Лекция №1 Корея әдебиеті


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



бет11/28
Дата14.10.2023
өлшемі221,14 Kb.
#114217
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
Шығыс халықтарының әдебиетінен дәрістер

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



  1. Корей әдебиетіндегі жаңдану кезеңінің тарихтағы орны.

  2. Қалыптасу кезеңі қамтыған өзгерістерге тоқталыңыз.

  3. 1945-1950 жылдар аралығындағы корей әдебиеті көтерген тақырыбы.

  4. Модернисттік ағымның корей әдебиетіндегі бөлінуі, жазушылардың ұстанымдары.

  5. Корей поэзиясының жаңашылдығы.



Лекция № 1


Қытай әдебиеті
III-XIII ғ. аралығын қамтитын уақыт кезеңіне көршілес жатқан Қытай, Корей, Жапон, Вьетнам сияқты Шығыс Азия халықтары арасындағы мәдени, нақтырақ айтсақ, әдеби байланыс­тар тән. Батыс елдерінің тарихында грек және рим мәдениеті қаншалықты маңызға ие болса, корей, жапон, вьетнам халықтарының өмірінде де ежелгі қытай мәдениеті сонша­лықты маңызға ие. Қытай тарихы мен поэзиясы Шығыс елдеріндегі осы халықтардың ортақ мақтанышы мен жетістігіне айналады. Бұл халықтардың мәдениетін Қытайдан осы елдерге әр түрлі уақыт аралығында келген иерог­лифтік жазу біріктіреді. Мысалы, Кореяға б.з. І ғ. бастап келген Хамнун, б.з. Y ғ. корей халқы арқы­лы Жапонияға келген камбун, Х ғ. бастау алған әлемге танымал вьетнам поэзия­сын атап өтсек болады. Бұл халықтардың тарих және поэзия саласындағы алғашқы жазу ескерт­кіштері де иерог­лиф­пен жазылған деп есептелінеді. Осылайша, хамнун, камбун, ханван жазуларын белгілі бір дәуірдегі ұлттық мәдениеттің органикалық бөлігі ретінде қарас­ты­ру дұрыс.
Ортағасырлық Шығыс халықтары бір-бірімен үздіксіз байла­ныста болған. Бұл елдердің сауда және мәдени қатынастары тек Шығыс Азиямен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар Үндістан мен Батыста, ал Тан әулеті кезінде тіпті Византияда да өз бастауын тапқан. YII ғ. 30 жылдарында Қытайға бұған дейін Үндістанмен байланыс орнатқан Тибеттен елшілік келеді. Оңтүстік Қытай­дағы Гуанжоу қаласында араб саудагерлерінің колониясы болған. X-XIII ғ. қытай халқы елуге жуық елмен сауда байланыстарын орнатады. Тіпті елдің солтүстік және батыс шекара­сын­да түрік­термен болып жатқан үздіксіз соғыстардың нәтижесінде қытайлар түркі мәде­ниеті, салт-дәстүрімен танысады.
ІІІ ғ. құлиеленушілік құрылыстағы Хань елінің құлауы кезінде қытай қоға­мы­­ның тари­хында ортағасырлық дәуір бастау алады. Соңғы шегі ХYІІ- ХYІІІ ғ. сәйкес келетін Қытай орта ғасырда­ғы әлі көптеген зерттеулер мен жаңалық­тарды қажет ететін алып мәде­ниеттерді қамтыған.
Мыңдаған жылдар бойы халықтар арасында соғыстар болға­нымен, Қытай халқы өз мәдение­тін сақтап қалады. XIX ғ. дейін Қытайды жаулап алушы халықтар оның мәдениетіне таңырқай қа­рап, сол халықпен сіңісіп, бірге өмір сүреді. Олардың барлығы Қытайды жаулай отырып, қы­тай мәдениетін толығы­мен үйрене бастайды.
Осы мәдениет пен Қытай мемлекетінің негізінде өзін «Алтын ғасырлар» дәуіріндегі дәстүр­лер­дің жалғастырушысы деп жарияла­ған Конфуций ілімінің идеялары жатыр. Конфу­ций ілімі сол кезде халықтың санасына сай келіп, адамға өмірдің ең дұрыс жолын (Дао) сілтеді. Конфу­цийдің түсінігі бойынша, адам өзін биік дәрежеге көтеру үшін, белгіленген міндеттерге сүйену керек, ол міндеттер білімділікке, парасаттылыққа, кішіпейілділікке және де әділ болуға жете­лейді. Конфуций ілімі халықтың өміріне, ойлау қабілетіне, қытай халқының мәдениетіне, ал I-IІ ғ. бастап ресми мемлекеттік дініне айналады. Ол алдағы тарихи кезеңдерде көптег­ен өзгерістерге ұшырап отырған.
Конфуций ілімі адамгершілік негіздегі рухани оқу ретінде буддизм мен даосизмнен тыс жеке өмір сүрмеген. Конфуций ілімін ұстанған адам бір мезгіл­де буддизм немесе даосизм заңдылық­тарын да ұстана алатын. Осы «үш оқу» негізінде қалыптасқан орта ғасырдағы адамның дүниетанымы, ең алдымен, қытай, кейін корей, жапон және вьетнам әдебиеттерінде толығымен көрініс табады.
Жалпы, қытай халқы ерте дәуірдің әдебиетін қадір тұтқан. Ерте дәуірдегі Қытайдың атақты ақындарының бірі Тао Юань-мин. Оның ІІІ ғ. Цао Чжи, Жуань Цзи, Цзо Сы сияқты заман­дастары қытай поэзиясының дамуына өз үлес­терін қосқан. Халық әндерінен бастау алып, ортаға­сырлық қытай поэзиясынан орын алған бес сөзді өлеңді әлемнің жаңа көркем көрінісі ретінде поэзияның өмір­ге келуі, бір сөзбен, қоғамдық дамудың белгісі ретінде қарастырған жөн.
Конфуций ілімі дидактизм ежелгі дәуірдің ортағасырлық қытай поэзиясының адамгер­ші­лік қасиеттері мен оның авторының адамгершілік бейнесімен ұдайы араласуын негізгі шарт етіп қойған. Конфуций өз замандастарын ежелгі дәуірдің әдеби мұрасын сақтап, ұрпақ­тан-ұрпаққа еш өзгертусіз жеткізуді үйретеді. Яғни, әрбір жеткізуші нақты жылдар мен оқиға болған жерді, оған қатысушы­лардың есімдерін дәл айту арқылы өзіне дейін жеткен мәліметтерді ойдан шығармай, нақты дәлелдермен айтып отырғанына сенімді болады. Осы жерден ақын пен қоғамның күнде­лікті өмірдегі шынайы жағдайларымен тығыз байланысты қытай поэзиясының өмірбаяндық және «күнделік» жанрлары қалыптасады.
Тіпті YІ ғ. өзінде-ақ Қытайда әлемді қабылдауға байла­ныс­ты кең ауқымды әрі тамыры терең жайылған поэзия мен оған түсінік беретін трактаттар да болған. Цао Пи (ІІ-ІІІ ғ.) ақынның еншісіне кіретін осындай шығарма­лар­дың алғашқыларында жазба өнерінің өмір­шеңдігі туралы айтылған.
Келесі ғасырларда Қытайдың орта ғасырлар тарихында Тан және Сун әулеттері білімге баса назар аударады. Тан әулеті кезінде ақындардың әлеуметтік жағдайы мен қоғам­дық орны арта түседі. Ақын­дардың өздеріне аударған назарлары жалпы адамзаттың тағдырына және елде болып жатқан күй­зе­ліске деген үн қату болатын. Олардың бірі ретінде көтерілісші Ань Лу-шаньды атап өтсе бола­ды. 755 ж. әскери наменгер Ань Лу-шань көтеріліс ашып, елге сансыз бақытсыздық пен қайғы-қасірет әкелген соң ғана, 763 ж. жатжерлік әскердің көмегімен басылады. Бұл көтеріліс Ли Бо, Ду Фу мен Ван Вэй секілді ұлы ақындардың тағдырларына әсер етіп, поэзияда азаматтық тақы­рыптың күшеюіне өз ықпалын тигізеді.
Қытай тарихында YІІІ ғ. 80 жылдар жазда және қыста жина­ла­тын екі еселенген салық арқы­лы есте қалған. Шаруалардың кедей­ле­не бастауы мен жердің көп бөлігінің феодалдар қолына өтуі Бу Цзюй, Хало Юя және Лю Цзун-Юань сияқты ақындардың шығармаларында айқын көрініс тапқан. Осы­лай­ша, поэзия бұқара халықтың қорғаушысына айналып, ортағасырлық Қы­тай­да поэзия­ның адам өміріне жақын болғандығының дәлелі болады.
874 ж. бастап 901 ж. дейін жалғасқан Хуан Чао бастаған көте­рі­лістен, шаруалар соғысынан кейін 907 ж. Тан әулеті ыдырайды. Қытай алдағы 300 жыл бойы Сун әулетіне бағынады. Сун әулеті кезінде көптеген шаруалардың ірі жер иеленушілерге тәуелдігі артуы­мен қатар қоғамдағы зиялы қауымның да маңызы арта түседі. 1127 ж. елдің үштен бір бөлігінен көбін жаулап алып, оларды оңтүстікке қарай ығыстырған чжурчжэндер арқылы Сун әуле­тін­дегі тыныштық өмір мен бейбітшілік бұзылады. Елде болған жағым­сыз жағдайлар мен қасіреттер халықтың рухани өмірін түбегейлі өзгертпей, тек басқа арнаға бұрады. Әдебиетте басты маңыздылыққа Отан тақырыбы ие болады. Өзінің көлемі бойынша ауқымды болып келетін Сун поэзиясы адам өмірінің барлық қырын сипаттайды. Осы уақытта қытай поэзиясы жоғары сатыға көтеріледі. Шығар­маларда адам тақырыбы мен тұтас қоғам туралы жиі айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет