1. Ұйымдастыру қызметінің қалыптасуы. Басқаруды ұйымдастыру реттелген, біртұтас, бірынғай жүйені қалыптастыруға бағытталған. Бұл жүйенің құрамдас бөліктері біртұтас ұйымдастырудың негізі болады.Ұйымдастыру қызмет барысындағы еңбек элементтерінің өзара байланыстылығын қарастыра отырып алдын-ала жоспарда бекітілген барлық шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Ұйымдастыру басқарылатын және басқаратын жүйенің қалыптасуын болжайды; жүйедегі әрбір қызметкердің ролін және орнын анықтайды;оларды бөлімдер мен бөлімшелерге орналастыру; олардың нақты өзара байланыстылығын қамтамасыз етеді; қызмет барысындағы тапсырмалар мен қызметкерлер арасындағы байланысты қалыптастыру үшін құжаттандыру жұмыс қарастырады.
2. Оның түрлері және өкілеттілігі. Қоғам мүшелерінің басым көпшілігі бір немесе бірнеше ұйымдарға кіреді. Ұйымдастыру тәсілдері негізінде жүргізіледі. Адамның барлық саналы өмірі ұйыммен байланысқан.
Кез келген ұйым - бұл аса ірі жүйенің және сыртқы ортаның бөлігі.
Ұйымның қоршаған ортамен өзара әрекеттестігіне байланысты ұйымды басқару ұйым ішіндегі процестер мен сыртқы ортамен өзара қатынасты басқаруды жүзеге асыру позициясынан қарастырылуы мүмкін. Ұйым ішінде басқару бағыттаушы, құрушы және ұйымның өз мақсаттарына жету үшін ресурстарды қозғалысқа әкелетін рольді ойнайды. Ұйымның ішкі ортасына кіретіндер: мақсаттар, құрылым, міндеттер, ұйымішілік процесстер, технологиялар, кадрлар, ұйымдық мәдениет.
Сыртқы факторлардың негізгі екі топқа бөлінуі: тікелей және ұйымға сырттай жанама әсер ету ортасы. Тікелей әсер ету ортасындағы негізгі факторлар: жабдықтаушылар, кәсіподақтар, заңдар және мемлекеттік органдар, тұтынушылар, бәсекелестер. Жанама әсер ету ортасының күрделілігі. Жанама әсер ету ортасының негізгі факторлары: технология, халықаралық экономика жағдайы, әлеуметтік-мәдени факторлар, саяси факторлар, халықаралық жағдайлар.
Қоршаған орта жағдайындағы айқынсыздықтар қоршаған ортаға ұйымның бейімділігін дамыту жолымен айқынсыздықтарды жою жөніндегі менеджменттің міндеттері. 1) Ұйымды басқару процесін жүзеге асыру;
2) Басқару деңгейлері;
3) Шешімдерді дайындау;
4)Менеджмент принциптері.
Ұйымның барлық процестеріне тән ортақ қызметтер бар екендігі мәлім. Бүгінде бұл тізім логикалық іс әрекеттер арқылы былайша көрінуі мүмкін: мақсаттарды қалыптастыру; жұмысты жоспарлау; жұмысты жобалау; қызметті ынталандыру; жұмыс бағытын бақылау; кері байланыс.