Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары



бет15/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   104
3. Лекция мақсаты:
Жыраулар поэзиясының хандық дәуіріндегі алғашқы үлгілері болып саналатын Асан қайғы, Қазтуған жырау шығармашылықтарының ерекшеліктері, олардың зерттелуі жөнінде түсінік беру. Шығармаларының идеялық-көркемдік, өзіндік ерекшеліктерін, әдебиет тарихында алатын орнын, мәнін игерту.

4. Лекцияның мазмұны:
1. Сыпыра жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер.
Хандық дәуір әдебиетінінң алғашқы үлгілерін сөз еткенде Сарғалтайұлы Сыпыра жырауға тоқталмай өте алмаймыз. Ол қазақ жырауларының атасы болып саналады. Кейінгі ғасырларда өмір сүрген қазақ жыраулары Сыпыра жырауды ұстаз санаған.
Сыпыра деректерге қарағанда Тоқтамыс ханның тұсында, шамамен ХІҮ-ХҮ ғасырларда өмір сүрген, көп жасаған жырау. „Ер Тарғын“ жырында “бұл - өз өмірінде толғау айтып тоғыз ханды түзеткен кісі еді” деп айтылады. Ал “Телағыс” жырында ол ел бірлігінің ұраншысы, “Құбығұлда” “жүз сексенге келген дана қария”. Бұл жырларда ол ел-жұртқа қадірлі ақыл иесі, көп жасап, көпті көрген дана, алдын болжағыш абыз, сәуегей кісі болып суреттеледі. Хан да, қара да ақыл таппай қысылып тығырыққа тірелгенде, көпті көрген көне Сыпыра жыраудан кеңес сұрайды. Мұның бәрінде де Сыпыра Алтын Орданың белгілі ханы Тоқтамыстың қасындағы көреген биі, кемеңгер ақылшысы ретінде сипатталады.
Профессор Б.Кенжебаев ол туралы былай деп жазады: «Сөз жоқ, Сыпыра жырау тарихта болған адам. .. .қыпшақ хандығының соңғы кезінде... хан ордасында тұрған».
Қазақ жырлары мен ноғай ертегілеріндегі Сыпыра бейнесі бір-біріне өте ұқсас, көп жасағаннан «адам көрер түсі жоқ, аузында отыз тісі жоқ» сиықсыз да ұсқынсыз қарт болып сипатталады.
Аңыздар мен батырлық жырларда жиі аталып, «өзінің 180 жасаған өмірінде тоғыз ханды қолынан өткізіп, тоғыз ханды түзеткен». Енді бір жыр үзінділерінде өмірі, қызметіне қатысты деректер жырау атынан былай деп беріледі:
Өрлеуге қандай алабың,
Шыңға шықсын талабың.
Алпыс екі хан көрдім,
Несіне оны сұрады?
Атқа мінер халі жоқ,
Мінсе түсер әлі жоқ,
Жүз сексен жасаған,
Халі осы да Сыпыраның!
Сыпыра туралы тарихи деректер өте аз сақталған. Сыпыра жыраудың Тоқтамыс ханның Едіге бимен араздасып, төңірегіндегілермен кеңескен тұста ақылман қарт ретінде негізгі тоқтамды пікір айтқаны жөнінде бізге жеткен жыр үзінділерінде былайша айтылады:
Мен қартыңмын, қартыңмын,
Не көрмеген қартыңмын?
Бастыққа бастық бастық хан,
Оны көрген кәріңмін.
Онан соңғы Кедейхан...
Онан соңғы ер Шыңғыс
Оны да көрген кәріңмін...
Өзден сұлтан Жәнібек
Оны да көрген кәріңмін,
Ұлы бабаң Домбауыл
Соны көрген кәріңмін...
Жүз сексенге келгенде,
Шықпаған жан жүргенде,
Менен дәурен кеткенде,
Саған дәурен жеткенде,
Сонша хандар өткенде,
Кешегі кеткен еңселі,
Ерні салпы құбаша ұл
Сонша жасқа келгелі,
Осындай ер жігітті
Көре алмаған кәріңмін.
Сыпыра жыраудың кейбір өлеңдерінен Ш.Уәлиханов жеке үзінділер келтірген. Жырау сөздерінің кейбір үлгілері В.Радлов, Ильминскийлердің жинақтарында да кездеседі екен. С.Сейфуллин де кезінде жырау шығармаларынан үзінділер келтіріп жариялаған болатын.
Сыпыра жырау туралы айтқанда, ең алдымен, ғұлама ғалым Ә.Марғұланның еңбектерін негізге аламыз. Ғалым эпостың жасалуында жыраулардың, соның ішінде Сыпыраның орнын жоғары бағалай отырып, оны «XV-XVIII ғасырлардағы көптеген қазақ ақындарының көшбасшысы және ноғай-қазақ эпостарын («Ноғайлы жыры») бірден-бір жасаушы кісі», – деп көрсетеді.
Заман талабына сәйкес жыраулар қашанда хан қасынан табылып отырған десек, бұған Сыпыра жырау өмірі де айқын дәлел. Ол әр алуан жырларда ең әуелі Тоқтамыс хан мен Ер Тарғын батырды татуластырушы, енді бірде Едіге мен Тоқтамыс арасындағы жанжалды басушы, тағы бірде Тоқтамыс ханға қарсы көтерілген халық толқуын кемеңгерлікпен тоқтатушы ретінде көзге түседі.
Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағымын деп есептеген. Қарақалпақ әдебиетіндегі ең үлкен эпосшы, жыраулар мектебінің негізін қалаушы болып саналады.
Жинақтай айтқанда, Сыпыра тұлғасы біздегі батырлар жыры мен ертегілердің басты қаһарманы ретінде үнемі суреттелуі арқылы өзінің жыр толғау мәнерімен де, көреген сәуегейлігімен де қалыпты жырау болып танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет