Лекция 2 Аутизмді топтастыру 1943 жылы доктор Л.Каннер алғаш рет бала аутизмін психикалық дамудың жеке бұзылысы ретінде ерекшеледі. Ол бала дамуындағы ауытқушылықтың ереке түрін сипаттап, оны ерте жастағы бала аутизмі (Каннер синдромы) деп атады, оның байқалуының негізгі түрлері:
айналасындағы адамдармен эмоциялық қарым-қатынасты орнатудағы үлкен қиындықтар;
тәртіптің қайталанатын, бір текті түрлерін үнемі қайталай беруге талпыну;
белгілі бір объектілермен іс-әрекеттерге қатты берілу;
сөйлеу тілін меңгеру мүмкіндігінің сақталғанымен, сөйлеу тілінің болмауы (мутизм) немесе сөйлеу тілінің адамдармен қатынаста пайдаланбауы;
басқа салаларда танымдық қабілеттерінің жақсы болуы.
Л.Каннер бұл бұзылыстар ерте, 2,5 жасқа дейін байқаладаы деп есептеді, бұл кейіннен аутизмнің балалардың психикалық дамуының туа біткен және ерекше бұзылыстары деп айтуға мүмкіндік туғызды.
Бұдан кейінгі жылдар бойы да бала аутизмінің проблемаларымен әр түрлі елдерде жұмыс жүргізілуде; бала аутизмінің шығу тегі мен ерекшеліктері туралы әр түрлі ғылыми болжамдар мен пікірлер айтылды. Қазіргі кезде көптеген елдерде «бала аутизмі» аңғарымын қойғанда ауруларды халықаралық жіктеу диагностикалық сындықтары (МБК-10) пайдаланылады.
Осы жіктеуге сәйкес бала аутизмі – бұл сан қырлы (жалпы, барлық жерге кіретін, көптеген) бұзылыстарға жататын, психологиялық дамудың өзіндік бұзылысы. Аутизмдегі әр түрлі ауытқушылықтардың арасынан бала аутизмінің синдромыныңы негізгі жәнее міндетті үш белгісін ерекшелейді:
1. қарым-қатынастың сапалы бұзылыстары;
2. әлеуметтік өзара әрекеттестіктің сапалы бұзылуы;
3. тәртіптің стереотиптік түрлері.
Сондай-ақ МБК-10-да бұзылыстың міндетті түрдегі ерте басталуы (сәби жастағы немесе ерте жастағы), биологиялық шығу тегі (орталық жүйке жүйесінің органикалық жетіспеушілігіне байланысты) және психикалық бұзылыстарға тән ремиссиясыз және асқынусыз тұрақты ағымы көрсетіледі.
Бала аутизмінің синдромын әр үрлі психикалық аурулардың (қояншық, психопатия, аффективті бұзылыстар және т.б.)белгілері ситы аутизмнен де шектеу керек.
Бүгінгі күні бала аутизмі синдромдары ерекше болмайтын әр текті топ ретінде қарастырылады. Олардың арасынан ерекшеленетіндер: әдеттегі («класссикалық») аутизм – Каннер синдромы, Аспергер синдромы мен аутистік бұзылыстар – қалыптан ауытқыған аутизм, аутистік синдром және т.б. Соңғылары басқа аурулардың аясында байқалады және оларда әдеттегі бала аутизмінің синдромдарының толық жиынтығы болмауы да мүмкін, бірақ бұл балалардың психикалық дамуының бұзылыстарының құрылымы жалпы болғандықтан, олармен жүргізілетін түзету жұмысының негізгі бағыттары да жалпы болып қалады.
Бала аутизмі психиканың барлық жақтарындағы: танымдық және эмоциялық аймақтағы, сенсорлық және моторлық дамудағы, сондай-ақ жоғары психикалық қызметтердің, еркін тәртіптің, сананың және тұлғалық қалыптасуындағы бұзылыстарда байқалатын дизонтогенезді білдіреді.
Балалардағы аутизм бұрмаланған (асинхрондық) даму ретінде сипатталады, бұнда психикалық дамудың жеке жақтарының бірі уақытында, екіншісі алға кетіп, ал үшіншісі дөрекі тежеліспен дамуы мүмкін, сонымен бірге олардың дамуы қалыптыларға да, тежелген онтогенезге де дәл келмейді. Аутист балаларда зерде және аффективті дамудың диспропорциясы, бір саладағы жетістіктің басқалардың дамымауымен үйлесуі байқалады.
Психолог О.С.Никольскаяның пікірі бойынша аутистік дамудың бұрмалаушылығы «қабылдаудыңкүрделі формалары, қимылдағы икемділік, сөйлей білу мен көп нәрсені түсіну қабілеті кездейсоқ байқалған кезде де, бала өзінің мүмкіндігін шынайы өмірде, қоршағандармен өзара іс-әрекетте пайдалануға тырыспайтындығынан да байқалады. Бала аутизмінде дамудың қалыпты даму жолы жай ғана бұзылмайды немесе тежелмейді, ол қатты бұрмаланып, басқа жаққа қарай кетеді» (О.С.Никольская. 1997).
Аутист балалардың әр түрлі әлеуметтік қызметтен алынған ақпарат пен дағдыларын үйлесімді түрде пайдалана білмеулері олардың ең негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Сонымен бірге мұнда егер аутистік өзіндік бұзылыстар баланың жасы келе тегістеле бастаса, ал әлеуметтік өзара іс-әрекет, оның икемсіздігі, жағдайды түсінбеуі, еркін тәртіп пен қызметтің жоғары түрінің бұзылыстары айқын байқала бастайды (О.С.Никольская және т.б., 1998, 2005).
Аутизмде ақыл-ой дамуының қандай да бір деңгейі болуы мүмкін, бірақ шамамен төрт жағдайдың үшеуінде (70%) ақыл-ойдың дамымауы байқалады. аутист балалардың тек 25% ғана зерде нормасының төменгі шегінің көрсеткіштеріне жетеді. Бірақ көптеген аутист балалардың зерде мүмкіншіліктері жақсы деңгейде болып, қандай да бір салаға қатысты қабілеті жоғары болуы да мүмкін.
Бала аутизмінің клиникалық суреті онтогенез үдерісінде үнемі өзгеріп тұрады. Ерте жаста анық байқалған аутистік белгілердің көбі кейіннен ыдырап, ерекшелігі көмекскіленіп, жоғалып кетуі мүмкін. Аутист балалардың бір бөлігінде психикалық даму үдерісінің қалпына келуін бақылауға болады.
Жоғарыда айтқандай, қазіргі кезде аутистік пробелмалары бар көптеген балаларда аутизмнің барлық белгілері емес жеке белгісінің байқалатыны анықталды. Бала аутизмін диагностикалау және кеңес беру тәжірибесінде аутистік бұзылыстардың келесі анықтамаларын пайдалану қабылданды: