Қожа Ахмет Яссауидің туғанына – 930 жыл Қожа Ахмет Яссауи – суфизм поэзиясының негізін қалаушы, барлық Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі. Ақын, ойшыл, ғұлама 1093 жылы Ясы қаласында дүниеге келген. Ұстазы – Арыстан баб. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани хикмет».
Сұлтан Бейбарыстың туғанына – 800 жыл Қарапайым құлдан, мемлекет билеушісіне дейін көтерілгенМәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны. Тарихқа сүйенсек, Бейбарыстың руы – қыпшақ, ол қазіргі Атырау облысының аумағында туылған. ХІІІ ғасырдың 40-шы жылдарында, Дешті-Қыпшақ мемлекетіне моңғол әскері шабуыл жасап, тұтқынға түскен.
1260 жылы Күтіз сұлтан қайтыс болған соң, Бейбарыс таққа отырады.
Ұлы жүздің биі Төле бидің туғанына – 360 жыл Дулат тайпасының жаныс руынан шыққан Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өңірінде туған. Үш жүзге төбе би болған Төле би өзінің әділдігі мен шешендімен танымал.
Төле би Тәуке ханның, Абылай ханның тұсында ел арасындағы әртүрлі дауларды шешуге атсалысқан.
Бұқар жыраудың туғанына- 330 жыл Бұқар жырау Қалқаманұлы – XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Қазақ жырауы, мемлекет қайраткері 1668 жылдар шамасында туған. Абылай ханның ақылшы, биі болған. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған.
Бұқар жырау шығармалары халықты отансүйгіштікке, бір орталыққа бағынған іргелі ел болуға шақырады.
Қ азақтың ұлы ханы Абылайдың туғанына - 310 жыл Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771 – 1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.
Қазақтың ұлы ханы 1781 жылы қайтыс болып, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.