Лекции по дисциплине «Web-технологии» Целью курса «Web-технологии» является обучение методам проектирования приложений для использования в среде Интернет, а



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата09.09.2022
өлшемі0,93 Mb.
#38729
түріЛекции
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Статистикалық және динамикалық беттер. 
Статистикалық беттер Web сервер каталогында орналасқан 
файлдардың нақ копиясы болып табылады және өңдеуші өзі онда бір 
нәрсені ауыстырмайынша өзгермейді. Дегенмен беттер динамикалық түрде 
қалыптасады, яғни дискідегі дайын файлдан емес, белгілі бір программада 
сұраныстың өңделу уақытында. Осындай беттердің қалыптасуының 
бірнеше әдістері бар. 
Тікелей Web серверде сұранысқа сәйкес қалыптастыру. 
Web беттерді динамикалық қалыптастырудың мүмкіндігін жүзеге 
асыру үшін серверге мынадай бағыт берілуі керек, қандай файлдар 
«кәдімгі» болады, ал қандайы оның программалық өңделуіне нұсқаулары 
болады. Бұл жағдайда бетті сервердің өзі құрастырады (арнайы командалар 
көмегімен 
немесе 
ішкі 
бағдарлама). 
Беттердің 
динамикалық 
қалыптастыратын командасы болатын программа мәтіні скрипт деп 
аталады. 
Тұтынушы компьютерінде қалыптастыру. 
Бұл жағдайда программа мәтіні динамикалық web- парағын 
қалыптастыру үшін алдымен тұтынушының локальдық компьютеріне 
беріледі, бұнда браузер web- парағын алу және өңдеу үшін оған сәйкес 
заттар шақыру керек. Динамикалық беттерді қалыптастыру үшін бірнеше 
технологиялар бар. 
CGI- технологиясы. 
Біздің сұранысымызға сәйкес дайындалған динамикалық беттер 
«жылдам қалыптасты». Мысалы кез-келген пікірлер кітабы сізге белгілі бір 
форманы көрсетеді, мұнда сіз өз мәтініңізді қосасыз, келесіде осы бетті 
ашсаңыз онда жаңа хабарлама тұрады. Web-парағына динамикалық 
мазмұнды қосуға мүмкіндік жасайтын технологиялардың бірі CGI (Comman 
Gateway Interface) болып табылады. Ол сол немесе басқа URL мен 
статистикалық документі емес программаны түсінуге мүмкіндік жасайды 
нәтижесінде нақты уақытта мәліметтер қалыптастырады. Мысалы егер сіз 
белгілі бір аймақтағы ауа райынын сол кездегі мәліметін бергіңіз келсе
онда сіз әр бір ретте жаңа бетті құруыңыз керек. Бұл CGI технологиясының 
негізінде жүзеге асыруы мүмкін. Серверде жұмыс істеу бастағанда CGI 
программасы қосылады, ол цифрлы өлшеуіш құралына айналып 
температура, қысым және т.б мәліметтер береді. Әр кезде осы адрестен 
мәлімет алу үшін байланысқаныңызда сіз сол уақыттағы мәліметті аласыз. 
Басқа мысал: егер сіз ізденіс жүйесінен белгілі мәлімет алғыңыз келсе онда 


27 
CGI программасы жұмысының нәтижесін ізделінді адрестер жиынтығы 
түрінде аласыз. 
CGI программасын нақты уақыттағы Web сервердің бір бөлігі ретінде 
қарастыруға болады. Сервер тұтынушының сұрағын CGI программасына 
береді, ол оларды өңдеп жұмыс нәтижесін тұтынушы экранына қайтарып 
береді. Клиент үшін адресте URL статистикалық құжат па немесе CGI 
программа ма еш қандай айырмашылығы жоқ. CGI программалары 
жұмысының нәтижесі статистикалық құжат сияқты форматта болады. CGI 
терминін тек қана программа емес протокол ретін де түсінуге болады. Бұл 
жағдайда CGI Web сервер үшін стандартты тәсіл болып табылады– 
тұтынушы сұранысын бағдарламаға беру және одан мәлімет алу. Сервер 
мен оның қосымшасының арасындағы бір біріне мәлімет жіберу жөніндегі 
CGI протоколы HTTP протоколының бір бөлігі болып табылады. CGI 
программасының үлкен бөлігі CGI скрипталары болып табылады. Скрип 
дегеніміз интерпритацияланатын немесе басқа программаларымен жұмыс 
жасайтын ережелер жинағы. Perl, JavaScript тілдері тура осы скрипталық 
тілдер түрінде ойлап табылған. Олар сценарийлер жазу тілдері деп те 
аталады. Негізінен CGI программасы скрипттік тілде және де компилярлық 
тілде жазылуы мүмкін. C,C++, Delphi. 
CGI 
альтернативті 
технологиясы 
Micrоsoft 
компаниясының 
технологиясы болып табылады. Ол былай аталады Active Server Page (ASP) 
ол да сол принциппен құрылған: web-серверге қосылған скрипт, парақ 
тұтынушыға жіберуден бұрын серверде орындалады. Осы принциппен 
орындалатын басқа да бір қатар технологиялар бар. Динамикалық мазмұны 
сервер жағындағы қалыптасатын схемадан өзгеше динамикалық мазмұны 
тұтынушы жағында көрінеді. Соңғы жағдайда активті құжаттар web 
серверде және локольдік компьютерде сақталады. Онда белгілі бір 
есептеулер орындалады және осы есептеулер нәтижесі экранда көрсетіледі. 
Активті құжаттарды дайындауда түрлі технологиялар пайдаланады: бұл 
мәліметтер JavaScript те Java апплеттерде жазылған қосымша болуы мүмкін 
және басқару элементі ActiveX болады. 
Бақылау сұрақтары: 
1) 
Web-сервер жұмысының механизмі қандай? 
2) 
Ститистикалық және динамикалық беттердің айырмашылығы? 
3) 
CGI, ASP серверлерінің технологияларының айырмашылығы 
неде? 
4) 
«Скрипт программа» ұғымы нені білдіреді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет