Қ.И.
Түсініктеме: Фашистер — соңғы уақытта шыққан бәле. Фашистер деп бұл кезде
еңбекшілдерге қарсы харекет етіп, байларды жақтаушы партияны атайды. Фашистердің
әдісі - алып өр, ұрып жық. «Фашистер» деген сөз Италияда соңғы жылдары соғыстан соң
пайда болған «фашист» партиясы атынан шығады. Италия фашистері соғыстан соң
майданнан еліне кайтып, табынан, үйірінен адасып, жұмыссыз қалған жұмыскер
дихандардан, мүгедектерден, офицерлерден нәм солар сияқты Италияның соғыстан
ойратып, пайда өндірмегендігіне өкпелейтін Италияның сыртқы нәм ішкі саясатына көңілі
суылған кісілерден құралған. Фашистердің әуелгі ұраны байларға қарсы, еңбекшілдерге
жағымды еді. Бірақ, фашистердің көбі табынан адасқан саяқтар болғандықтан, келе-келе
фашист партиясы ұранын айнытып алды. Осы кезде өкімет иесі фашистер байларды,
байлардың өздерін артық қорғайды. Күшін еңбекшілдерге қарсы жұмсап отыр.
Фашистердің ісінде еп, кілең күш көп.
47
ЕСІҢ БАРДА ЕТЕГІҢДІ ЖАП!
(Қырғыз оқығандарына)
Түркістанның күншығыс тау жағында Қытайменен шекаралас, әзіргі Жетісу облысының
жартысы һәм Түркістанның түстігінде, осы күнгі Ферғана облысының тау жағын алып
жатқан елдің бәрі - қалың қырғыз. Бұдан батысқа, күншығыс Түркістанда Қытайға
қарағандағы бір азырақ қырғыз бар. Қырғыз халқы Алаштың бір бұтағы болып, басқа
түрік тұқымдарыменен бірге басынан осы кезге шейін тарихи оқиғаларды кешіріп келеді.
Бүл халықтың өзі бұрыннан жабайы, тау-тастың арасында мәдениеттен хабарсыз жасап
келгеннен кейін басынан кешірген тарихи оқиғаларын жазып артына қалдырып
отырмаған.
Бірен-саран қырғыз туралы жазылған болса, ал басқа жұрттардың тарихшыларының
жазғанынан көріп, осыған қарап ескілігімізде жүріппіз. Қырғыз халқы ескіден өзінше
басқа түрік тұқымдарыменен қатар жасап, жалпы түрік тіліменен сөйлеп келді.
Табиғи нәрсе - бір халық өз алдына бір бөлек қауым болып жасаса, ол халықтың өзінше өз
тілінде жұрт болғаннан кейін қайғылы - шаттық уақыттарында көңілдерін тербетіп,
саурата тұрған. Жырлары, жұмбақтары, тақпақ сөздері өздерінің жауынгер болып жүрген
кездерінде жауының қолына түсіп өлген батырларын, ел басшысы, көсем билерін жоқтап
айтатұғын жырлары болу керек. Бұлардың бәрі осы кездегі біздің түсінігімізге қарағанда,
ауыздан-ауызға көшіп жүрген халық әдебиеті болып шығады.
Будан сезіле тұрған нәрсе, қырғыз жұртының да басқа түрік тұқымдарыменен қатар,
көптен өзінің әдебиетіменен, әдет - ғұрпы, салты менен жер жүзінен жоқ болып кетпей
жасап келгендігін көріп отырамыз. Жоғарыдағы айтылғандардан шығатын мақсат: 1917
жылғы төңкеріс толқынында бостаншылық туы тігіліп, Николайдың Орта Азия
мұсылмандарына жүргізген арам саясатының астында езілген ұлттарға ерік беріліп, хабар
жарияланған уақытта, әрбір езілген ұлттардың оқыған, жолбасшы азаматтары талайдан
бері көксеген мақсатына жеткен сияқты.
Өз ұлтының қамын қолынан келгенше саяси, ағарту, шаруашылық жағынан тізгінін өз
қолдарына алып, төңкерістің апыр-топыр уақытында өлісіп жатқан жағадан аздыр - қабдір
өз тиісін алып, іске асырып пайдаланған нәтижесін көріп отырмыз. Бірақ, біздің
қырғыздың оқыған жігіттері қосақ арасында босқа шауып, еліріп бірбеткей саяси
жағыменен әлек болып кетті. Екі жағын қылшайып, қараған жоқ. Ар жағынан да
шығарған нәтижесі белгілі: мұны біз тәжірибеден көріп отырмыз. Басқаларды қоя
тұралық: өзімізбен бірге туысқан қазақ жұртының осы бес жылдың арасында халық ағарту
жағынан һәм басқа жақтарынан көп жұмыс істеп қалғаны сезіледі. Ана тілде мектептер
ашылып, кітаптар басылып шығып жатады: айта берсем тағылары толып жатады. Мұның
себебіне келсек, бұлар ылғи бір бетпенен кеткен жоқ: ағарту, саяси, шаруашылық....
істерінің барысын әр жақтан бірге қарағанда, тең деп алып бара жатқанын көреміз.
Оны қоялық, бізден әлде қанша аз Жетісудың бір уезі халқына толмай тұрған тараншы
халқы да «біз де ұлтпыз» деп, әдебиетін алға бастырудың қамына кіргенін көріп отырмыз.
Біздің, қырғыз халқының ағарту жолында қызмет қылады дегендеріміздің бәрі де
саясатшыл болып, комиссарлықты қуып кетті. Мен бүл сөздерді біреуді кекету, яки
мұқату үшін айтып отырғаным жоқ... «Есің барда, етегіңді жап» дегендей қазір де кеш
емес, халқымыздың ағарту жұмысына кіріселік. Осы уақытта қырғыз оқығандары: өзіне-
өзі үңіліп, айналасына көзін салуы керек: халықты бастап, саясатшыл болып билеймін деп
48
жүргенде, жоқ болып, құрып кеткенін білмей қалып жүрмесін. Жұртым жұрт болып
көгерсін деген азамат болса, э дегенде жұртының ағарту ісін жақсы жолға қойсын.
Жұртының әдебиеті, мәдениеті алға басып, өсіп-өнуіне себеп боламын десе, жұмыла іске
кіріссін. Өз жолын білмей адасып жүргендерді жетелеп келіп, жолың мынау деп тиісті
қызметіне орналастырсын. Қырғыз халқының ауызша әдебиетінің байлығын біз емес,
Европа ғалымдары да тексеріп, үлкен баға беріп отыр.
Біздің ауызша әдебиетіміздің жоғалуға аяқ басқандығын, мынадан сезуге болады. Қырғыз
ішінде емес, басқа халықтардың әдебиетінің ішінде «білина» /былина/ дан салмақты орын
алған. Атақты «Семетей, Манас» атты білинамыз жоғалуға жақын қалған. Бүл осы кезге
шейін жазылмастан ауыздан-ауызға көшіп жүрген. Осы күнде «Семетей, Манасты» айта
тұрған бүтін қырғызда жасы 80-ге жеткен 23 шал қалған. Енді бір-екі жыл өтіп, әлгі
шалдардан ажырасақ, «Семетей» «Манас» деген былинамыз болған екен дейді деп,
«дейді» менен ғана қалмақшымыз.
Ұзын сөздің қысқасы, қырғыз оқығандарына: «Еліккенді тастап, есті жиятұғын уақыт
жетті», Төңкеріс топалаңда отырды.
Ендігі істейтұғын іс: ағарту ісіне кірісу. Еуропа әдебиеттерін жинау, ел ішінде немене
қыларын білмей, далбасалап жүрген жастарды оқуға тарту. Ағарту жұмысына
жарайтұғын, хүкіметтің саяси ішінде жүрген азаматтарды өз орындарына алып келіп
отырғызу.
«Арыстан айға шауып, мерт болды» - дегендей-ақ, бүтін дүниені жалғаймыз деп жүріп,
өзіміздің кім екенімізді танымай қалып жүрмейік.
Бүл сөзді біз осы уақыттағы үкімет басында жүрген, қырғыз азаматтарына айтамыз һәм
осылардың құлағына, алтын сырға қылып ілеміз.
Байқаған
Білім бөлімі
«ДИУАНИ ЛҰFAT АТ-ТҮРІК»
Түрік тілі һәм әдебиеті туралы «Диуани лұғат-ат түрік» деген бір кітаптың Истамбулда
табылғанын дүние соғысының алдында ғана (1914 ж) біреу бізге хатпен білдіріп еді. Бұл
кітапты көруге құмарланып, толық мағлұмат сұрап, хат жазып едік, бірақ, соғыстар
себебінен Түркия шекарасы жабылып қалып, ешбір жауап алуға болмады. Соғыс
дәуірінде, 1914 жылдан 1918 жылға дейін Истамбулда Көпірлі Заде Махмуд эфендінің
қарамағында түрік азаматтар тарапынан білім жолында бірталай өнімді қызметтер жүзеге
шығарылған екен. «Милли татбаъғлер мажмаусы» тағы сондай, «әдебиет факультеті»
мажмуғесін, тағы сондай журналдар басылған екен. Түркия мариб назараты артықша
қарап, өз қаражатымен әлгі айтылған "Диуани лұғат - ат түрік" кітабы 1918 жылы жақсы
қағазға, 60 формада 3 том кітап (І-ші том 843 бет, ал ІІ-ші том 320, ІІІ-ші 253 бет) қылып
бастырған. Түріктің білімді ерлерінің бүл кітапқа артықша назар салғандықтары, қадірін
білгендіктері кітапты түзетіп, қарап бастырған Ахмет Рифат эфендінің (ІІІ-ші кітап
аяғында) жазған сөздерінен көрініп түр.
Түрік ғалымдары бүл кітаптың жанып, болмаса өртеніп жоғалуынан қорқып, бастырып
майданға шығаруға асықтырыпты. Түрік ұлты әрбір том (жылда) шыққан сайын
пайдаланып, әдебиет тарихы туралы коп жаңа білімдерді, сөздерді майданға шығарыпты.
49
Түрік азаматтарының білімге, түрік ұлтының тілі һәм әдебиетіне мынандай назар
салғандықтарына қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр.
Османлы түріктері бүл соңғы заманға дейін білім кітаптарын бастыруда Европадағы жол-
жобаға (әсіресе ориенталист ғалымдар жолына) көз салмақшы еді. Бұрынғы Қазанда,
Ташкентте басылған «Қисса Анбия» кітабындай қылып қалай болса солай баса салушы
еді. Ғылыми кітаптарды баспаханалардың өзі түзетушілері корректорға қарап түзетеміз
деп былықтырып қоюшы еді. Ахмет Рифат Эфендінің де азын - аулақ сондай кемшілігі
жоқ емес. Османлы жазушыларында артық таралған «жақша белгісін» орынды-орынсыз
көп жұмсау, мәселен, 3-ші кітапта да 503 бетін «Шу» бап деп жазғаны сияқты. Бүл
оқушыларды жаңылдырады. Ахмет Рифат Эфендінің осындайы аз емес.
Бірақ, сондағы бұл кітаптың басылуы өзінің жақсылығымен осы күнге дейін Түркияда
басылған бұрынғы кітаптардан айырылып түр. Қатесін түзетуге артықша назар салғандық,
жете қарап бастырғандық, қолдан келгенше түп (оригинал) кітаптың суретін сақтауға
иждахат қылғандық кітаптан көрініп-ақ түр. Қысқаша айтқанда, Османлы түріктерінде
пән кітаптарын басу туралы Европа жолы - жобасын жүзеге шығаруға бет қойғандық
көрінді. Бұл туралы әсіресе «Милли татбағлер мажмауғесі» көп қызмет көрсетіп түр. Бүл
журнал түрік ғалымдардың өз бетімен (ғылыми кітаптарды бастыру жолында) жүрулерін,
әр ғалымның оз ойынан шығарып пайдасыз білім жолында өнімі жоқ «Ақыл» сөйлеулерін
қатты айып қылады (мәселен, жылда екі торт сан, 171-190 бет). Бұл сөздер ғылым
жолында жаңа үлкен бір адым деп білеміз. Түркияда кітап басуға осындай артық назар
салуды көріп, біздің қуанышымыз екі есе болып отыр.
«Диуани лұғат ат-түріктің» шығарушысы - Махмуд бин Әл - Хусейн бин Мухаммад Әл-
Қашқари деген бір түрік ғалымы. Бүл адамның аты бұрынғы ескі тарих кітаптарында
көрінген жоқ еді. Тәржіме хәлі (биографиясы) туралы сөздер өз кітабынан ғана табылып
отыр. Бұл адам 999-шы жылдан 1212 жылға дейін күнбатыс, күншығыс Түркістанды
билеп тұрған «Қарахан» түрік хандарының ең күшті болып дәуірлері жүріп тұрған
заманда болған адам. Атасы Хусейн, (Түрікше аты «Бахыркен» 521) осы қарахандардың
атақты бектерінен болған. Саманилардан Маверенаһрды алып берген кісі болған. Бүл
«Бахыркен» осы күнгі Ыстық көлдің күнбатысы мен оңтүстігі арасының жағасындағы
«Барысхан» шаһарында болған. Кітаптың шығарушысы Махмудтың туған кіндік кесіп, кір
жуған жері, ата - қонысы Ыстықкөл жағасы «Барысхан» шаһары болады. Махмуд
Қашқари өзі дағы түрік бектер мен әскерінен, ғалым, шайырларының (ақын) алдыңғы
қатарынан болған. (31) Өзінің өмірін түрік қауымдары арасында түрлі түрік рулары ішінде
өткізген. Өзін «Қашқари» (Қашқарлық) деп атағанынан Қашқар хандарымен болған
сұхбаттары (беседа) жазғанынан, оның Қашқарда өмірін өткізгендігі білінеді. Бірақ,
қандай себептен екені белгісіз, бұл түрік ғалымы түрік қаһарман бегі Бағдат халифасының
алдына барған. Кітабын халифа «Әл-қайым Биамери Аллаһ» - тың патшалығының соңғы
жылында жазып, оның орынбасары «Ал - мухтади Би Эмриллаһ» - қа тарту қылған.
Әйтеуір кітап 1073-інші жылы (сиыр жылы) жазылған. 1) Махмуд Қашқаридің замандасы
болған екінші бір Қарахан түрік жазушысы Баласағұн Жүсіп Хас Хажыб «Қудатғу білік»
есімді кітабы 462 жылы тауық жылында (1069-1070 қыс күні) жазған. 2) Осылайша
Махмуд Қашқари кітабымен Жүсіп Хас туралы Димашқи Хажыбтың кітабы жазылуының
арасы екі-үш-ақ жыл уақыт бөледі.
1. Махмуд Қашқари кітабын қай жылда жазғанын үш орында сөйлейді. Кітаптың аяғында
(333) кітабы 464 жылдың жұмадал аууал айында (яғни 1072 жылдың февралында доңыз
жылдың аяғында) жаза бастап, 466 жыл жұмадалахар айында (яғни 1074 жыл февраль
жұлдызында сиыр жылы аяғында) таман қылғанын айтады. Бірақ, 3-ші жылдың февраль
116 бетте, «369жыл нак (яғни ұлу) жылы жазылды» дейді. Бұл 1076 - шы жыл август
50
жұлдызы мен 1076-шы жылғы март арасында болды. Нак-ұлу жылы 1076-шы жыл март
жұлдызына кіреді. 46-інші жыл 1076-ші жылдың 5-інші авгусына кіреді. 469-ші жылда ұлу
жыл дегені 469-шы жылдың шағбан айынан бұрын деген сөз болады. Жылда 1 бет 290-да,
466-ші жыл мухаррам айында жазып отырмыз. Бұл уақытта жылан жылы кірді. 467-шы
жылы кірсе енді, яғни, жылқы жылы кіреді, деп жазды. Бірақ, осында бір қате бар: 366-шы
жылдың мухаррам басы 1073-ші жылдың сентябрьдің 6-сында болады. Жылан жылы 357-
ші жыл 1065-ші жылдың мартында нәм 370-1077-ші жыл мартында кіреді. Енді 458-ші
жылдың жылан жылы мухаррам айы 1088-ші жылдың 25 июлінде келеді. Қалай болса да,
мұнда бір қате бар. Қалай болса да, Махмуд Қашқари кітабы 1072-ші жыл мен 1076-шы
жылдар арасында жазған. Кітабын жазып тамам қылу 1076 жыл болған деп айтуымыз
керек. Кітаптың жазылу жылын алдымыздағы Стамбул басшысы сыртында асыл нұсқа
бойынша 466 қойылған. Шынымен, кітаптың жазылу жылын қысқаша қылып 1073 десек
дұрыс болар.
2. 46-шы жылдың тауық жылы 1069-шы жыл март 9-да кіреді. 363-ші жыл март 9-нда
кірсе, «Қудатғу білік» 462-ші жылдың жұмадала айының нәм 1070-ші жылдың мартынан
бұрын аяғы 1069-шы жылдың ноябрь жұлдызы, 1070-ші жылдың март жұлдызы арасында
қыс күнінде жазылған болады.
Бірақ, бұл кітаптың біреуі түп Түркістан орталығы Қашқарда, екіншісі Бағдатта жазылған
М. Қашқари кітабының Ыстанбұлда табылған нұсқасы 664-шы хиджра 1266-шы жылда
«Мухамед бин Абу Бакир бин Барал Фатих Ас-Сауй Әд-Димашқи» деген адамның қаламы
мен шығарушының өз қолымен жазған кітаптан жазылған. Бұл туралы Димашқи өзі (111-
222-323) жазады. М. Қашқари кітабының басында бүл кітапты сол замандағы мәдениет
дүниесі мұсылмандарға түрік ұлтын таныту, білдіру үшін жазғанын айтады. Осы
себеппен, ол өзінің түрік қауымы түрік әдебиеті туралы жазған кітабын араб тілімен
жазған. Әрине, М. Қашқари араб тілін өте жақсы білген һәм кітабын зорланбай-ақ арабтың
шешен сөздері ашық тілімен жазған. М. Қашқари өз заманындағы ғалымдардан «Хусейн
бин Халиф Аль-Қашқариды» атайды (293). Бұл ғалым туралы Самқани «Кітабул ансаф»
деген кітабында (Гип бастырған, 472) Қашқари туралы сөйлегенді баян қылады. Бүл кісі
484-1091 шамасында уафат болған бір Мухадис (пайғамбар сөздерін көшіруші) ғалым
екен. Бірақ, бүл ғалымның сөйлеген хадистері көбінесе өтірік байлаусыз саналған. М.
Қашқари бұл ғалымнан түріктер туралы бір хадис-худси көшіреді. Тағы сондай түріктер
хақында хадистерді Бухара, Нисабур ғалымдарынан алып жазады.
Мухаммед пайғамбар түрік патшалығының, Токио хандарының ең күшті, Византия, әрі
Иранға қарсы ең кең бір дәулет болып, күн көрген дәуірінде келген. Әрине, ол түріктерді
білген. Ескендір патшаның «Садия жуж уама жуж» яғни, күн шығыста бастапқы түзілген
соғыс қамалдары туралы сөйлеген. Бүл пайғамбардың заманында арабтар арасында,
әрине, түрік қауымы туралы ұзын құлақ хабарлар болуы анық.
ХІІ-ХІІІ ғасырларда Исламға дұшпан болған Аһлу солиб (крестовые походы) Қарақытай
горхандары һәм найман ханы Күшліктердің ислам елін бұзуы туралы коп Эфсаналар
(легенда) түзгені сияқты Сасани Иранға дұшпан болған арабтарда өз заманындағы Токио,
түрік қағандары туралы коп хабарлар болған болса керек. Бірақ, түрік қауымын мақтап
көтеріп айтқан хадистері, оғыз, селжук, сәбіктекін сұлтандарының мұғтасим (мух - тасим)
халифа уақытында-ақ, халифа қызметіне Бағдатқа барған түрік әскерлерінің һәм ерлерінің
көңілдерін көтеру үшін қарсы (Иран) ғалымдары түзелген М. Қашқари һәм басқа түрік
ерлері бүл хадистерге сеніп жүрген. Осыған қарағанда, М. Қашқари Құран мен араб
әдебиетін жете білсе де, дін һәм хадис ғалымдарын өте білмеген. Бірақ ол араб тілін,
әдебиетін жете білген һәм кітабын атақты араб филологы (тіл ғылымына жетік кісі)
Халелдің «Китабул айн» деген классика (үлгі) кітабына ұқсатып жазғанын (51) айтады.
Шынымен, ол тіл мәдениет майданында, арабтың ел алдыңғы қатарындағы ғалымдарымен
51
катар тұрып, түрік тілін сол замандағы ең жоғарғы финхусылуына салып жазған. Бірақ,
дін жағынан ол жақсы мұсылман болғанымен, бірге шала шаман - (бақсы) болған. Һәм ол
XIV-XV ғасырлардағы ислам діні үшін тырысып жүрген Әмір-Темір һәм Әбілқайыр
хандардай, өзінің шамани сенімдерін ашық жазады. Қалай болса да бұл адам дін ғалымы
емес, бәлки, таза дүниауи (светский) ғалым болған. Бүл оның кітабынан ашық көрініп
тұрады. Кітабында кезікпеген ұзын сөйлемдер, пайдасыз сөз бастар жоқ, кітабының
басынан-ақ, Тоқтамыс хан сөзім деп тура өзінің мақсатын сөйлеп, жарлық жазған түрік
хандарындай «Қал Абди Мухамуддин ал-Хусейн» деп, тура мақсатын сөйлеп алып кетеді.
Ол кітабына өз заманындағы түрік қауымдарын жоғарғы орындарын өз заманындағы
ұлттарға алыс-жуығын көрсету, кітабын түсінікті қылу үшін, ол уақытқа дейін мұсылман
ғалымдарында көрінбеген бір жобамен, дөңгелек (ықтимал «жер дөңгелек» «Әл арду
курату» мәселесін біліп) харита - (карта) жазған. Мұнда таулар, теңіздер, өзен, дариялар,
құмдар шаһарларды санап көрсеткен. Бұлардың әрбірін басқа-басқа бояумен түсірген.
Осылардың үстіне, ислам ғалымдарына қарсы мәдениет, шаруашылық, егіншілік, сауда-
санағат терминдеріне артықша назар салған. Ислам дүниесінде Ыхтисади ғалымдарды
Сырдария жағасына барған бір түрік ғалымы (Ғараби) бастап жазған болса, М.
Қашқаридың да таза бір дүниауи (светский) ғылым, діниауи жағрафия һәм тіл ғалымы
болып, кітабын мынадай бір жолға қоюы ислам тарихында мысалы болмаған бір қызмет.
Бұл мәселе түрік қауымының ислам дүниесіне келіп, қосылып қана кететін бір унсур
(элемент) болмай, өз елінен жоғарғы бір мәдениетпен тәрбиеленіп келгенін һәм біздің бұл
күнге дейін ойлағанымыздай жұлдыз қарап, бал ашып, құмалақ тартып, сонымен іс қылып
үйренген көшпелі түріктердің ислам дүниесіне келуімен, рухани мәдениетті білуге
шамасы келмеді. Бәлки, деректі істер (практический) жұлдыз, расадхана, риадиатпенен
(математика) болды. Өйткені, рухани мәдениетке олардың ынтасы, салахиаты жоқ еді.
Түріктердің ислам дүниесіне келіп, расад хана риадиатпен болулары, сол жолда қызмет
қылулары, мәдениліктен емес, мәдениетсіз болып тіршіліктерінде рухани мағына
(духовное содержание) болмағанын көрсетеді деген назарлардың (взгляд) дұрыс
болмағанын ашты, мұсылман түрік сұлтандары болған селжуқылардың Бағдат пен Иранға
келіп «Хилафат» яғни (теократизмға) қарсы дүниауи мемлекет (Светская власть)
«Сұлтандық» кіргізулері, мұсылман қараханилардың Мауеренаһрды алған соң, Ислам
руханилары мен (молдалары) күресулері (бұл таптардың тартысуында хандардың
бұқарашыл (демократия жағында) болуы ғана емес. М. Қашқари Фараби сияқты
ғалымдардың дүниауи ғылым түзулері, түрік хандарының риадиат, расатпенен болулары
сияқты фактілердің арасында бір-біріне байланыс болса керек. Бұл фактілер Орта
Азияның түрік қауымы ішінде Сырдария, Тарым, Тянь-Шань аудандарында «дерексіз
дүниеге (маффуқат табиат) рухани мәдениет пәлсапаға қарамай, мәдениет, мадиа, дүниеге
ашық көзбен қарайтын Иран, Жуһуд мәдениетіне қарсы бір мәдениет болғанын көрсетеді.
Осыған қарағанда М. Қашқари, оның кітабын былай қоя тұрғанда, өзі мәдени тарихы
жағынан, мухым бір факт болады. Не үшін араб, яки парсы ғалымдарынан ешбіреуі өзінің
қауымы, тілі туралы осындай бір кітап жазбаған, не үшін «Сиасатнаме», «Жамиат-
Тауарих» сияқты кітаптары ислам тарихында тек фахат, селжуқ, Моғол хандарының
қалағанына жазылған себептен ғана жалғыз-ақ әсерлер болып қалған?
Бұл уақиға яғни, М. Қашқаридің өзі «шахси» ислам һәм түрік тарихында үлкен бір уақиға
болуында күдік жоқ. М. Қашқаридің кітабына келгенде, бүл кітап туралы әзірге біз
Еуропаның түрік тілі мамандарының пікірін естігеніміз жоқ.
Бұл кітаптың бір нұсқасы академик Бартольдқа берілген екен. Бірақ Бартольдің бұл кітап
туралы бір нәрсе жазып жазбағанын білмедік. Қалай болса да, біздің мынаны айтуға
шамамыз келеді. Түрік қауымының тіл, әдебиет һәм мәдениет тарихы үшін 1889 жыл
Орхон жағалауында, Ядринцев тапқан Томсон, Радлов һәм басқа ғалымдар тарапынан
52
үйреніліп нішір етілген. Барлық мәдениет, хан дүниесінің назарын өзіне қаратқан, хан
ерлерінің пікірін алыстырған (өзгерткен). Ескі түрік-орхон «бітік тастар» қандай аһамиаты
болса, М. Қашқари кітабында аһамиаты сондай. М. Қашқаридың түрік қауымына, өз
ұлтына мына себепті Күлтегін, Білге хандардың мұнсабатындай һәм түрік руларын, түрік
тілін білу әсіресе, білімі олардан артық болған.
Кітабының басында Махмуд Қашқари мына сөздерді жазады. «Махмуд Хусейн ұлы
айтады: тәңірі дәулет күнінің көзін түріктің көгінде тудырды жер, Азияның дәрілерін
олардың қолына берді. Оларға, түрік деп ат қойды. Дүниеде патшалық жұмысын оларға
тапсырды. Оларды заманының иесі патшасы қылды, һәм дүниедегі ұлттардың тізгінін
олардың қолына берді. Оларды туралыққа берік қылды. Түрікке сиынған кісі жоғары
болды. Күшті болды һәм қалағанына жетті. Пәлелерден пәле шығарушы бассыз,
тиянақсыз адамдардың пәлесінен құтылды. Түріктің найзасынан құтыламын деген һәм бір
ақылды кісі олардың етегіне жабыссын.
Бірақ, түріктерге жақын болу үшін олардың өз тілімен сөйлеуден бөлек амалы жоқ. (2.1)
Олар өз тілімен айтқан сөзге ғана құлақ салады. Сонда ғана олардың көңілін өзіне
қаратуға болады. Бұқара, Нисапур молдаларының айтуынша, Мұхаммед пайғамбар түрік
тілін үйреніңіздер, өйткені, олар дүниеде ұзақ, көп заман патшалық қылады дейді.
Мысалы, бұл хадис шын ба, өтірік пе оны сол молдалардың өздері біледі. Егер дұрыс
болмаса да, ақыл соны тілейді. Мен өзім түрік қауымдарының шахарларын, далаларын әр
қилы бойына кезіп жүрдім. Түріктің тілі, һәм әдебиетін үйрендім. Түрік болсын, түрікпен,
оғыз шекілі, яғма, қырғыз болсын бұлардың тіл әдебиеттерін білдім. Оның үстіне мен өзім
түрік қауымының сөзге шешен, тілі тазаларынан бір кісімен Асылзаде, артық туған
тұқымынанмын. Қылышпен шабуға, найзамен шаншуға ең ұсталарынанмын. Мінеки,
руының үшін де, түрік қауымының әр табының тіл һәм лұғаттары менің миыма тамам
тура кіріп отырды. Ол тіл, әдебиеті мен ең жақсы бір низамға тіздім. Бүл кітабымды
жаздым. Сөйтіп, менің атым мәңгі қалсын, маған мәңгілік азық болсын, (2.1) кітабымды
Халилдің «Китабул айн» деген кітабының формасына жақын қылып түздім. Сөйтіп, түрік
тілі мен араб тілі жарысып барған, жүйрік аттай болып көрінсін (5.1) Арада түріктердің
тіршілігінен айтатын өлеңдерді (шер) келтірдім (8.1). Түрік еліндегі тау, өзен, (дария)
көлдерін жаздым. (26.1) Бірақ, түрік тіліне шеттен кірген сөздерді жазбадым және де
түріктердің руларын жаздым. бұлар жиырма шамасында болады. Бірақ, ұсақ рулардың
санын Құдайдан бөлек ешкім білмейді. Бұл ұсақ рулардан мен түрікпен оғыз руын-ақ
айттым, һәм олардың таңбаларын жаздым. Оның үшін бүл керек нәрсе, (28.1) түріктің ең
шешен тілі (фасих тілі) түрік тілінен басқаны білмеген араб, парсыға мадани қауымдарға
араласып жүрмегендерінен болады. (29.1). Әсіресе, елі Ертіс, Ямар, Еділ бойларында
болады. Бәрінен фасих тіл хақандарында һәм оларға жақын жүргендерін де болады. (30.1).
Түріктердің елі күнбатыста Рум, күн шығыста Қытайға дейін 8 мың парсах шамалы
жерлерді алып отыр. Түрік елі сондай үлкен, адамдар мұны ашық түсінуі үшін мен жер
дайрасын харита қылып жаздым.(31.1).
Түрік қауымы «Түрік бин Яфас бин Нухтың» балалары болды.(27.1). Құдай адам
пайғамбарды «инсан» деп атаған. Әрі сол ат бүкіл адам балаларына сондай-ақ түрік
балаларына есім болып қалған һәм «түрік» деп есім берілген. Рум бин Айсуға қарап,
барлық Рум қауымдары «Рум» деп аталғандай түріктерге һәм аталарының аты ат болып
қалған. (293.1). Молдалар хабарынша Мұхаммед пайғамбарға Құдай айтыпты-мыс:
«Менің бір әскерім бар, оларға түрік деп ат бердім. Оларға күншығыс жағынан қоныс
бердім. Егер де бір қауымға ашуым келсе, осы түріктерді жіберіп билетемін (маслат
қыламын)» деп. Түрік қауымын Құдайдың бүкіл дүниенің басқа ұлттарынан айырып,
оларға түрік деген атты өзі беруі, түрікті басқа ұлттардан айырған бір фадилат (артықтық)
болады. Құдай түрік қауымын дүниенің ең биік жерлеріне, (Тянь-шань тауларын айтады)
һәм жер жүзінің ауасы ең таза орынға жайластырды. Оларды өзінің әскері деп атайды.
53
Түрік халқы осының үстіне сұлу, жүзі күліп тұрған, өзі әдепті, сыпайы, жасы үлкен
адамдарға құрмет қылған. Айтқан сөзінен қайтпайтын, уәдесіне берік тәкаппаршылдықты,
мақтануды білмейтін халық. Түрік қаһарман, батыр ұлт. Мұнан басқа да олардың мақтауға
лайықты мінездері әрине көп. Соның ішінде өлең де айтылған.
Қышын кірсә, аны тірік едін, анға аның едші,
Мінкір тікір алфалық, мында ніру кісілур.
Яғни, біреуді мақтағанда «мұның жақсылығына, түрікте куә болады» деп айтылады.
(294.1) Темір балаларының дәуірі жүріп тұрған замандарында киілген (шайыр)
Науайының түрік қауымын мақтап айтқан өлеңдері (бүл туралы 1917 жылы Қоқанда
шыққан «Юрт» журналының үшінші номерінде жазылған) сияқты. Махмуд Қашқаридің
түрік қауымын мақтауды да, Селжуқылардан Алып Арсылан бүлікшілердің бүкіл ислам
дүниесін өздеріне қаратып, ғазнеуйлердің Үндістанды алып, қараханилардың бүкіл
Түркістанның әр екі жағына қожа болып тұрған түрік шеукеті (могущество) тәсіліменен
болған. Біз болсақ бүл ислам мәдениетін һәм шеукеті дәуірінде Арабстан, парсы ортасына
барған түрік ғалымының араб, ислам мәдениеті алдында сасқалақтап, таңырқап қалуын
ойлар едік. Бүл кісі Дижле, Фрат жағасында тұрып, мұндай қылып құр көңілмен, өз ұлтын
мақтауы һәм өз ұлтының тілін, әдебиетін, араб тілі құран һәм араб әдебиетімен «қатар
жарысып барған ат» деп жарыстыру. Әрине, өз елінде Қашқар һәм Түркістанда мәдени
сүйеніш арқа таянышы болған себебінен болады. «Диуани лұғат ат түрік» шынымен
осыны Лүғат кітабы сыйдырған шамада ашып берді. Бүл кітаптан біз ол замандағы түрік
дәулеттерінің ішкі түзелісін түріктердің ыхтисади, ижтамай тіршіліктерін, дін
ықтиқаттарын, түрлі тарих хикая ұғындыларын, нұрлы шаһар, қыстақтарын, жайлау,
қыстауларын, мади һәм рухани мәдениетін үйренеміз. Мұнан да артық керекті болғаны
әрине тіл һәм әдебиет жағы Махмуд Қашқари Тянь-Шань үстінде һәм оның екі жағында
ұзын шекті, яғма, тухси қырғыз, ұйғыр, қыпшақ, имақ, басмал, татар, башқұрт, булгар,
қарлұқ сияқты түрік қауымдарының тілдері тақырыпты осы соңғы заманда Радлов
кітаптарында жазылғандай қылып татбиқи (сравнительная) фонетикасын берді. Түрік
тіршілігінің әр жағынан алынған, һәр түрлі 238 шамалы таза түрік өлеңдері, һәр 270
шамалы мақалдар, өте көп сөйлемдер келтіреді. Әсіресе, М. Қашқаридің түрлі руларының
(ләһжә) (наречие) туралы берген мағлұматты өте қымбатты. Түрік сөзін араб хәрфімен
жазған адам әрине, Қашқари бірінші (түңғыш) адам болған. Ол араб әрпін түрік әріпі
демейді. Түрік сөзін тек арабтарға һәм басқаларға түсіндіру үшін ғана араб әрібін жазады.
Ол «түрік әрібін» деп ұйғырша әріпті - ақ біледі. Ұйғыр әріптерімен жазудың жол-
жобаларын һәм араб-хәрфімен жазылған сөздердің ұйғырша қалай жазылғанын көрсетті.
Араб әрпімен жазғанын асты, үсті (харакат) сүкінмен жазған, әр түрлі әріптің махражын
(дыбыс шығатын орны). Әр харакат, сүкіннің қалай жұмсалуы жағында ашық мағлұмат
береді. Соның үстіне, араб сөздері бәрі де асты үстімен жазылған. Мінеки, соның үшін де
әр сөздің қалай айтылуы, мағынасы туралы еш қатесіз, ашық (қатағи) мағлұмат алынады.
Осы күнге дейін Қойнелі Халил деген адам тарапынан көшіріліп қалған арабша «түрік,
моғол, парсы таржіманы» (хутсма һәм милиузанский нішірі) һәм Ибнул Хайян Әл
Фарнатидің «Китабул адрак» және Мысырда табылған кулістан тәржімәсі, Қутби деген
адамның бір кітабы және Радлов, гизе бастырған «Қоман хижесі - Кадикс қоманикс» һәм
басқалар бар еді. Бірақ, олардың бәрі де XIII-XV ғасыр яғни, Моғолдардан соңғы дәуірге
жететін және де бек аз, шала, қатесі көп жазулары бұзылған кітаптар еді. Соның үстіне
олар бәрі де, Түрікпен, қыпшақ тілдеріне жататын кітаптар еді.
Күншығыс ләһжелерге яғни, бұл күнге дейін бәріне де ұйғыр тілі деп аталып жүрген тілге
жататын Түркістандағы кішиғат (открытие) заманында табылған, ХІХ-ншы ғасыр басынан
- ақ майданға шыққан Машһүр «Құдатғу білік» кітабы тарайды. Әрине, бұл әсәрлар да аса
54
қымбатты (мухим) әсәрләр. Бірақ, «Құдатғу біліктің» оқылуы, (чтения) өзі бұл күнге
дейін, бұл тілдің мамандары Радлов, Томсон, Уамири, Моллирликов, Хартмандар
арасында шешілмей жүрген бір талас мәселе еді. Соның үстіне, «Құдатғудың» нұсқаулары
жаңарақ. Мысырда һәм Ферғанада жазылған. Араб харфімен жазылған нұсқаулары
харекетсіз жазылған, тәржімесіз ибара (текст) ғана еді. Және де бұл ескі «ұйғыр»
кітаптарының көбінің тілдері де анық халық тілі емес. Әдеби һәм бірталай шет (ислам яки
будда) тәсіріне кірген тілдер еді. Махмуд Қашқаридің кітабы күншығыс, күнбатыс Токио
хүкіметі бұзылғаннан, Моғолдар дәуіріне дейін келген. Түрік қауымдарының барлығының
тірі (живой) халық тілі үстінде тексеру, һәм фини жолмен жазылған бір кітап болып,
моғолдардан бұрынғы түрік қауымдарының охиғитлері. Түрік тілінің соңғы романда
тәшкіл еткен тармақ, (Группаларының) асастары туралы ашық аян, қатъи мағлұмат береді.
Мұның арқасында, ескі ұйғыр әсерлерін әсіресе, «Құдатғу білікті» жаңадан қарап шығуға
ләзім болады. Һәм түркі тілдердің түрік әдебиетінің тарихы үйрену бабында жаңа дәуір
кіргізеді. Махмуд Қашқаридің айтуынша (241) - бұл Түрік ғылымы және де Түрік тілінің
Наху Сарфи туралы «Кітап Жауаһирун-нахуи луғат түрік» есімімен арнап бір кітап жазған
екен. Егер бүл кітап та табылса, өте жақсы болар еді. Сонда даты осы табылған кітабы
әрине, оның ең үлкен, асыл кітабы. Мұныменен де Мақсуд Хасыл болады. Түріктің өз
арасынан шыққан бұл ғалымның мадани, ижтимаъи, тарихи ықтысади мағлұматтары,
истилах (терминдері) арқасында күн батыс Токио-Түрік хүкіметі бұзылғаннан татарлар
дәуіріне дейін тұрған. Бұл күнге Шефқат Ибн Хрдатбе Қудама, Гурдізи, ауфи, уағайри
сияқты араб, парсы жағрафия ғалымдарының ұзын құлақ хабарынша, жазған жарқым
жұрты шанақ жазуларына һәм Қытай мағлұматына қарап үйретілген. Түріктердің ішкі
тіршіліктері анық мәлім болды. Түрік ру һәм қабилаларының түзілісінде Түрік тілдерінде
татарлар дәуірінде һәм онан соң хасыл болған төңкерістер. Луғат һәм ләһже
мунасабаттары группаларға бөліну туралы бұл күнге дейін Фразия (гепотеза) болып қана
жүрген һәм түрлі ғалымдар (мәселен, Радлов, Бартолд, Аристов, Корш һәм басқалар)
арасында таласты болып жүрген түйіндер шешілді. Филжумле (вообще) қазақ-қырғыз,
сарт (шағатай), өзбек, Түрікпен тілдерінің асылдары (түрі) мәлім болды. Бүл кітаптан
алынған мағлұматтарды, біз ұзын қылып айрықша жаздық. Оны кітапханалары толық
болған бір жерге барсақ, тәмамдап, түзетіп сәті түскенде бастырамыз. Әзірге, сонан алып
әр бабтан біраз қысқаша мағлұмат жазамыз. Жазғанымызды мынадай төрт бабқа бөлеміз:
1) Махмұт Қашқариді (Түрік тарихына аъйд мағлұмат), 2) ХІ-нші ғасырдағы Түрік
қабилалары туралы мағлүмат. 3) Түріктердің ықтысади, ижтимаъи тіршіліктеріне аъйд
мағлұмат. 4) Тіл, уа әдебиет шер, мақалдар һәм түрлі ләһжелер арасындағы фарқ һәм
мұның бұл күнгі ләһжелерге мунасабаты.
Достарыңызбен бөлісу: |