Лекция №1 Корея әдебиеті



бет7/28
Дата14.10.2023
өлшемі221,14 Kb.
#114217
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
Шығыс халықтарының әдебиетінен дәрістер

Ан Су Гиль өзінің шығармашылығын «Қызыл Крест емханасының дирек­то­ры» және «Қызыл орамал» деп аталатын қысқа екі оқиғаны жарыққа шығару­дан бастайды. Кореяның азат­тық алуынан кейін оңтүстікке көшіп келіп, «Үшін­ші адам» атты еңбегінде соғыс ке­зіндегі қала өмірін суреттейді. Шығармада соғыстан кейінгі елде орын алған әлеуметтік бей-берекетсіздік пен қоғамдық тәртіпсіздіктен туындаған түрлі қыншылықтар көрсетілген.
Ха Гын Чан өз шығармашылығын 1950 ж. бастап, «соғыстан кейінгі ақындар легіне» жататынына қарамастан өз замандастарынан мазмұны мен стилі жағынан ерекше­леніп, халық арасында жоғары бағаланған. Оның «Екі ұрпақтың азабы» атты романында екі тарихи кезең қамтылған: біріншісі – 1950 ж. 25 маусымындағы Азамат соғысы, екіншісі – Екінші дүние­жү­зілік соғыс. Шығарманың бас кейіпкерлері Пак Ман До ұлымен бірге соғыс зарда­бын тартқан адамдардың арасында өмір сүреді. Ол жапон басқыншылығы кезінде бір қолы­нан айырылса, ұлы Чин Су 1950 жылғы соғыста бір аяғынан айырылады. Романда тек бір отбасының қасіреті емес, бүкіл халықтың тағдыры, қоғамда орын алған әлеуметтік қайшы­лық­тар туралы жазылады.
Сон Чанг Соб өз шығармашылығын ХХ ғ. 50 ж. бастап, өмірдің келеңсіз тұстарын бейнелеген көптеген тамаша қысқа оқиғаларды жарыққа шығару арқылы ел арасында таны­мал болады. Оның 1958 ж. жарыққа шыққан «Қалдық адам» шығармасында соғыстан кейінгі қоғамнан алашақтаған белгілі бір адамдардың тобы бейнеленеді. Сон Чанг Соб өзінің «Демалыс күні», «Жауынды күн» және т.б. шығармаларында адам мен оның психологиясын шебер көрсете білген. Ол 50-ші жылдары қоғамда орын алған оқиғаларды баяндап, ерекше тұлғаның бейнесін жасайды. Шетелдік ағымдар корей әдебиетіне өте баяу енеді. АҚШ-тың соғысқа қатысуы арқылы енген АҚШ әдебиеті мен мәдениеті 50-ші жылдардағы корей прозасында маңызды орынға ие болады. Сонымен қатар осы кезеңдегі әдебиетке батыс әдебиеті, оның ішінде экзистенциализм мен психологизм өз әсерін тигізеді.
Осы кезеңдегі әдебиетте адам санасының бұзылуы, жаппай тәртіпсіздікте өмір сүрудің мәнсіздігі, босқа өткен уақытқа өкініш көрсетіледі. Адам болмысы, оның мәні әдебиетте үлкен маңыздылыққа айналады. Аталмыш тақырыптар Пак Енг Дюнаның «Енчо аралының жағалауындағы су», Сонг Бенг Судың «Жеке бекініс», «Кішкентай Ким», «Сенім», Хонг Санг Вонның «Д-дейдегі казарма» атты шығармасында сөз болады. Сонымен қатар Ким Сонг Ханның «Пабидо», О Санг Вонның «Қастандық», Сон Хваның «Террорист», «Ұшқын», Со Ги Вонның «Контурлы географиялық карта», Пак Кенг Лидің «Сенім­сіздік мерзімі», «№ 213 пәтер», И Хо Чольдің «Жарылыс» атты шығарма­ларында жеке тұлға мен қоғамның арасындағы қайшылықтар, тағдыр тәлкегіне түскен адамдардың өмірі, адам мен оның әрекеттері туралы айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет