Лекция №1 Корея әдебиеті



бет17/28
Дата14.10.2023
өлшемі221,14 Kb.
#114217
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Байланысты:
Шығыс халықтарының әдебиетінен дәрістер

Токунага Сунао өзінің соғыстан кейінгі шығармашылығын «Тыныш ұйықта, әйел!» («Цума е нэмурэ», 1946) атты повесімен бастайды. Бұл шығар­ма­да оқиға бас кейіпкердің атымен баяндалып, оның естеліктері негізінде жазылады. Бас кейіпкер «қараңғылық дәуі­рінде» көп қиыншылықтарды басынан өткізіп, марқұм әйелі Тосиомен бірге өлім үрейін де сезінеді. Соғыс қорқынышын өздері де көрген халық бұл повесті асқан сезімталдықпен оқып, шығарманы жоғары бағалайды. Бас кейіпкердің әйеліне деген шексіз махаббаты оқырман­ның жүрегіне әсер етпей қоймайды.
1948 ж. ортасына қарай жапон халқы Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуынан үрейлене бастады. Соғыстан кейінгі «Азат ету сезімі» жоққа айналады. Тохо кинокомпания­сын­дағы көтеріліс кезінде қаруланған полиция қызметкерлерінің жұмысшыларға қарсы шы­ғуы сияқты ішкі қайшылықтар орын ала бастайды. 1948 ж. маусым айында жапон мәдениетін қорғау қоғамы мәдени қайраткерлерді жаңа соғыс қаупіне қарсы күресуге шақырады. Дегенмен «сырттан бақылау» позициясын ұстанған мәдени қайраткерлер фашизмнің қайта жаңғыруына қарсы күресу керек екенін сезіне бастайды. Француз халқының ұлтшылдыққа қарсы күресі туралы жазылған Арагонның шығармалары көптеп аударылады.
Кореяда соғыс басталғаннан кейін үкімет жапон коммунистік партиясы мен Жапонияда өмір сүріп жатқан корейлерді қайта қуғын-сүргінге ұшыратып, әлемдік дағдарысты пайда­лана отырып, әлем тарихын өзгертуге тырысады. Мұндай жағдайларға қарсы тұру қоғамдағы өзекті мәселеге айналады.
Демократиялық бағыттағы әдебиеттің дамуы үшін күрестің басында тұрған жаңа Жапо­нияның әдебиет қоғамына мүше жазушылар, атап айтсақ Фудзимори Сэйкити, Эма Накаси, Нома Хироси мен Токунага Сунао 1950 ж. «Дзиммин бунгаку» журналын жарыққа шығара­ды. Олар қоғамда болып жатқан жағдайларды өткір сынға алып, шаруалар мен жұмыс­шыларға сүйенген «жалпы» әдебиетті құруға шақырады.
1945-1990 жылдар. ХХ ғасырда батыс үлгісімен және Күн шығыс елдерінің дәстүрлі мәдениетімен High-tech синтезі қалыптасады. Экономика, ғылым және мәдениет саласында болған жағдайлар жаңашыл жазушылардың шығармашылығында көрініс табады. Атақты жапон прозаиктері мен ақындары жүздеген жылдар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді қайта жаңғырта отырып, өз шығармашылығында америкалық ғылыми фантастика мен фран­цуз экзистенциализм бағытындағы романдардың типологиялық үлгілерін, сонымен қатар орыс классикалық романдарына тән психологиялық талдау тәсілдерін қолданады. Көрнекті жаңашыл жазушылардың шығармаларында ұлттық дәстүр мен шетел авторларының тәжіри­белері үйлесімділік табады.
ХХ ғ. басында жапон әдебиетінде әлемдік атаққа ие болған жазушы Акутагава Рюноскэ­ның (1892-1927) қайғылы жазылған шығармалары Ф.Кафканың новеллаларын еске түсіреді. Ол орыс әдебиетін жақсы білген, Н.В.Гогольге жақын болған. Мысалы, «Мұрын» әңгімесінің атауы да, онда орын алған жағдайлар да бір-біріне сәйкес келеді. Бірақ Акута­гава­ның кейіпкері мұрнын жоғалпайды, керісінше оның мұрны адам сенгісіз мөлшерге дейін өседі. Жазушы өзінің таңғажайып әңгімелерінің сюжетін ортағасырдағы жапон және қытай ескерткіштерінен алған. Оның атақты «Расёмон қақпасы» (1917) новелласы ХІ ғ. «Бағзы заманғы повестерден» бастау алады. Жұмысы жоқ жалшы аштықтан өзі сияқты кемпірдің заттарын ұрлайды.
Автордың «Борсық» новелласы адамға айналып кеткен борсық туралы аңызға негіз­де­ліп жазылған. Бірақ Акутагаваның шығармасында керісінше адам борсыққа айналып кетеді. Барлығы мына бір әзілден басталады: кездесуге келмеген бойжеткен қыз сүйіктісінің аяныш­ты жырын естіп, анасына борсық туралы айтып жатыр дейді. Анасы бұған сеніп, көршілеріне айтады. Кейін жыр айтушы борсық туралы әңгіме бүкіл аймаққа таралады, ал будда монах­та­ры бұл оқиғаны бітпес өмір айналымы деп болжайды. Ал новелланың соңында кездесуге кел­ген қалыңдық күйеу жігіттің борсыққа айналып кеткенін көреді.
Сенім, қиял әлемі – Акутагаваның ғажайып шығармашылығының негізі. Шабдалы сүйе­гінен туылған батыр туралы жапон ертегісін пайдалана отырып жазушы өзінің бас кейіпкері Момотароны еңбекқор қарапайым адамдар тұратын түбекті жаулап алушы етеді. «Жапон­дар­дың арасындағы ең күшті» Момотаро жергілікті тұрғындарды қырып-жойып, аман қалғандарды құлға айналдырады. Акутагава өз кейіпкерін күшті батыр әрі ақымақ ретінде суреттейді, ал новелланың соңында кішкентай шайтандар батырды кокос жаңғағынан жасалған бомбамен қорқытады. Акутагава ертегіні саясатпен, ойдан шығарылған оқиғаны тарихи шындықпен байланыстырады. Ол қоршаған ортаны бір уақытта қорқынышты әрі күлкілі етіп көрсете білген. Акутагава жастық шағында әскери училищеде ағылшын тілінен сабақ беріп, қысқа әңгімелер жазып, атақты болуды армандап, әділ әрі аңғырт болған. Атақпен бірге қорқынышта келеді. Жазушы талантынан айырылып қалуынан қорқады. Оның анасы рухани дертке шалдыққандықтан, ол да қауіптене бастайды. Өмірінің соңына қарай талантынан айырылып жатқанын сезініп, ұйқысыздық дертіне шалдығады. Үздіксіз дәрі қабылдап, соңында өз-өзіне қол жұмсайды.
Акутагавамен қатар жапон әдебиетінің атақты ақыны Исикава Такубоку­ды (1886-1912) ерекше атап өтсек болады. Өзінің қысқа ғұмырында ақын өмір бойы кедейлікпен күре­сіп өтеді. Ол жаңа жапон поэзиясының негізін қалап, дәстүрлі жапон лирика жанрында жазады: бес шумақты танка және үш шумақты хокку.
Оның көптеген өлеңдері қайғы-мұңға толы. «Жас», «қайғы» сөздері ақынның лексика­сын­да үнемі қолданысқа түсіп отырады. Ол «ағайындық», «нәзіктілік», «ана», «балалық шақ» сөздерін де жиі қолданған. Жазушы іштей қайғырғанымен, ешқашан болашақтан үмітін үзбей­ді. Исикава Такубоку – нағыз ойшыл және гуманист. Жазушыны жеке басының қайғы­сы­нан гөрі адамзат тағдыры мен халықтың болашағы көп толғандырады. Ол орыс-жапон соғысы кезінде орыс халқы мен оның қаһармандарына құрмет көрсетілген өлеңдер жазады. Оның шығармаларында орыс жазушыларының есімдері де жиі кездеседі. Ғасырдың басында Тургенов, Чехов, Толстой, Достоевский сынды орыс жазушылары жапондықтардың өміріне терең­дей ене бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет