Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістері


Лекция № 3 Бөлшекті және жүйелік талдау



бет3/35
Дата17.10.2023
өлшемі265,39 Kb.
#117004
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістер-emirsaba.org

Лекция № 3
Бөлшекті және жүйелік талдау
Лекцияның жоспары:
1. Бөлшекті және жүйелік талдау.
2. Жеке және жалпы аналитикалық топтық реакциялар, топтық реагенттер.
3. Жасырын түрде басқа иондарды анықтауға кері әсерін тигізетін иондарды тұрақты комплексті қосылыстарға түсіру.
Аналитикалық тәжірибеде талдаудың екі түрі бар: бөлшектік (жеке) және жүйелік. Анализ барысында кей жағдайларда арнайы реакцияларды пайдаланып сәйкес ионды анықтауға болады. Мысалы, сілтінің қатысында қоспаны қыздырғанда аммиактың бөлінуі арқылы аммонийдің тұздарын анықтау.
NH4+ + OH- → NH3↑ + H2O
Бұл реакцияға қоспадағы басқа аниондар және катиондар бөгет жасамайды. Және де бұл реакцияны алдын-ала өңдемей-ақ басқа топтардың катиондарын тұнбаға түсірмей-ақ анализдің басында болсын, аяқ жағында болсын жүргізе береді. Анализдің мұндай түрін бөлшектік (жеке) талдау әдісі деп атайды. Арнайы реакциялар болмаған кезде бөлшектеп ионды анықтау мүмкін болмайды. Бұл кезде талдауды жүйелік әдіс бойынша рет-ретімен орындайды (жүйелік талдау әдісі). Оның мәнісі - әрбір анықталатын ионды оған бөгет жасайтын иондарды бөлген соң ғана сәйкес реакцияның көмегімен анықтайды.

Иондарды жүйелік талдау барысында қоспадан бір-бірлеп емес, топ-тобымен бөліп анықтайды. Ол үшін топтық реагенттерді пайдаланады. Сондықтан мұндай реакциялар топтық реакциялар деп аталады. Топтық реагенттерге келесі талаптар қойылады: топтық реагент катиондарды мүмкіндігінше толық тұнбаға түсіруі керек, яғни, катионның тұндырған соңғы ерітіндідегі концентрациясы 10-6 г-ион/л жоғары болмау керек; алынған тұнба онымен ары қарай анализді жалғастырып жұмыс істеу үшін, яғни жеке реакцияларды орындау үшін қышқылдарда еруі керек; топтық реагенттің артық мөлшері ерітіндіде қалған иондардың анықталуына бөгет жасамауы керек. Мұндай талаптарға қанағаттанарлық реагенттер өте аз.


Жасырын түрде басқа иондарды анықтауға кері әсерін тигізетін иондарды тұрақты комплексті қосылыстарға түсіру. Анализ барысында бір ионның анықталуына екінші ион бөгет жасайды. Мұндай жағдайларда бөгет жасаушы ионды кешен түрінде байлап, сәйкес еріткішпен экстракциялайды. Соңынан анықталып жатқан ионның бар немесе жоқ екенін ерітіндіден анықтайды. Мысалы, темірдің катиондары кобальттың, титанның, ал мыс катионы кадмийдің анықталуына бөгет жасайды. Темірдің катионын лимон немесе шарап қышқылын қосып кешен түрінде байлайды.
Бақылау сұрақтары:

1.Жеке және топтық реакциялардың айырмашылығы ?


2.Жүйелік талдау әдісін қандай жағдайларда қолданады ?
3.Топтық реагенттерге қандай талаптар қойылады ?
4.Кешендердің көмегімен анализ жасау әр уақытта тиімді болып саналады ма ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет