Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


Асан қайғы Сәбитұлының өмipi мен шығармашылығы туралы деректер



бет16/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   104
2. Асан қайғы Сәбитұлының өмipi мен шығармашылығы туралы деректер.
Деректерге қарағанда Асан ұзақ жас жасаған, көпті көрген дана жырау.
Г.Н.Потанин қорына арналған халық мұралары жинағының ғылыми түсінігінде: «Асан қайғы халық арасында Асан ата аталды. Аңыздарға қарағанда, ол XV ғасырда жасаған. Әйтсе де, Хафиз Таныш ибн Мир Мұхаммед ал-Бухари оның сол тұста Сырдария даласындағы белсенді саяси қайраткерлерінің бірі болғанын жазады», – деп көрсетілген.
Шоқан Уәлиханов Асан қайғының өмір кешкен мекені туралы: «Әйгілі дала философы Асан қайғы Жетісудағы Жырғалаң деген жерде көшіп-қонып жүрген. Оның бейіті осы Ыстықкөлден онша қашық емес»,– деп жазады. Бұл пікірді академик Ә.Марғұлан да қуаттап, Асан қайғының қазақтан тыс, ноғай, қарақалпақ, қырғыз әдебиеттерінің де өкілі екенін айтса, ал, қазақ совет энциклопедиясында: «Алтын Орданың ыдырау дәуірінде (XVғ.) өмір сүрген Асан алдымен Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ-Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған. Егде тартқан шағында Дешті-Қыпшаққа қайтып оралады. Өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған қазақ мемлекетінде, Жәнібек, Керей хандардың төңірегінде өтеді», – деп көрсетілген.
Құрманғали Халидовтың “Тауарих хамса” кітабындағы айтуынша Асан қайғы - Шыңғыс ханның замандасы ұлы Майқы бидің алтыншы ұрпағы. Бұл қазақтың кәдімгі “Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би” деген мақалындағы Майқы, Шыңғыс ханның тарихтан белгілі әскербасының бірі - үйсін Майқы. Егер Жәнібек ханның “Әз Жәнібек” аталғаны рас болса, қазақтың ауыз әдебиетінде көп айтылатын Асан қайғы, Жиренше шешен, тіпті Алдар Көсе де Әз Жәнібек ханның замандастары болған, сол тұста өмір кешкен болып шығады. Ал ғалым А.Егеубай „Асан қайғы 1418 жылы 127 жасында дүние салды» деген пікір айтады.
Бір аңыздарда Асан ойлаған арманын іске асыра алмай, Ұлытауда қайтыс болыпты десе, тағы бір алуан әңгімелерде ол өз елімен Жиделі-байсынға, Жетісуға, Көндүрік-Қобанға барып орналасыпты делінеді. Келесі бір аңыздарда Асан сол сапардан оралмай, Тесік тау асып кетіпті, кейін Мөңке би мен тағы басқа кісілер де соның жолын қуыпты деседі.
Асан қайғының белгілі бір кезеңде өмір сүрген нақты тарихи жан екендігін оның бір алуан жыр-толғауларының халық жадынан шығып ұмытылмай, өз атынан сақталып бізге жетуі де дәлелдеп, нақтылай түседі. Асан қайғы С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев зерттеулерінде де осы тұрғыда алынып қарастырылады.
Бір мәліметтерде ол қазіргі Өзбекстан жерінде, Жиделі Байсында дүние салды делінеді. Кейінгі ұрпақтары ХХ ғасырға дейін қазіргі Қостанай облысы, Ор өзенінің бойын мекендеген. Кейбір аңыздарда қазақ қауымының сол кезде астана орны болған Ұлытауда қайтыс болады. …баласы Абат батырдың моласы қазіргі Ақтөбе блысы Қобда бойында.
Енді бір қолжазба деректе Асан қайғы Орманбет хан өлгеннен кейін сары ноғай, қара ноғай боп бөлініп көшкенде тірі, 120 жаста екен. Орманбеттен кейін сары ноғайлар Еділде қалады да, қара ноғайларды Қазтуған батыр мен Асанның тұңғыш ұлы Абат батыр бастап, жылы жақты бетке алып, Қаратауға көшіп келеді. Жолда көп қиындық көреді. Шерқұтты бастаған бір топ ел айшылық жолдан кері қайтып кетеді. Осы кеде Асан әбден қартайып, көш басшының ісінен қалған екен. Осы тұста айтқан бір толғауында ол Қазтуған мен Абатқа алған беттен кері қайтпа деп ақыл береді. Онда:
Қазтуған мен Абатым,
Дұшпанды жер болғанда,
Сегіз қырлы болатым.
Мен бір жасы жеткен қарт едім,
Көлеңкелі жерді бағатын.
Күні-түні жатырмын,
Бес намазды тәрк қылмай,
Құдайдың өтеп тағатын…
Қатын, бала тоңбасын,
Енді кейін қайтуға
Хақ тағала жазбасын.
Қайда барсаң аман бол,
Маңдайыңды алла оңдасын! –
деп кеңес береді.
Асан қайғы кейінгі ұрпақ әулие танып, аңыз кейіпкеріне айналдырған. Бұған оның атына байланысты туып, ел жадында сақталған қыруар аңыз, әңгімелер мен жер-қоныс аттары туралы айтылып келген сан қилы сын-сарап бағалары, сондай-ақ, замана жайын толғаған әр алуан өлең, жырлары толық айғақ. Бұлардың бәрінде дерлік Асан өз халқының бақытты болашағын ойлаған ел мұңшысы, жұрттың көкейкесті арманын арқалаған ардагер азаматы кейпінде сипатталады.
Асан есімі әр кез «қайғы» деген сөзбен қатар аталып, ел қамын жеген кемеңгер, ойшыл адамның жиынтық бейнесіне айналып кеткен.
Асан қайғы өз заманының үлкен ойшылы. Ол көптеген нақыл сөздердің, афористік, философиялық толғаулардың авторы. Керей, Жәнібек хандардың ақылшы биі болған Асан қазақ руларының Орда көтеруін жақтайды. Қазақтар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң іргесі берік ағайын, ұжымы күшті ел болуын үндейді.
Асан қайғы үшін құдай бір. Сондықтан бәрі құдайдың әмірінде деп түсінеді жырау. Асанның өзі бес уақыт намазын қаза жібермейтін ислам дінінің қағидаларын берік ұстанған адам болса керек. Бірақ бұл толғауға діни сарынның араласуынан бұл оқиғаның Асан өмірінің соңғы сәтінде болғандығын байқаймыз.
Асан қайғының аты ноғай, қарақалпақ, қырғыз әдебиеттерінде жырау тұрғысында аталғаны болмаса, бұларда Асан туралы қайсыбір бірлі-жарым аңыздан басқа Асан айтты деген өлең-жырлар сақталмаған деген пікір айтады зерттеушілер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет