Индустрияландырудағы жумысшылар еңбегі Қазақстан өнеркәсіп орындарына Мәскеу, Ленинград, Донбасс т.б. ірі өнеркәсіп орталықтары мен жұмысшы топтары көмек көрсетті. Жаңа техниканы меңгеріп, жаңадан салынған өнеркәсіпте істейтін мамандарды даярлау керек болды. Бұл үшін көптеген қазақ жұмысшылары кәсіби білім алу үшін Мәскеу, Ленинград, Донбасс, Баку өнеркәсіп орындарына жіберілді. Алғаш Түркісіб құрылысына қара жұмысшы ретінде қатысқан Д. Омаров кейіннен Түркісіб бастығы, ал Т.Қазыбеков «Қазақ көлік кұрылысы» тресінің бастығы болды. Жаңа техниканы меңгеру барысында Донбасс забойшысы А.Г. Стахановтың рекорды насихатталды. Стахановтың қазақ жеріндегі ізбасары Қарағанды кеншісі Түсіп Күзембаев болды. Сәфи Өтебаев, Мелдебек Сағымбеков, Ахметжан Сафин, Зағира Табылдинова - Қазақстандағы индустрияландыру ісінің үздіктері. Лекция №11-16 Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында
Жоспар:
Әдебиеттер:1.Күзембайұлы А. Абиль Е.А. История Казахстана. Учебник для Вузов.7-е изд. Перераб. и доп.- СПб, “Соларт”. 2004 2..А.Қошанов., К.Алдажұманов, академик М.Қ.Қозыбаев. // Мерейтойлық жинақ Алматы “Атамұра” 2001 3.Ж. Балтабаева Зауыттар неге жасырын ұсталды // Қостанай таңы 04.02.2005.
7. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы. Соғыс жылдарында экономиканы соғысқа бейімдеу мақсаты мен КСРО Ғылым академиясы жанынан «Орал, Батыс Сібір, Қазақстан ресурстарын қорғаныс қажетіне жұмылдыру жөніндегі комиссия» кұрылды. Комиссия құрамында А.А. Байков, В.Л. Комаров, В.К. Обручев сияқты ғалымдар болды. Сонымен қатар Қазақстан жерінде Л.С. Берг, С.Н. Бернштейн, Н.Д. Зелинский, Л.И. Менделынтан, А.Н. Бах т.б. академиктер жұмыс істеді. Академик А.С. Орлов соғыс жылдарында орысша-қазақша сөздік кұрастырып, «Батырлар жыры» атты ең-бек жазды. Алматыға майдан өңірінен 20-ға жуық ғылыми-зерттеу мекемесі көшіріліп жұмыс істеді. КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы да соғыс мұқтажына жұмыс істеді. Майдан қажетіне байланысты сирек металды зерттеу ісінде Қ.И. Сәтбаев көп еңбек сіңірді. 1942 жылы Қ.И. Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарын зерттеу еңбегіне байланысты Мемлекеттік сыйлық берілді. Қазақстанда орналасқан Москва авиация, алтын және түсті металдар институттары, Киев университеті ерекше екпінді еңбек етті. Соғыс жылдарында Қазақстанда ашыл-ған жоғары оқу орындары: Алматы шеттілдер институты, Шымкент технология институты, дене шыныктыру институты т.б. 90-ға жуық ақын, жазушы майдандағы жауынгерлер қатарында болды. Соғыс жылдарында Ж. Жабаев «Ленинградтық өренімді», Ж. Саин өлеңдер жинағын, Қ. Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңызды», С. Мүқанов «Өмір мектебін», М. Әуе-зов «Абай» роман-эпопеясының I кітабьш жазды. А. Толстой Қазақстан жерінде болғанда, «Иван Грозный» кітабын жазды. Майдан өңірінен Қазақстанға 23 көркемөнер ұйымы көшірілді. 1941 жылы Қазақстанға «Мосфильм», «Ленфильм» киностудиялары көшіріліп әкелінді. Бұл киностудиялар Алматы киностудиясымен бірігіп, екі жыл ішінде 23 кинокартина түсірді. Олардың ішінде «Партизандар», «Екі жауынгер», «Георгий Сакадзе» сияқты танымал кинокартиналар бар. Соғыс жылдарында Алматыда актерлерді даярлайтын бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институты жұмыс істеді. Киностудиялар М. Әуезов, Г. Мүсірепов т.б. жазушылардың көмегімен «Абай әндері», «Жауынгер ұлы», «Саған майдан», «8-гвардиялық» сияқты картиналарды түсірді. Қазақстанда құрылған 11 концерт бригадасы майданда өнер көрсетті. Соғыс жылдарында ғылым мен мәдениет майдан кажетіне осылай аянбай қызмет етті.