Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістері


Лекция № 5 Катиондарды қышқылдық-негіздік жіктеу жүйесі бойынша талдау



бет5/35
Дата17.10.2023
өлшемі265,39 Kb.
#117004
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістер-emirsaba.org

Лекция № 5
Катиондарды қышқылдық-негіздік жіктеу жүйесі бойынша талдау
Лекцияның жоспары:
1. Катиондарды қышқылдық-негіздік анализдеу.
2. Катиондарды және аниондарды аналитикалық топтарға бөлу. Топтық реагенттер.
3. Қышқылдық-негіздік жүйе бойынша жүйелі және бөлшектеу анализ әдістері.
Қышқылдық-негіздік жіктеу бойынша катиондардың 6 тобы белгілі. Катиондардың қышқылдық-негіздік жіктеу жүйесі бойынша олардың қоспасын сапалық талдау барысында осы катиондардың қышқылдармен және негіздермен әр түрлі әрекеттесуіне байланысты.

1-ші аналитикалық топтың катиондарын талдау барысында жеке немесе бөлшектеп талдау жүргізеді, яғни әр бір катионға жеке реакция жасалады. Алдымен NH4+, Li+ катиондарын анықтайды. Егер бұл катиондар қоспада бар болса, онда олар бөліп тастайды. Себебі бұл катиондар K+ және Na+ катиондарын анықтауға бөгет жасайды. Ол үшін Li+ катионын сәйкес фосфат түрінде тұндырады, ал NH4+ -катионын сілтінің қатысында қыздырады.


Аниондардың тотығу-тотықсыздану қасиеттері бойынша олардың 3 тобы бар: тотықтырғыш-аниондар, тотықсыздандырғыш-пниондар және бейтароап аниондар. Күкірт қышқылы концентрлі күйінде тотықтырғыш қасиет көрсете алады. Ал кейбір аниондардың тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттері реакцияның өту жағдайларына байланысты.
Аниондардың аналитикалық жіктелу жүйесінің негізінде олардың барийдің және күмістің суда ерімейтін тұнбаларын түзу қасиеттері жатады. Яғни, 1-ші топтың аниондары үшін топтық реагент барийдің суда еритін кез-келген тұзының ерітіндісі. Ал 2-ші топтың аниондары үшін топтық реагент күмістің суда еритін тұзы. 3-ші топтың реагенті жоқ. Бұл жіктеу бойынша да аниондар 3 топқа бөлінеді: 1) топ аниондары – бұл аниондар Ва2+-катионымен суда ерімейтін тұздар түзеді: SO42-, SO32-, CO32-, РO43-, S2O32-, C2O42-, B4O72-, IO4-, IO3-, AsO43-, AsO33-, C4H4O62-, цитрат-ион. 2 ) суда және азот қышқылында ерімейтін күмістің тұздарын беретін аниондар: Cl-, Br-, I-, SCN-, CN-, C6H5COO-; 3) суда еритін барийдің және күмістің тұздарын беретін аниондар: NO3-, NO2-, H3C-COO-, BrO3-, ClO4-, салицилат-анион.
Қышқылдық-негіздік жүйе бойынша мүмкіндігінше жеке реакциялармен қоспаның бір бөлігінде ІҮ-ҮІ топ катиондарын, NH4+, Hg2+2, Na+ катиондарын анықтайды. HCl-дың көмегімен ІІ-ші топтың катиондарын тұндырып, соңынан оны талдайды. Н24-ын қосып ІІІ-ші топтың катиондарын тұндырып, соңынан оны талдайды. NаОН-нің және Н2О2-ның артық мөлшерін қосып Ү және ҮІ топтардың катиондарын бөліп алып, HNO3-мен және Н2О2-мен өңдейді (Sb катионын бөлу). ҮІ-шы топтың катиондaрын аммиакта ерітіп, Ү-ші топтың катиондарын тұнбада қалдырады.
Бақылау сұрақтары:

1. Катиондардың қышқылдық-негіздік жіктеу жүйесі бойынша олардың қоспасын сапалық талдау неге байланысты. ?


2. 1-ші аналитикалық топтың катиондарын талдау барысында жеке немесе бөлшектеп талдау жүргізеді ? Неге ?
3.Аниондарды жіктеудің қандай түрлері немесе жүйелері бар ?
4. 6 аналитикалық топтардың катиондарының қоспасын бір-бірінен қалай бөлуге болады ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет