  ұшыраған  көшпелі  халық  1916  жылы  көтеріліс  жасап,  шаруа  тіршілігінен 
айырылып, төңкеріске қатыса алмай қалды. Сол себепті  төңкерісті ұстаған да, жүргізген 
де орыс бейнетқорлары. 
Жергілікті  халықтың  еңбекшіл  қара  бұқарасы  қарап  тұрған  жоқ.  Отаршылдар  мен 
жергілікті байлармен күресті. 
Төңкерістің  алғашқы  жылдары  бір  жағынан  баспашы  жасап,  бір  жағынан  қара  шекпен 
байлардың көтерілісін жасап жүрген төңкеріс дұшпандарымен күресумен өтті. 
Бүл  күрестің  ақыры  -  Қазан  төңкерісі,  бүтін  Ресейде  күңіреніп,  Түркістан  кіндікке 
қосылғанда барып бітті. 
Түркістанның қалың қара бұқарасын төңкеріс ағымына таратуға  сонда ғана  уақыт жетті. 
Бұл  төңкеріс  ағымына  тарту  қозғалысын  жергілікті  халықтың,  жоғарыдағы  айтылған 
себептер бойынша, төңкеріс күштері көбірек бөлімінде жүргізілуге тура келді. 
Бүл айтқанға келетін Түркістандағы қазақтың екі облысы болды. 1920-1921 жылдарда жер 
заңы  жаңалығы  қалың  қазақтың  қара  бұқарасы  арасында  нағыз  төңкеріс  қозғалысын 
туғызғанын көзіміз көрді. 
Ұлт  теңдігі  үшін,  ұлт  мәдениеті  үшін  күрестер  туып,  бүтін  Түркістанда  төңкеріс  Отар 
төңкерісіне айналды. 
Төңкерістің  келесі  буыны  тап  мәселелерінің  шешілуге  бейімделген,  жергілікті 
жарлылардың  өздерінің  байларымен  күрескен  дәуірлері.  Бүл  күрес  алғашқы  буында 
болған,  бірақ  бір  тарауы  болып  көзге  көріне  алмаған.  Бүл  дәуір  жаңа  шаруашылық 
сақтығы саясаты жарияланған уақытқа сәйкес келді. 
Сол себепті анық жергілікті жарлылар арасында төңкеріс ағымының аяқ алысы қоюланды. 
Жаңа шаруашылық сақтығы саясаты Түркістанға төңкеріс ағымы жаңа ғана қаулап жанған 

43 
 
кезде  келді.  Тұрмыстың  ең  керек  қылған  мәселенің  бірі  -  жер  мәселелерінің  шешуімен 
байланысып, төңкеріс ағымы бәрінен гөрі қазақ арасында мықты болды. 
Жоғарғы  айтылған  себептер  бойынша  баршамызға  да  түсінікті,  өзбек  арасында  төңкеріс 
ағымының өте босаң болғандығы. 
Олай  дегенмен  жоғарғы  себептермен  жаңа  шаруашылық  сақтығы  саясатының  екпіні  тие 
алмады. 
Жаңа шаруашылық сақтығы саясаты Түркістанда басқа түрде де жүргізіліп кетуі мүмкін. 
Сауда  капиталының  тез  өсуі,  келімсектер  шаруашылығының  тез  орнығып  күшеюі  ауыр 
күйлерді тудырып жіберуге ықтимал. 
Туатын нәрселер мыналар: 
Европалықтардың  отырықшылдық  мінездері  бір  жағынан,  екінші  жағынан  жергілікті 
сауда капиталының көрсе басар, қансорғыштық мінезі. Осы айтылған екі мінездің екеуі де 
ұлт араздығын тудыратын мінездер. 
Жаңа  шаруашылық  сақтығы  саясатының  теріс  мінездерімен  қарсы  тұрып,  күресудің 
негіздері  жоғарғы  айтылған  екі  мінезбен  күресу.  Жергілікті  еңбекшіл  қара  бұқараны 
ұйымдастыру, нығайтып мемлекет мекемелерін қолға алу, халық байлығын кеңейту. 
Өмірлік  құндылықтан  босанған  жергілікті  кедейдің  ұраны  болғандай  екі  негіз:  оқу,  жер 
мәселесі мурам шешіліп, жер заңы, жаңалығы, нәтижелері бекітілуі. 
С. Асфендияров 
ЕВРОПАНЫҢ САЯСИ ХАЛІ 
Европада Россиядан басқа жұмыскерлердің үстемдігі жүріп тұрған ел жоқ. Басқа Европа 
мемлекеттерінде үкімет иесі - байлар. 
Россияда кәсіпорындары, өнім аспаптары, темір жол, кемелер мемлекетте. Мемлекет иесі 
үкіметке, үкімет иесі еңбекшілерге меншікті етілді. 
Россияның  саяси  мақсаты  -  еңбекшілдер  үстемдігін  орнықты  ету.  Россия  еңбекшілері 
үстемдікке  өзгеріс,  төңкеріс  арқылы  жетіп  отыр.  Сондықтан  Ресейде  өзгеріс  ошағы 
сақталады. 
Жалпы дүние еңбекшілерінің ұраны - Біз, еңбекшілдер үстемдікке бірлік арқылы жетеді. 
Еңбекшілдер  арасында  алалық,  алты  ауыздық  жоқ.  Сондықтан,  күнбатыс  Европа 
еңбекшілдері  Россия  еңбекшілдерінің  үстемдігіне  күйінбейді,  сүйінеді.  Россияны  арқа 
көреді,  сүйеу  көреді.  Россияның  көркеюіне  тілектес.  Күнбатыс  Европада  үстемдік 
байларда  болғандықтан,  Күнбатыс  Европа  мемлекеттері  еңбекшілдерге  жан  беретін,  рух 
беретін  өзгеріс  ошағы  -  Россияға  жақын  тамыр-таныс  дос  бола  алмайды.  Сол  себепті, 
күнбатыс  Европада  жанашыр  жоқ.  Сол  себепті  Европа  мемлекеттері  өзгеріс  отын  (кеңес 
үкіметін)  өшіруге  тырыспаса,  өсіруге  тырыспайды.  Сол  себепті  Европа  мемлекеттерінің 
ішкі  сыры кеңес үкіметін құлату. Ең болмағанда мұқату, Европада  кеңес үкіметін ресми 
ретте  қабыл  еткен,  таныған  әлі  күнге  мемлекет  жоқ.  Европа  мемлекеттерінің  еріксіз 
Ресеймен сауда қылып, сырты бүтін көрініп жүрсе де іші түтін. 
Сонымен,  күнбатыс  Европадағы  бір  өршіп,  бір  өшіп,  тағы  өршіп  келе  жатқан  тап 
тартысының  салдары  Россияға  тиіп  отыр.  Россия  Европада  және  қара  жалғыз  десек 

44 
 
болады.  Десек,  деуімізге  себеп  -  соңғы  кезде  Россияны  басқалардан  бір  табан  жақын 
көріп, іш тартып келе жатқан бір ел бар. Ол ел - Германия. 
Германияның  Россияға  жақын  болуының  себебі  не?  Версаль  бітімі  бойынша,  Германия 
жұрдай  болып  тоналған.  Екінші,  Германияға  «соғыс  шығыны»  дәл  тиіп,  зор  айып 
салынған.  Талауға  түсуден  бұрын  әрі  соғысты,  оның  бер  жағында  әрі  өзгерісті  бастан 
кешірген  Германияның  шаруашылығы  күйзеліп  айып  төлеуге  әлі  келмейтін  болды. 
Германия  айыпты  мезгілінде  төлемеді.  Екінші,  түгел  төленеді.  Айып  төлемес  үшін 
Германия шаруашылық күйзелісін, кедейлігін сылтау етті. 
Германиядан  айып  алушылардың  бір  қатары  -  Бельгия,  Франция,  Германияның 
кедейлігіне жөнді сенбеді. Германияның кедейлігі де сылтау етуін амал - әдіс деп түсінді. 
Сондықтан,  «жығылғанға  жұдырық»  дегендей,  бассалып  Германиядан  Рур  алабын 
барымтаға  алды.  Рур  алабы  Германияның  Францияға  жалғас  жері,  Бельгия  Францияның 
әсіресе  Францияның  Германияға  қысып  айып  сұрап,  қоқаңдай  беруінің  себебі  не? 
Франция  қазіргі  уақытта  Европада  ең  айбынды  мемлекет.  Франция  бүл  дәрежеге  күшті 
әскерінің, күшті флотының әрі кәсібінің арқасында жетіп отыр. Күшті әскер, күшті флот 
күй  тілейді,  көп  расход  қалайды.  Ірі  кәсіп  көмір,  темір  сияқты  шикізаттарды  керек 
қылады.  Әскерге  керек  қаражат  болды,  Франция  өз  елінен  өндіріп  ала  алмайды.  Себеп, 
өткен қырғын жорық қанды соғыс көбіне Франция, Бельгия топырағында болды. Қираған 
қала,  бүлінген  мүлік,  босқын  ел  Францияда  бейхисап  көп  болды.  Сондықтан,  Франция 
елінің  ауыр  салық  төлейтін  жайы  жоқ,  Францияның  Германиядан  қысып  айып  сұрап 
аласұруының  мәні  сол.  Францияның  кәсібіне  керек  көмір,  темір  де  Рур  алабынан 
табылатын  болды.  Екінші  -  Франция  жығылған  жау  Германия  біраз  уақыттан  соң 
көтеріліп  күшін  жиып,  Эльзас,  Лотарингияны  қайтарып  алу  үшін  қайтадан  Францияның 
өзіне дүрсе қоя бере ме деп қауіп етеді. Қауіптің алдын алып, Германияны әлсірете беру 
керек. Францияның жауынгер болуына негізгі себеп осы. 
Осы  қауіп  Францияны  тыныштатпайды.  Францияның  сыртқы  саясаты  Германияны 
көтерілместей,  көтерілсе  де  көтертпестей  етуді  мақсат  етті.  Сондықтан,  Франция 
Германияның  күншығыс  жақтағы  көршісі  Польшаны  еркелетіп  шалжақтатып  ұстап, 
еркінсітіп отыр. 
Өткен наурыз айының ішінде, Париждегі Одақтастардың елшілерінің қаулысы бойынша, 
аймағымен Вильна қаласы және күншығыс Галиция түпкілікті етіліп, Польшаға берілетін 
болды. 
Жеген ауыз жесін дегендей, күншығыс Галицияны жалмап алып, енді  осы кезде Польша 
күншығыс Пруссияға көз алартатын сияқты. Күншығыс Пруссия арқылы Польша Балтық 
теңізіне жол салып, есік ашып алмақ. Егер Польша бүл мақсатын орындаса, Германия мен 
Россияның арасы ашылып, арасына жік салынады. Германия мен Россияның арасындағы 
қатынас  кемиді.  Германияның  арқа  сүйейтін  жалғыз  жанашыры  Россия  болғандықтан, 
Германия  мен  Россияның  арасы  үзілсе,  арасына  Польша  төселсе,  Германияның  белі 
сынғандай  болмақшы.  Польшаның  осы  айтылған  ниеті  орындалса,  Францияның  да 
Құдайы жарылқайды. Польшаның да жолы болады. Польшаның бүл ниеті орындалмаған 
уақытында  да,  Францияның  ұпайы  кетпейді.  Германия  күшейіп,  Францияға  бетін 
аударатын  заман  туса,  күшті  Польша  Германияның  желкесіне  найзасын  таяп,  қылышын 
жалаңдатып, күшін болу үшін керек. Күшті Францияғa күшті  Польша Германияға қарсы 
түбінде көмекші, әзірге қамшы есебінде керек. Өйткені, Германия әлі күнге Франциямен 
арбасып,  аңдысып,  айбат  шегіп,  басын  имей  түр.  Польшадан  түбінде  жәрдем  күтіп 
Франция Польшаға көмек көрсетіп отыр. 
Германияға  жан  сақтау  үшін  серік  керек.  Қазіргі  заманда  Германияға  басқа  табылатын 
сенімді  серік  жоқ.  Германияның  Россияға  бір  табан  жақын  болуының  себебі,  сол 

45 
 
жоғарыда  айтылғандардан,  әрі  Европа  мемлекеттерінің  Польшаның  жеріне  жер  қосып 
көшуіне  қарсылығы  болмағандығы  сезілді.  Оның  себебі  не?  Россия  өзгеріс  ошағы  деп 
саналады  деп  жоғарыда  айтылды.  Германияның  жұмыскерлері  ертеден  ұйымдасып, 
коммунистер  соңына  көбірек  еріп,  өзгеріс  Рухын  сіңіріп,  соңғы  жылдары  бірнеше  рет 
көтеріліс  жасап,  Россия  еңбекшілерінің  ісіне  еліктеп,  Россияны  үлгі  етіп,  өзгеріс  істеуге 
көтеріліс дайындығын білдірді. Кеңес үкіметі тарапынан Германия жұмыскерлеріне көмек 
берілетін  болса,  Германия  жұмыскерлерінің  көбі  өзгеріс  істеуден  қашпайды.  Күнбатыс 
Европада  өзгеріс  болса,  алдымен  Германияда  болады.  Германияда  төңкеріс  жасаса, 
Европа байларының көбіне қатер туады. 
Германия  мен  Россияның  арасындағы  күшті,  айбынды  ұлтшыл  Польша  Ресей  өзгерісін 
күнбатысқа  жібермей,  жолына  бөгет  болу  үшін  керек.  Өзгеріс  жалынын  кейін  серпіп, 
күнбатысты  аман  сақтау  үшін  керек.  Европа  мемлекеттерінің  Польшаға  артып  отырған 
тарихи міндеті осы. 
Сонымен,  Польшадан  жалпы  Европаға  тиетін  осы  секілді  ортақ  пайдалар,  Францияға 
тиетін айырықша пайда өзінен басқа, Польшаның Францияға арқа сүйеп, басқалардан бата 
алып, Германия мен Россияға кезек-кезек көз алартып қоятын себебі осы. Европаның ерке 
бұланы болып Польшаның шалжақтауының мәнісі сол. 
Англия,  әзірге  бұл  оқиғаларға  бой  салып,  белсеніп  кіріспей  түр.  Шынында,  Англия 
Германияның  төмендеп,  Франция  Польшаның  күшейіп,  қарқындай  беруін  жаратпай, 
Англияның ішкі  сыры басқа. Оның сыры  - Франция мен Германияны тең қылып,  екеуін 
бірімен  -  бірін  аңдастырып,  арбастырып,  екі  арада  өзі  салмақты  базарлы  болып  тұрып, 
басқа  жердегі  істі  ептеп  бітіре  беру.  Бірақ,  бүл  ойын  орындауға  Англияның  қазіргі 
уақытта амалы болмай түр. Себеп - Англия Германияны жақтап, Францияға қарсы болса, 
Франция  Түркияны  жақтап,  Англияға  қарсы  болайын  деп  тұр  Олай  болған  уақытта, 
Дарданель,  Босфор  бұғаздары,  маусыл  жермайы,  Бағдат  аймағы  Англияның  көзінен  бір-
бір ұшпақшы. Англияда осы айтылған жерлерді қолына алмақ қиял бар және бүл қиялды 
орындаймын  деген  үміт  бар.  Бүл  секілді  тәтті  қиялмен  тұрған  уақытта  Англия  ашықтан 
ашық Францияға қарсы бола алмайды. Әсіресе, енді ертең - бүгін Лозанна конференциясы 
қайта ашылып, жуық күншығыс мәселесі тағы талқыға түсейін деп тұрған уақытта Англия 
сыртын жалтыратып, Франциямен жақын болып, Антантаны түбін жазбай, бүтін сақтауға 
тырысса керек. 
Антантаның  арасына  алалық  кірсе,  тірілген  өлексе  Анкара  Түркиясы  Англияның 
ыңғайына  келмей  өз  бетімен  жол  тауын  кетпекші.  Өйткені,  Түркия  жалғыз  болмайды, 
оның сыналған сенімді серігі - Россия бар. 
Россияның Түркияға серік болуына себеп - Россияға Қара теңізден қамаудан шығатын жол 
керек.  Бұл  бір,  екінші  Дарданель  –  Босфор  бұғаздары  Түркияның  қолына  шығып, 
одақтастардың  қарауына  кетсе,  Англияның  самсаған  сауда  кемелеріне  Қара  теңізге 
апаратын  жол  ашылады.  Аласұрып  жүрген  Англиямен  сыбайлас  ел  болу  Россия  үшін 
қолайсыз.  Россияның  Түркияны  қолдап  күншығыс  мәселесіне  білегін  сыбанып,  белсеніп 
кіруіне себеп осы, Россияның ниеті - бұғаздарды Англияның билігіне бермеу. 
Сонымен,  жуық  күншығыс  мәселесі  тақырыпты  өзгерісшіл  Россиямен  Түркия  бірыңғай, 
соңына  ерген  нөкерлерімен  Англия  бірыңғай.  Күншығыста  да  күнбатыстағы  секілді  ұлт 
күресіне тап күресі араласып тұр. 
Балқан  түбегіне  келсек,  мұнда  да  жай  жанған  ел  көрінбейді.  Қылышын  жалаңдатып, 
найзасын сораңдатып, әскерін әзірлеп күшін жинап Юнанстан жүр. Оның есебі - Англияға 
сүйеніп, Стамбул Измирге, бұғаздарға жете жығылмақ. 

46 
 
Күнбатыстағы Польшаның міндеті Балкан түбегінде Юнанстанға жүктеліп отыр. Орталық 
Европада  Польшаны  Франция,  Германияға  қарсы  жұмсап  отырса,  жуық  күншығыста 
Юнанстанды Англия, Түркияға қарсы жұмсап отыр. 
Болгарияға,  Эгей  теңізіне  жеткізетін  жол  керек.  Ол  жол  Фракия  арқылы  салынбақшы. 
(Марица  өзенін  бойлап)  Юнанстанды  Стамбул  бұғаздарына  жеткізетін  жол  да  Фракия 
арқылы  Марица  өзенін  кесіп  жүреді.  Балқан  түбегінде  Болгария  мен  Юнанстанның  да 
жолдары түйіспекші. Сондықтан, ол екеуі де бір - біріне шалғайлау. 
Венгрияның бір бөлек жерін жырып жеп, Россиядан Бессарабияны басып алып, тымпиып 
Румыния  жатыр.  Арбасатын  жауы  болған  соң,  амалсыз,  әскерсіз  ол  да  тұра  алмайды. 
Италияның да өзіне лайық қиялы бар. Оның қиялы орталық  Ақ теңізді  өзінің көлі қылу. 
Бұл бірақ, аз уақытта һәм оңай орындалатын қиял көрінбейді. 
Сондықтан,  Италия  әзір  жуастау.  Сөйтсе  де  Италия  тіпті  уайымсыз  емес.  Көрші 
Францияның  күшеюін  де,  Ақ  теңізде  Англияның  үстемдік  етуін  де  Италия  ұнатпайды. 
Сондықтан  Италия  ашқан  әшкере  Францияға  да,  Англияға  да  қосылмай  тұр.  Екеуіне, 
бірдей  шөре-шөре.  Сонымен,  ұлттар  арасындағы  бәсекелік,  бақталастық,  ұлт  тартысы 
назарынан  қарағанда,  Европаның  жалпы  саяси  халі  осы  секілді  болып  көрінеді.  «Балық 
басынан шіриді» дегендей, алдымен, Антанта қағынып отыр. Англия, Франция сияқты ірі 
мемлекеттер соңына ерген ұсақ мемлекеттерді де құтыртып отыр. Европада ұлт тартысы 
күшті. 
Бірақ,  ұлт  тартысы  күшейген  сайын,  Европада  тап  тартысы  да,  күшейіп  келеді.  Тап 
тартысы назарынан қарағанда, бүкіл Европа халқын екіге бөлуге келеді. Коминтерн туын 
көтеріп,  өзгеріс  жасауды  ұзын  етіп  жүрген  коммунистер  партиясы  бірыңғай,  басқалары 
бірыңғай.  Европада  ұлт  тартысын  қыздырып,  ел  ішіне  кіріп  алалық  түсіріп  отырған 
«басқалар» - коммунистердің мақсаты, алалық орнына, ағайындық орнату. Адам баласын 
жалғыз  ғана  табиғатпен  алыстыру.  Бірақ,  әзірге  Европада  коммунистерден  фашистер 
басымырақ.  Италияда  үкімет  фашистердің  қолында.  Германия  фашистері  /үргеш/ 
коммунистермен жағаласуға жарап қалды. 
Францияның  Рур  алабын  барымтаға  алуы  коммунистердің  әлі  күнге  әлсіздігінен.  Бірақ, 
соңғы  кезде  ұлт  тартысының  зардабы  жұмыскерлердің  шекесіне  тиіп,  жұмыскерлердің 
бірқатары  коммунистер  жағына  ауа  бастаған  сияқты.  Әсіресе,  Германия  жұмыскерлері 
туралы осыны айтуға болады. Бері келген сайын, жұмыскерлер көзі ашылып келеді. Ұлт 
тартысын басудың амалы, тап тартысудың күшейту екендігі анық. Тап тартысы күшейсе, 
пайдакүнем байлар мал қайғысын қойып, бас қайғысын көбірек ойлайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет