Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістері


Лекция № 14 Аниондар және құрғақ заттарды анализдеу



бет14/35
Дата17.10.2023
өлшемі265,39 Kb.
#117004
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістер-emirsaba.org

Лекция № 14
Аниондар және құрғақ заттарды анализдеу
Лекцияның жоспары:
1. Аниондарды классификациялау.
2. Топтарға жалпы сипаттама.
3.Құрғақ зат анализі. Затты ерітіндіге айналдыру және анализ әдісі.
Аналитикалық химиядағы аниондарды негізінен р-элементтер және кейбір d-элементтер (Cr, Mn) құрайды. Аниондарды түзуге әсіресе Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесінің жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан р-элементтер қабілетті. р-элементтердің тотығу дәрежесі ауыспалы болғандықтан олар әр түрлі қышқылдарды түзеді. Осы қышқылдар элементтің тотығу дәрежесі жоғарылаған сайын күшейеді. p-элементтердің көбісі оттектік қышқылдарды (H2SO4, H3BO3 ж.т.б.) түзеді. Тек ҮІА және ҮІІА-топшаларының элементтері оттексіз қышқылдарды түзеді. Олар – осы элементтердің сутегімен қосылыстары (HF, HBr, HCl, H2S ж.т.б.).

Аниондардың тотығу-тотықсыздану қасиеттері бойынша олардың 3 тобы бар: тотықтырғыш-аниондар, тотықсыздандырғыш-аниондар және бейтарап аниондар. Күкірт қышқылы концентрлі күйінде тотықтырғыш қасиет көрсете алады. Ал кейбір аниондардың тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттері реакцияның өту жағдайларына байланысты.


Аниондардың аналитикалық жіктелу жүйесінің негізінде олардың барийдің және күмістің суда ерімейтін тұнбаларын түзу қасиеттері жатады. Яғни, 1-ші топтың аниондары үшін топтық реагент барийдің суда еритін кез-келген тұзының ерітіндісі. Ал 2-ші топтың аниондары үшін топтық реагент күмістің суда еритін тұзы. 3-ші топтың реагенті жоқ. Бұл жіктеу бойынша да аниондар 3 топқа бөлінеді: 1) топ аниондары – бұл аниондар Ва2+-катионымен суда ерімейтін тұздар түзеді: SO42-, SO32-, CO32-, РO43-, S2O32-, C2O42-, B4O72-, IO4-, IO3-, AsO43-, AsO33-, C4H4O62-, цитрат-ион. 2 ) суда және азот қышқылында ерімейтін күмістің тұздарын беретін аниондар: Cl-, Br-, I-, SCN-, CN-, C6H5COO-; 3) суда еритін барийдің және күмістің тұздарын беретін аниондар: NO3-, NO2-, H3C-COO-, BrO3-, ClO4-, салицилат-анион.
І-ші топқа суда ерімейтін барийдің тұздарының тұнбаларын түзетін аниондар кіреді. Олардың ішінде барийдің сульфатының басқасы қышқылдарда ериді. Сондықтан да І-ші аналитикалық топтың аниондарын бейтарап немесе әлсіз қышқылдық ортада тұндырады. І-ші топтың барлық аниондары ерітіндіде түссіз (d-элементтердің аниондарынан басқалары).
ІІ-ші топқа ҮІІА-топшаның элементерінің және күкірттің оттексіз аниондары жатқызылады. Бұл аниондар суда және сұйылтылған азот қышқылында ерімейтін күмістің тұздарын береді. Күмістің тұздары азот қышқылының қатысында топтық реагент болып табылады.
ІІІ-ші топқа суда еритін барийдің және күмістің тұздарын түзетін азоттың оттектік аниондары және галогендер жатқызылады. Бұл топтың реагенті жоқ, ерітінділері түссіз болады.
Талдауға зат үлгісі құрғақ немесе ерітінді түрінде беріледі. Зат үлгісін алдын-ала келесі сынаулардан өткізеді: үлгінің түсі, ерігіштігі, жалынның әсерінен беретін қасиеттері, сынауықта қыздыруға әсері, иісі, кристалдардың түрі және түсі, құрамының біртектілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет