Лекция №1 Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәніне кіріспе



бет14/33
Дата06.04.2022
өлшемі344,42 Kb.
#30094
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
Президент - мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, барлық битлік органдарының келісімжді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар президент Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады.Ол 18 жастан асқан азаматтардың жалпы және құпия дауыс беруі арқылы 5 жылдық мерзімге сайланады.

Президенттің өкілеттілігі:



  • жоғарғы бас қолбасшы болып табылады;

  • президенттің бұйрықтары мен қаулылары заңды күшке ие;

  • парламентті таратуға құқылы;

  • референдумдар мен парламентке сайлауды бекітеді және парламент сессияларын шақырады;

  • парламент қабылдаған заңдарға қол қояды және оларды қайта талқылауға жібере алады;

  • парламент келісімімен премьер-министрді және премьер-министрдің ұсынысы бойынша үкімет мүшелерін тағайындайды;

  • парламент келісімімен Ұлттық банктің төрағасын, бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитеттінің төрағасын қызметтеріне тағайындайды;

  • дипломатиялық өкілдіктердің басшыларын, жоғарғы әскери басшыларды және Есептік комитет мүшелерін тағайындайды;

  • үкімет пен жергілікті билік органдарының қаулыларының күшін жоя аладым;

  • мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді;

  • халықаралық келіссөздерді жүргізеді және келісімшарттарға қол қояды;

  • төтенше және әскери жағдайды енгізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет