Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


Қазтуған жыраудың өмipi мен шығармашылығы туралы деректер



бет21/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   104
Байланысты:
Лекция. № Лекция та?ырыбы Х?- xyii ?асырларда?ы ?дебиетті? даму

6. Қазтуған жыраудың өмipi мен шығармашылығы туралы деректер.
Қазтуған жырау XV ғасырда өмір сүрген батыр, шешен жырау. Шамамен жетпіс бес жас жасаған. XV ғасырдың 20-30-жылдарында Еділ бойында, қазіргі Астрахань обылысының Красный Яр қаласының маңында туған. Әкесінің аты Сүйініш, шешесінің аты Бозтуған. Өміріне қатысты деректер өз шығармаларында біршама берілген. Еділ, Жайық, Жем, Сағыз өзендері бойын мекен еткен көшпенді шонжарлар әулетінен шыққан Қазтуған түрік тайпаларының рубасы көсемі, әскер басы батыры болған. Дәшті-Қыпшақта XV ғасырдың ұзына бойына созылған бұлғақ кезінде оның кімдерді жақтағаны, не істегені белгісіз. Тек ХҮ ғасырдың екінші жартысында өз қарауындағы рулармен бірге Еділден ауып, Қазақ Ордасының құрамына өткен.
Шығармаларында туған өзінің туып өскен өлкесін тебірене жырлаған, сонымен қатар толғауларында өз бейнесін де сомдаған жырау болып саналады. Деректерге қарағанда тоғыз батыр ұлы болған. Қазтуған жырау Асан қайғы арманын оның ұлы Абатпен бірге іске асырмақ болған. Асан қайғының жақын туысы, пікірлесі дейді зерттеушілер. Жырау шығармаларын ХІХ ғасыр ақыны Мұрат көп толғап, оның ой – пікірлерін жырға қосып келген.
Қазтуғанның көшерінде қонысымен қоштасып айтқаны дейтін жыры мен Мұрын жырау арқылы жеткен «Қарға бойлы Қазтуған» атты дастанындығы деректерді тарихи деректемелермен салыстыра келіп, жыраудың шамамен қай заманда өмір сүргенін анықтап, не себепті қонысын ауғандығын шамалауға болады. Онда деректер:
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақала ордам қонған жұрт.
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт.
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт.
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт.
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
Жанқа сақтау болған жұрт.
Салп-салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы менің ордам қонған жер...
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер...
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас...
Сөйткен менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Мынау қалған Еділ жұрт -
деп беріледі. Осы толғаудың жыр иесі, лирикалық қаһарман Қарға бойлы Қазтуған жыраудың салуалы елдің өкілі, анасы мен атасы өмір кешкен Еділ бойының перзенті екенін аңғарамыз.
Эпостарды тудырушылардың бірі - ірі эпик, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы, әрі нәзік лирик болған. Қазтуған жыраудың кезінде өмір туралы, туған ел жайлы және әскери тақырыптағы сан алуан мазмұнды туындылар жасағанына күмәндануға бола қоймас. Бірақ ол тудырған мол мұра біздің дәуірімізге толық жетпеді, олардың дені сақталмаған. Бізге жеткен сол аздаған шығармаларының өзінен-ақ жыраудың болмыс-келбетін, шығрамашлығының ерекшелігін тануымызға болады. Ол туралы М.Мағауин: «Қазтуғанның біздің дәуірімізге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді» деген тұжырым жасайды.
Қазтуған жыраудың мол мұрасынан біздің заманымызға жеткен санаулы жолдар революциядан бұрын жарық көрді. Жыраудың өлеңдері алғаш рет Ғабдолла Мұштақ құрастырған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында (Орынбор, 1912) жарияланды. Ғылым назарына 60-жылдар ішінде ғана ілініп «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1971), «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1984), «Ұлы арман» (1990), Ленинградтан тұңғыш рет орыс тілінде жарық көрген «Поэты Казахстана» (1978), «Поэты пяти веков» (Алматы, 1994) жинақтарында, «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» хрестоматиясында (1993) басылды. Жырау өмірі мен шығармашылығы туралы С.Сейфуллин, М.Мағауин, Ә.Дербісәлин, Қ.Сыдиықов, X.Сүйіншәлиев, Ж.Тілепов сияқты белгілі әдебиеттанушы-ғалымдардың зерттеу еңбектерінде айтылды.
Жыраудың туған жер туралы толғауы Каирде ағылшын, француз, араб тілдерінде шығатын «Лотос» журналының арнайы қосымшасында да (1972) жарияланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет