Лекция 1 Кіріспе. Жоспар


Әдістемелік ерекшеліктері



бет7/53
Дата27.12.2023
өлшемі0,6 Mb.
#144488
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
Байланысты:
Лекция гимнастика

4. Әдістемелік ерекшеліктері.
«Гимнастика» сөзі алғаш рет Ертедегі Грецияда б. з. д. VIII ғасырда Эллин (көне грек) мәдениеті дәуірінде пайда болды. Көне гректерде дене шынықтыру жаттығулары «гимнасия» деген атпен арнаулы мектептерде өткізілді. Бұл жаттығулар жалаңаш күйде орындалады. Осыдан келіп «гимнас» (жалаңаш) сөзі дүниеге келді. Ертедегі Грецияда сол кездің өзінде-ақ дене шынықтыру жаттығуларымен әрқандай мақсатта айналысты. «Агонистика» деп аталатын жаттығулар кешені жарыстарға дайындалуға жақсы көмектесті, ал денені жалпы дамыту үшін пайдаланылған басқа кешендер «гимнастика» деп аталды.
Әр түрлі жастағы жаттығушыларды, гимнастикалық жаттығуларды кең көлемде пайдалануы жоғарыда аталған ерекшелікті дәлелдейді.
XXI ғасырда - адамға жоғары талап қойып отырған ең жаңа деген технологиялардың толассыз алмасуы ғасырында өзінің психикалық, дене тәрбиелік мүмкіндіктеріне байланысты өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы екінші өзекті мәселеге айналып отыр.
Мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларының денсаулығын зерттеудің қорытындылары олардың көпшілігінің созылмалы сипаттағы әр түрді аурулармен ауыратынын көрсетіп отыр. Көбінесе балаларда бірнеше ауру қатар кездеседі. Осының салдарынан дәрігерлер мұндай балаларды дене тәрбиесі сабағынан босатуға мәжбүр, сондықтан балалардың өзінің қоршаған ортаға бейімделуіне мүмкіншілік аз болады.
Білім беру мен тәрбие жүйесіне оқушылар ғана бейімделіп қоймайды, бағдарлама да оқыту және тәрбиелеу әдістемесі де баланың талаптары мен қабілеттілігіне сай келіп, оның білім алу мен өз денсаулығын сақтауға еріктілігі мотивациясын қалыптастыруы керек.



  1. Гимнастика түрлері - қысқаша сипаттамасы міндеттері мен құралдары.

Дене тәрбиесі жүйесінің даму кезеңінде гимнастиканың міндеттері анықталып және олардың түрлері белгіленеді.
1. негізгі гимнастика
2. қолданбалы гимнастика
- спорттың гимнастика;
- көркем гимнастика;
- өндірістік гимнастика;
- ырғақты гимастика;
- емдік гимнастика;
3. акробатика;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет