2.ЖЭС жылдарында Қазақстан экономикасы. Ең алдымен салық мелшері жеңілдеді. Мысалы, 1927-1928 жылдары өнімнің 1/ 13-і салықретінде алынды, салықтың ауыртпалығы байлардың мойнына түсті. Салықтан жиналған қаражат ағарту, мәдениет, өнеркәсіп салаларынат.б. жұмсалды. Мемлекет халыққа ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға көмектесті. Мысалы, 1924-1925 жылдары 415 трактор сатып алынды. Қазақстанның егістік көлемі 1928 жылы 4 млн гектарға жетті. 1928 жылы мал саны 41 млн болды. ЖЭС нәтижесінде республикада 650 ауыл шаруашылық артелі мен 103 коммуна жұмыс істеді. Өнеркәсіп саласында да біраз өзгерістер болды. Республикада аса ірі «Атбасцветмет», «Эмбанефть», «Алтайполи-металл» трестері күрылды. Олардың құрамына республиканың ірі енеркәсіп орындары кірді. Өнеркәсігггі қалпына келтіру кезеңі республикада 1928 жылы аяқталды. Қазақ Кеңес мемлекетін құру үшін қазақжерлерін бір республикаға біріктіру қажеттілігі туды. 3.Өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы. 1920 жылы 7 шілдеде Орынбор қаласы Қазақстан қүрамына енгізілді. 1920-1924 жылдары Орынбор қаласы Қазақ АКСР-ның астанасы болды. 1920 жылы 9 тамызда БОАК мәслихатында Қазақстан территориясы туралы мәселе қаралды. Сонымен Қазақ АКСР қүрамына кірген жерлер: Семей облысы - Өскемен, Семей, Зайсан, Павлодар, Қарқаралы уездері; Ақмола облысы - Көкшетау, Ақмола, Атбасар, Петропавл уездері; Торғай облысы - Қостанай, Ырғыз, Торғай, Ақтебе уездері;
Орал облысы - Гурьев, Ілбішін, Темір, Орал уездері;
Бөкей Ордасы, Маңғыстау уезі - Красноводск уездерінің Адай болысы, Астрахань губерниясының бір бөлігі.
Қазақстанның оңтүстік өңірінің қазақ мемлекетіне қосылуы кеп үзамай аяқталды. Қазақстан құрамына кірген жерлер: Сырдария облысының Ақмешіт, Түркістан, Қазалы, Шымкент, Әулиеата уездері, Ташкент, Мырзашөл уездерінің біраз жерлері; Жетісу облысының Алматы, Лепсі, Жаркент, Қапал уездері. Республика жер көлемі 2,7 км2. Республика халқы 5 млн 230 мың адам. Республика халқының 61,3%-ы қазақтар болды.