Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістері


Лекция № 2 Сапалық реакцияларды орындау шарттары



бет2/35
Дата17.10.2023
өлшемі265,39 Kb.
#117004
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістер-emirsaba.org

Лекция № 2
Сапалық реакцияларды орындау шарттары


Лекцияның жоспары:
1. Реакцияның сезімталдығы, арнайылығы және талғампаздығы.
2. Ерітіндідегі ионды анықтаудың негізгі шарты.
Қандайда бір реакцияның оң немесе теріс нәтиже беруі реакцияның сезімталдығына байланысты. Мысалы, дистилденген суда SO42- аниондары өте аз мөлшерде болады сондықтан да олар Ва2+-катиондарымен ақ түсті кристалдық тұнба түзгені байқалмайды. Бұл осы тұздың ерігіштігіне де байланысты. Ал зертханаларда студенттердің аналитикалық реакцияларды зерттеп оқуы үшін әзірленген BaCl2-нің және H2SO4-ның немесе кез-келен күкірт қышқылының қалдығы бар тұздың 1-5 %-дық ерітінділермен осы реакцияны жүргізетін болса, онда бір сәтте ВаСІ2-нің ақ түсті кристалдық тұнбасы түзіледі. Бұл заңдылықты аналитикалық химияның тәжірибесінде реакцияның сезімталдығы деп атайды. Реакцияның сезімталдығы ерітіндідегі заттың немесе ионның анықталу мүмкіндігін көрсетеді. Ол анықталу минимумымен сипатталады. Мысалы, Сu2+ -катиондары үшін (аммиактың ерітіндісімен) – анықталу (ашылу) минимумы 0,2 мкг-ды құрайды. Реакцияның сезімталдығы температураға, ерітіндінің рН-нің мәніне, ерітіндінің иондық күшіне тәуелді.

Сонымен қатар аналитикалық химияда арнайы реакциялар түсінігі де бар. Ол дегеніміз – мысалы, йодтың калийдің йодидіндегі ерітіндісі крахмалдың ерітіндісімен әрекеттестіргенде көк түсті тұнба түзеді. Еш бір басқа қосылыс крахмалдың дәл осы ерітіндісімен осындай концентрацияда және осы жағдайларда бұл нәтижені қайталамайды.


Кей жағдайларда бірнеше иондардың қатысында бір немесе бірнеше иондарды анықтауға болады. Мысалы, тұз қышқылының ерітіндісінң көмегімен қоспадағы Ag+, Hg22+, Pb2+ -катиондарын тұнба түрінде сынауықтың түбіне шөгуі бойынша анықтауға болады. Ал Са2+, Sr2+, Ba2+ -катиондарын сульфат-анионның көмегімен анықтау мүмкін. Мұндай реакцияларды селективтік (арнайы немесе талғампаз) реакциялар деп атайды. Селективтік реакциялар катиондардың белгілі бір тобын ғана анықтау үшін қолданылады. Селективтік реакциялардың көмегімен талдауға берілген қоспадағы катиондардың бір аналитикалық тобын екінші топтың катиондарынан бөліп алуға болады. Кейде селективтік реакция бір ғана катион үшін орындалады. Мысалы, NН4+ -катионын анықтау үшін қоспадан сынауыққа 1 мл ерітінді алып оған сілтінің ерітіндісін қосып қыздырады. Реакцияның нәтижесінде аммиактың иісі сезіледі. Яғни, қоспада аммонийдің кез-келген тұздары болған жағдайда әр уақытта осы төмендегі реакция жүреді:
NH4+ + OH- → NH3↑ + H2O
Аналитикалық химияда ерітінділерге талдау жүргізу барысында бір катионның қатысында екінші бір катионды анықтау олардың концентрацияларының арақатынасының шегіне тәуелді. Мысалы, қорғасынның катионының калийдің йодидімен микрокрситаллоскопиялық реакциясы нәтижесінде қорғасынның сипаттамалық өзіне ғана тән кристалдары түзіледі. Ал оған мыстың катиондарының 25 есе артық концентрациядағы мөлшері бөгет жасамайды. Егер де мыстың концентрациясы осы шамадан асса, онда реакцияның нәтижесі дұрыс шықпайды. Яғни, Pb2+:Cu2+= 1:25.
Ерітіндідегі ионды (иондарды) анықтау үшін келесі шарттар орындалуы керек: ионның концентрациясы жеткілікті болуы; басқа иондар реакцияға бөгет болмауы керек; реакцияның ашылу минимумы мүмкіндігінше жоғары болуы керек; қосымша амалдар қолдану керек. Мысалы, қыздыру, сынауықтың қабырғасын ысқылау және салқын сумен өңдеу.
Бақылау сұрақтары:

1. Анализдеу барысында реакцияның сезімталдығы төмен болған кезде оны қалай орындауға болады ?


2. Натрийдің катионының жалынның түсін бояуы арнайы реакцияға жатады ма ?
3. Реакцияның сезімталдығының жоғары болуы аналитикке неге тиімді ?
4. Берілген ұнтақтың құрамында мыстың катиондарының бар немесе жоқ екендігін судың көмегімен анықтауға болады ма ?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет