Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


Шал ақын шығармашылығының айтыс өнеріне қатысы



бет86/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   104
Байланысты:
Лекция. № Лекция та?ырыбы Х?- xyii ?асырларда?ы ?дебиетті? даму

6. Шал ақын шығармашылығының айтыс өнеріне қатысы.
Шал ақынның қазақ әдебиетінде айтыстың дамына да өзіндік қосқан үлесі бар екендігін айтуға тиіспіз. Бұл жағынан алып қарағанда біз Шалды қазақ поэзиясына айтысты алғашқы әкелушілердің бірі деп жүрміз. Онын қызбен, жігітпен, кемпірмен, кедейлікпен сөз қағыстары бұл жанрдың бастапқы кезеңдегі ерекшелігін байқатады.
Ақынның бізге жеткен айтыс үлгісіндегі туындылары қағысу, сұрақ-жауап ретінде құрылған. Шалдың бірқатар бірқақпай әзіл, айтыстары онын мұрасына ерекше ажар беріп тұратын құбылыс. Шал қағытпаларының шығуына да белгілі бір жағдай әсер етеді. Әйтпесе айтысты ол арнайы кәсіп етіп қумаған. Реті келген жерде суырып салып шығарып кете берген де, халық Шал бір жерде осылай айтқан екен деп, өздері жатқа айтып, әрі қарай таратып әкетіп отырған сияқты. Шал ақынның өлең шумақтары халық ауыз әдебиетінен қол үзіп кете қоймаған сол кездегі балаңдау айтыстың аяқ алысын байқатады.
Шалдың айтыстарында шымшу, ащы әзіл, сатиралық мотив бар. Бірақ, олары әлі қоғамдық сарынға көтеріле қоймаған. Кемпір, келіншек, қыз-жігіттердің айналасындағы бірқақпайлары ғана. Соларының өзі юморымен, шыншылдығымен шырайлы. Бұнда жеңу, жеңілу мақсат емес, оқтай сөзбен қағытып кету ғана бар. Шалдың қолда бар сөз қағыстарының өзі тегеурінді, тотықпас сөздерден құралады. Кемпірімен бір-екі сөз алмастыруының өзінде терей ой, өмір қызығын, артта қалған жас күндерді аңсау бар.
Ептеп салдау, серілеу боп қалған Шал ендігі жерде кемпірге арқасын сипатқанға да мәз. Кемпірі де Шалдың еркелігіне орай іштегі назын сыртқа шығарады. Екеуі де күрсінеді:
Шіркін-ай, дүнияның жалғанын-ай,
Өмірдің қызығының қалғанын-ай,
Арқама қолым шіркін жетпей отыр,
Арқамды сипап жіберші, алғаным-ай, –
деп, Шал кәрі қосағына тиіседі. Кемпірі де тезімен жауап бере қояды. Шал осылайша екі ауызбен ой қорытып, мазасыз кәрілікке мұң шағады.
Шалдың қалжыңы да қатты. Кейде бетің бар, жүзің бар демейді. Ойлағанын ойып айтады. Бәйбішесінің артынан алған тоқалы тойға барамын деп желіккенде Шал әрең тоқтатады. Желіккен тоқал қарттың жастығын есіне түсіреді. Ол да бір өтіп кеткен дәурен екен-ау дегізеді. Үш-төрт өлеңмен тойдың тоқалға не беретінін буып, түйіп сездіреді. Мұнда көшпелі халық өмірінің әзіл-қалжыңы да байқатады. Ақын тоқалын алда күтіп тұрған әрекеттерден сақтандыра:
Есіл өрлеп жағалай тал шығатын,
Тілімді менің айтқан алшы, қатын,
Қырық темірдің қылауы жиналған жер,
Өзіңе-өзің сенсең, баршы, қатын, –
десе де, өз іші алай-дүлей күйіп барады. Қызықтан қалғанына өкініш білдіреді. Тоқтау сөзбен тоқалдың бетін қайтарады. Тоқал да мықтағаныңды көрермін деп, теріс қарап жатып алады.
Шалдың айтысы да өлеңдеріндей әрі қысқа, әрі нұсқа, алатын да, қосатын да жері жоқ шымыр болып келеді. Мысал ретінде ақынның мына бір сөз қағысуын келтіріп көрейік. Шал ақын насыбай атса керек. Осыған орай насыбай туралы бір жігіт өлеңдетіп Шалға былай депті:
Насыбай ат жаныңа қасың болса,
Қайырға бірер аяқ асың болса.
Таразыға салғанда төмен тартар,
Тәубәңнан күнә ісің басым болса.
Сонда Шал:
Насыбай атпағаның жарамайды,
Оны атпасаң, қаның бойға тарамайды,
Парыз, уәжіп, сүннәтті тәмам қылсаң,
Құдайым насыбайға қарамайды, –
дейді. Насыбайшы жігітке Шал адам алдында адал боп, борышыңды өтесең құдай насыбай атпағанды кешіреді деген ойды тосады. Сұрақ-жауап сынды бір-бір шумақтан тұратын диалогте де ақын өз танымынан жаңылмай, түйінді ойын айтады. Бұл тапқырлық та Шал ақынның ой жемісінің нәтижесі.
«Шал мен қыздың қағысы» Шал айтыстарының ішіндегі ең бір көлемдірегі, сүбелісі десе болады. Сөз қағысудың себебі Шалға қонақасыға соймақ болған арық тоқтыдан шығады. Шал теріс батасын береді. Байдың бойжеткені іле жауап береді. Дегенмен ертесіне семіз тоқты сойдырып, дұрыс бата алады. Шал қызды мақтайды. Талабын мойындайды. Сөзбен кыздың сұлу портретін жасайды. Саған тең өнерлі жігіт жоқ па дейді. Шал қызға:
Ақын бол бөгелмейтін тіл мен жағың,
Жазудан тоқтамасын он саусағың,
Артылып алапатың абыройлы,
Күн сайын арта берсін өнер бағың, –
деп ілтипат білдіріп ақыл, тілегін айтады. Осы шумақтың екінші жолы Шал ақын сауатты болған деген ойды бекіте түседі. Жазу-сызуға, ілім-білімге ілтипатпен қарайды.
Ақын қыз да:
Әлім жоқ сіздей ермен алысуға,
Сізбенен шамам келмес жарысуға,
Жаңбырдың іріткісіндей біз бір шалшық,
Шалшық қашан теңелген аққан суға, –
деп бейнелі тілмен сөйлеп, Шал шабытын шырайландырады. Жөнді пікірге Шал да тоқтайды. Өктемсіп, ділмәрсіп кетпейді. Көкірегінің көзі бар көсем кісі ғана тоқтайтын жерін шамалайды. Сөз майданын ашпайды. Шалды кідірттім деп, қыз да масаттанбайды. Ақынның басқа сөз қағысуларына, айтыс үлгілеріне қарағанда бұл айтысында тиянақты сюжет, мәнерлі мазмұн бар. Көркемдік қасиеті де құндылау. Кейінгі қазақ әдебиетіндегі ірі айтыстарға алып келетін соқпақтың төл басы осы сияқты көрінеді.
Шал айтыста, сөз қағысында біреуді жеңемін деп мақсат тұтпаған. Шындық мінбесінен ғана көріне білген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет